Ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в средней группе
Өткізу күні/Дата проведения:
Тәрбиеші/Воспитатель:
Білім беру саласы/Образовательная область: Шығармашылық. Творчество.
Пән/Предмет: Мүсіндеу
Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Әлем қорғанысында»
Тақырыбы/Тема: «Бағдаршам»
Мақсаттары/Цели:
1.Тәрбиелік – воспитательная: балаларды жолда жүргенде сақ болуға, бағдаршам көздерінің тәртібін білуге, байқампаздыққа тәрбиелеу. Ұқыпты жұмыс істеуге тәрбиелеу.
2.Дамытушылық – развивающая: Балалардың сөздік қорларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3.Оқыту – обучающая: Жолда жүру ережелерімен таныстыру. Бағдаршам туралы және бағдаршамның атқаратын міндеті туралы білім беру. Пропорцияларын сақтап, саусақ пен алақан қозғалыстарын пайдалана отырып, бағдаршамды мүсіндеуді үйрету.
Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: ақпараттық-коммуникативтік технология, денсаулық сақтау технологиясы, ойын технологиясы, ӨТТШТ технологиясы.
Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: қоян маскасы, жұмсақ модуль «Бағдаршам», ермексаз, салфетка.
Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: бағдаршам – светофор, қызыл – красный, сары – желтый , жасыл – зеленый
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:
Ғажайып сәт: Топқа басын ұстаған қоян кіреді (Балалар топқа келген қоянға таңдана қарайды)
Қоян: Басым-ай, басым-ай.
Тәрбиеші: Қоянжан саған не болды?
Қоян: жолдан өтіп бара жатыр едім, көлік соғып, құлап, басымды ауыртып алдым.
Тәрбиеші: Қоянжан, олай көшеде кез келген жерден болмайды. Жол ережесін бұзбау керек, көшеде бағдаршам бар емес пе?
Қоян: Мен жол ереже дегенді білмеймін, бағдаршам деген не?
Тәрбиеші: Балалар сендер жол ережесін білесіңдер ме?
Олай болса жол ережесі, бағдаршам дегенді біздің балаларымыздан үйрен.
2.Негізгі бөлім/оснавная часть:
Бағдаршам жайлы не білеміз? (балалар әңгімелейді)
Бағдаршамның қызыл көзі жанғанда не істейміз?
Балалар біз жолға шыққанда ешқайда қарамай жүре береміз бе?
-Қандай жол белгілері бар?
-Бізге бағыт көрсететін не ол?
-Балалар, қалай ойлайсыңдар, бағдаршам не үшін керек?
Бағдаршамның неше көзі бар?
– Біз жол жүру ережелерін сақтап, жолда мұқият болуға, көшені кесіп өтерде бағдаршам белгісіне қарауға тиіспіз.
Олай болса балалар «бағдаршам» ойынын ойнаймыз.
Жұмсақ модуль «Бағдаршам»
Балаларға үш түсті дөңгелектер беріледі. Балалар сол дөңгелектердің түстерін дұрыс тауып бағдаршам құрастырады.
Жеке жұмыс: Амирхан бағдаршамның басында қандай түс тұрады?
Айлин бағдаршамның ортасында қандай түс тұрады?
Билингвалдық компонент: бағдаршам – светофор, қызыл – красный, сары – желтый , жасыл – зеленый
Қоянжан көрдің бе?! Біздің балалар бағдаршам туралы көп біледі. Енді біз осы бағдаршамды мүсіндейік.
Көрсету және түсіндіру.
1.Қара ермексаздан бөліп алып, оны қолымызға қыздырып, алақанының тік қозғалысымен тегістеп, цилиндрдің пішінін қалыптастырамыз. Жоғары және төмен есеміз.
2. Сигналдық оттарды түрлі-түсті ермексаздан алақандардың шеңберлі қозғалыстарымен жабамыз.
3.Бағдаршам корпусында сигналдық оттардың орналасу тәртібіне назар аударамыз. Алдымен қызыл шеңбер, содан кейін сары және ақыр соңында жасыл.
4. Сонымен қатар, біз тұғырды жасаймыз.
Сергіту сәті:
Балалар қызыл түсті дөңгелекті көрсеткенде отырады, ал сары түсті дөңгелекті көрсеткенде орындарынан тұрады, ал жасыл түсті дөңгелекті көрсеткенде жүреді.
Балалардың өзіндік жұмысы.
Жеке жұмыс: Айлинге ермексазды ұқыпты қолдануды үйрету.
Жарайсыңдар, балалар. Қоян саған біздің балалар жасаған бағдаршамдар ұнады ма?
Балалар енді тақтадағы суреттерге назар аударыңдар:
Жолдың бойында доп ойнауға болады ма?
Жолда ролик тебуге болады ма?
3.Қорытынды/итоговая часть:
Дидактикалық ойын «Дұрыс, дұрыс емес»
Балаларға шындыққа сай келмейтін және келетін сөйлемдерді айту. Балалар оның дұрыс, дұрыс еместігін айтады.
Бағдаршамның қызыл көзі жанғанда жүремін
Көшеде арнайы ақ жолақтан өтемін
Жолдан жүгіріп өтемін
Көшеден өткенде солға оңға қараймын.
Көшенің ортасында доп ойнаймын.
Жол ережесін сақтаймын.
Бағдаршамның сары көзі жанғанда дайындаламын.
Жасыл көзі жанғанда жүремін.
Қоян: Рахмет сендерге балалар, мен енді жол ережесін бұзбаймын.
Балаларды мадақтау. Балаларды бағдаршамның көздері бойынша бағалаймын (қызыл – төмен, сары – жақсы, жасыл – өте жақсы).