СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Бәрі де татулықтан басталады

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ересектертобының ұйымдастырылған оқу қызметінің  технологиялық картасы.

Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта».

Кіші саласы: Өзін-өзі тану

Тақырыбы:Бәрі де татулықтан басталады.

Мақсаты:Отбасы, сүйіспеншілік, татулық ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту.

 

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиенің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеп-талаптану

Балаларды достық шеңберге тұрғызып, бір-біріне жылы лебіздер білдіру.      

Үлкенге де сіз,

 Кішіге де сіз.

 Әдеппенен бастаймыз,

 Сабағымызды біз. 

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?Қыста неше ай бар?Қыс мезгілінің ерекшелігін атайықшы?

 

Балалар достық шеңберге тұрады.

 

 

  • Қыс мезгілі.
  • Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
  • Қар  жауады, мұз  қатады. Қардан аққала жасаймыз. Адамдар  жылы киінеді.

 

Просмотр содержимого документа
«Бәрі де татулықтан басталады»

Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта».

Кіші саласы: Өзін-өзі тану

Тақырыбы: Бәрі де татулықтан басталады.

Мақсаты: Отбасы, сүйіспеншілік, татулық ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту.


Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиенің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеп-талаптану

Балаларды достық шеңберге тұрғызып, бір-біріне жылы лебіздер білдіру.      

Үлкенге де сіз,

 Кішіге де сіз.

 Әдеппенен бастаймыз,

 Сабағымызды біз. 

Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Қыста неше ай бар? Қыс мезгілінің ерекшелігін атайықшы?


Балалар достық шеңберге тұрады.



  • Қыс мезгілі.

  • Желтоқсан, қаңтар, ақпан.

  • Қар жауады, мұз қатады. Қардан аққала жасаймыз. Адамдар жылы киінеді.


Ұйымдасушылық-ізденіс

М. Мақатаевтың мына өлең жолымен оқу іс-әрекетін бастау:


Анам маған үлкенді сыйла деген,

Сол сөз маған ізгілік құйған ерен.

Үлкендерден ауысқан кішілікті

Үлкендердің өзіне сыйға берем.


Тәрбиеші балаларға Н. Қадырбаевтың «Мейірім» әңгімесін оқып береді.


Сұрақтар қою:

  1. Айнұр атасы мен әжесінің қасында не үшін қалғысы келді?

  2. Атасы мен әжесі немересіне неге риза болды?

  3. Сендер Айнұрдың орнында болсаңдар не істер едіңдер?




Сергіту сәті :
Достар тату - тәттіміз, 
Болса қолда тәттіміз, 
Біз бөлісіп жатамыз, 
Бәріміз дәм татамыз.






Ойын: «Ғажайып сандықша»

Әдемі сандықшада отбасының суреттері (ата, әже, ана, әке, аға, іні, қарындас) салынған. Балалар көздерін жұмып, сандықшаның ішінен бір суретті алып, суреттегі бейнеге өз құрметін, сыйластығын қалай білдіретінін айтады.

Тәрбиешінің сұрақтары:

Сен әжеңді қалай сыйлайсың?

Сен атаңа қандай көмек көрсетесің?

Қарындасыңмен татусың ба?

Ініңмен қандай ойындар ойнайсың?


Тыныштық сәті:

Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.


Дәптермен жұмыс:

Балалар үйдің терезелеріне отбасы мүшелерінің суреттерін салады және әңгімелеп береді.















  • Өйткені ол атасы мен әжесіне жаны ашыды, оларға кім қарайды деп.

  • Атасы мен әжесі немерелерінің мейірімділігіне риза болды.

  • Мен де атам мен әжемнің жанында қалар едім.





Балалар өлең мазмұнына сай қимыл-қозғалыстар жасайды.
















  • Мен әжемнің айтқандарын бұлжытпай орындаймын.

  • Мен атама ауланы тазартуға көмектесемін.

  • Мен қарындасымды жақсы көремін.

  • Ініммен тығылыспақ, асық ойындарын ойнаймыз.















Рефлекстік түзету

Балалар мендерге бүгінгі оқу іс-әрекетіміз ұнады ма?

Оқу іс-әрекетін келесі өлең жолдарымен қорытындылау:

Әкем, анам және мен.

Тату-тәтті тұрамыз.

Сыйластықпен, махаббатпен,

Сауық – сайран құрамыз.

  • Ия ұнады.


Күтілетін нәтиже:

Ұғынады: Отбасындағы өзара сыйластық, өзара түсіністіктерінің қалыптасуын ұғынды.

Түсінеді: Отбасында тату тәтті өмір сүру керектігін түсінді.

Қолданады: Сандықша, отбасы мүшелерінің суреттері.