Қазіргі уақытта адамның интеллектуалды және шығармашылық қуаты қоғамның экономикалық және әлеуметтік дамуының жетекші факторы болып отыр.
Әлеуметтік дамудың қазіргі заманы тенденциялары білім берудің алдына жаңа міндеттер қойып отыр – «орташа» бала бағдарын өзгерту, дарынды және талантты балаларға білім беру процесінде олардың қабілеттерін, ерекшеліктерін ашып дамытуға айрықша ынта білдіру.
Біздің елімізде білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі – дарынды балалар мен жастарға еліміздің баға жетпес ұлттық игілігі және негізгі интеллектуалды, шығармашылық әлеуеті ретінде қарап, оларды әлеуметтік және педагогикалық жағынан қолдау және дамыту. Дарынды балаларды оқытып тәрбиелеуіне, олардың өз қабілеттерін, өзіндік қызығушылығы мен қоғам мүддесіне сәйкес толық іске асыра алатындай жағдай жасалуы керек. Дарынды балалар арнайы педагогикалық және әлеуметтік бағдарламаның басты назары болуы қажет. Олардың қабілеттерін дамытуды не құрлым ерте балабақшадан бастаса, дамыту тиімділігі соншалықты көп болады. Дарындылықты дамыту жұмысы терең талдауды қажет етеді.

Просмотр содержимого документа
«Баяндама: Балалар арасындағы дарындылықты дамыту»
Бойы сергек баланың – ойы да сергек. Өмірге сергек қараған адамның байқағыштығы да, іске алғыр келетіні ежелден белгілі.
Баланы мектепке даярлау кезінде ең бастысы дене шынықтыруын, ойлау қабілетін жетілдіруін қадағалау керек. Оқу міндетінің бөлінуі алты-жеті жастан қалыптасады, осыған байланысты балалар үлкендер нұсқауын зейін қоя тыңдап орындайды, өзін-өзі бақылау пайда болады. Оқу әрекеті бала психикасына, оны қабылдау, зейін, ес, ойлау үрдістерінің ырықтылығымен басқарылуына талаптар қойып, тиісті психологиялық қасиеттерінің қалыптасуына әкеледі. Бұл кез, баланың сезімдік тәжірибесін молайып ретке келу шағы, қабылдау мен ойлауы, қиялы күшті дамып, ырықты зейінімен мағыналы естің бастамаларының қалыптасу кезеңі болады. Сәбилік шақта ойлау, заттық құралдық негізде болса, ол практиканы қолданбай тұрып ой елегінен өткізуге машықтанады. Бұл кезде бала мәселелерді үш түрлі тәсілмен шешеді: көрнекі-әрекетті, көрнекі–бейнелі және ұғымдарға сүйенген логикалық пікірлесу. Үш жасқа дейінгі баланың ойлауы, негізінен көрнекі-әрекетті болып келеді. Бала танып білетін объектіні қолымен алып, ашып көріп талдайды және синтездейді. Кейбіреулері ішінде не бар екен деп, ойыншықтарды бұзады. Көрнекі-бейнелі ойлау, төрт-жеті жасқа дейінгі балаларда пайда болады. Ойлау процесіне міндетті түрде әрекет жасамай, ол қабылдауы мен елестетуінің даму негізінде бейнелі түрде ойлай алады. Бейнелер арқылы ойлауы қалыптасады, ал ұғымдар балада әлі де болса толық қалыптаспаған. Мысалы, Пиаже мынандай тәжірибе жасаған: қамырдан жасалған екі бірдей дөңгелек нанды көрсеткен, біреуін балалардың көзінше жалпайтып жайған, сонда балалар осы нан жайылмағанынан үлкен деп айтқан. Қоршаған ортаның өз заңдылықтары бар, сол заңдылықтарға сүйеніп кез келген жағдайда қандай нәтиже болатынын ойлау процесі арқылы айтуға болады. Сыртқы іс-әрекеттен ішкі ой әрекетіне көшуді интериоризация /ішке айналу/ дейді. Баланың сыртқы дүние заттарын қозғамай, бейнелер арқылы ойлай алуында осы заңдылық бар. Осының негізінде балада көрнекі-бейнелі және логикалық ойлауы қалыптасады. Әлі де болса баланың бейнелі ойлауы жеткілікті қалыптаспай қателік жіберуі мүмкін болғанымен, бұлай ойлауы үлкен жетістік болып табылады /жүйелеу үрдісі – ұзын-қысқа, үлкен-кіші ұғымдары қалыптасады/.
Ойлау формалары: ұғым, пікір, ой қорытындысы. Ойлаудың сөздік формаларының дамуы сөз бен практикалық іс-әрекеттік өзіндік қатынасының өзгеруінен туады. Егерде, сәби шақта іс-әрекет кезінде сөйлеу орын алса, ал енді алдын-ала сөйлеуі қалыптасады. Алдымен бала іс-әрекетін сөйлеу арқылы жоспарлай алады, кейіннен істелетін жұмысты тек пікір айту түрінде ауызша істей алуға келеді. Бұның өзі баланың логикалық ойлай алуына әкеледі / мысалы, суға салған әртүрлі заттардың қасиеттері туралы/ пікір айта алуы балада абстрактылы /жалпылама/ ұғымдарының қалыптасуы. Баланың символды қолдануы психикасының дамуының елеулі сәті. Бір жағынан қиял көрінісі болса, екінші жағынан әлеуметтік таңбаларды игеруді қамтамасыз етеді. Ақыл-ойдың дамуына /жалпылау, сөздің жалпылама мағынасын қолдану/ ойша әрекетті нақты іске айналдыру.
Қазіргі уақытта адамның интеллектуалды және шығармашылық қуаты қоғамның экономикалық және әлеуметтік дамуының жетекші факторы болып отыр.
Әлеуметтік дамудың қазіргі заманы тенденциялары білім берудің алдына жаңа міндеттер қойып отыр – «орташа» бала бағдарын өзгерту, дарынды және талантты балаларға білім беру процесінде олардың қабілеттерін, ерекшеліктерін ашып дамытуға айрықша ынта білдіру.
Біздің елімізде білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі – дарынды балалар мен жастарға еліміздің баға жетпес ұлттық игілігі және негізгі интеллектуалды, шығармашылық әлеуеті ретінде қарап, оларды әлеуметтік және педагогикалық жағынан қолдау және дамыту. Дарынды балаларды оқытып тәрбиелеуіне, олардың өз қабілеттерін, өзіндік қызығушылығы мен қоғам мүддесіне сәйкес толық іске асыра алатындай жағдай жасалуы керек. Дарынды балалар арнайы педагогикалық және әлеуметтік бағдарламаның басты назары болуы қажет. Олардың қабілеттерін дамытуды не құрлым ерте балабақшадан бастаса, дамыту тиімділігі соншалықты көп болады. Дарындылықты дамыту жұмысы терең талдауды қажет етеді.
1. Бала дарындылығын біртұтас зерделеу саласында ғылыми-теориялық қызметті дамыту.
2. Дарындылық пен таланттылықтың әр түрін анықтау және бақылауды дамыту үшін диагностикалық құралдар түрін жетілдіру.
3. Дарынды балаларды оқыту мен дамытудың диагностикасының ғылыми-әдістемелік жағынан қамтылуы.
4. Балаларды оқыту және тәрбиелеу үшін психологиялық жағдайларын жақсарту.
5. Әлеуметтік экономикалық қолдау жүйесін дамыту.
6. Балаларды тиімді әлеуметтік педагогикалық жұмысты жүзеге асыруға мүмкіндік беретін нормативтік-құқықтық базамен қамтамасыз ету.
Маңғыстау облысы
Жаңаөзен қаласы
«№22 Ақбұлақ балабақшасы» МКҚК
Баяндама.
Тақырыбы: «Балалар арасындағы дарындылықты дамыту»
Дайындаған: ТекешеваМейрамгүл