Мектеп алды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности подготовительной группе
Өткізу күні / Дата проведения:
Тәрбиеші / Воспитатель :Смағұл П.А
Білім беру саласы / Образовательная область: Шығармашылық
Пән / Предмет: Сурет салу
Өтпелі тақырып /Сквозная тема: «Мамандықтың бәрі қажет»
Тақырыбы / Тема: «Бәйшешек гүлі»
:.
Мақсаттары / Цели
1. Тәрбиелік- воспитательная: Қамқорлыққа тәрбиелеу. Шығармашылық қабілеттерін ояту,табиғатты аялай білуге үйрету.
2.Дамытушылық – развивающая: Зейін ес қабілеттерін ,ұсақ қол моторикасын жетілдіру.
3. Оқыту – обучающая : Тірі табиғат гүлдер туралы білімдерін дамыту.
Педагогикалық технологиялар / пед. Технологии: ойын технологиясы, деңсаулық технологиясы, ИКТ
Ресурстармен қамтамасыз ету / Ресурсные обеспечение : қызғалдақ, сарғалдақ, бәйшешек гүлдерінің суреттері, түрлі-түсті бояулар, щетка, дымқыл шүберек, слайд....
Көптілділік : көктем-весна, гүлдер-цветы,
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1.Ұйымдастырушылық кезеңі
Мотивациялық қозғаушылық
(Ғажайыпсәт)
Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы, біз қандай әсем әлемге тап болдық. Айналамыз қандай керемет, әдемі гүлдер. Ал енді осы гүлдерге нұр беріп тұрған күнге қарайықшы. Сол күннен алған жылуды, бір-бірімізге сыйлайық.
2.Негізгі бөлім
Тәрбиеші: Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр,барлығың мұқият тыңдаңдар.
Құлпырса қадірлейді, аялайды.
Қураса сыпырғышқа жарамайды. Ол не?
Балалар:
Тәрбиеші: дұрыс айтасыңдар. Бүгінгі әңгімеміз гүл жайында болады. Сендер гүлдердің Қандай түрлерін білесіңдер?
Тәрбиеші: Дұрыс балалар, мына себеттен өздеріңе ұнаған гүлді алып, белгіленген үстелге орналасыңдар.
Бұлтты айдап желдеткен
Нөсерлетіп желдеткен
Шалшық кешіп ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың?
Тамаша. Көктемнің келгеніне қуанасыңдар ма?
- Қандай көңіл күйде боласыңдар?
Оны мына суреттен көрсетеді. Сиқырлы қаламмен.
- Балалар көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?
Көптілділік: көктем-весна, гүлдер-цветы,
Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрайық
Құлпырған көктем гүлдерін
Есімізге алайық
Бәйшешек, жауқазын, қызғалдақ та өседі.
Оң қолменен асықпай салайық
Қане гүлдің сабағын
Жапырағын сол қолмен
Гүлінде ұмытпай салайық.
Міне, осылай балалар
Жақсылап сергіп алайық.
Тәрбиеші: Балалар гүлдер не үшін керек?
Тәрбиеші: Балалар қазір мен гүлдер туралы қысқаша түсіндіріп өтейін.
- Қызғалдақ – жіңіщке ұзын сабақты, ал қызыл түсті, үлбіреген әдемі дала гүлі, оның отаны – қазақ жері. Қазақстанның табиғатында қызғалдақтың көптеген түрі өседі. Қызғалдақтың 10 шақты түрі Қызыл кітапқа енген.
- Бәйшешек – (подснежник) қазақтың жаңа жылында гүлдейтін гүлдердің бірі.Қазіргі уақытта бәйшешектің біраз түрі Қызыл кітапқа енген. Сирек түрлері Қазақстанның кейбір аймақтарында өседі.
- Нәркес – (нарцисс) гүлі ақ, сары, хош иісті, көпжылдық өсімдік. Ол пиязшық гүлдердің ішінде ең көп балалапан өсіріп шығаратындардыңбірі. Нәркес - өте сезімтал.
Баяу әуенмен балалар көздерін жұмып, терең тыныс алады. Жасыл желек жамылған шөптерді, бүршік атқан ағаштарды, сайраған құстарды, гүлге қонған көбелектер, гүлдердің хош иісі қандай әдемі.
Тәрбиеші: Аулада гүлді өсіру үшін не істеу керек? Қалай еңбектенеміз? Кім тез жауап береді?
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, тамаша.
- балалар, сендер гүл туралы көп біледі екенсіңдер. енді бәріміз қызғалдақ гүлінің суретін салып көрейік. Кімнің салған гүлі әдемі болып шығады екен.
Саусақ жаттығуы орындалады.
Жеке жұмыс:
Алан біз қандай гүлдермен таныстық?
Айя қандай гүлдің суретін салуды үйрендік?
3.Қорытынды бөлім:
Балалар біз немен таныстық?
Кімге көмектестік?
Жарайсыңдар балалар!