СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Баяндама "Балалардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруда ТРИЗ технологияның тиімділігі"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазіргі таңда мектепке дейінгі орындарда инновациялық технологияны ендіруге көптеп күш жұмсалады. Сол себепті мектепке дейінгі ұйымдарда педагогтардың негізгі міндеті: әдіс тәсілдерді дұрыс таңдау,жаңаша педагогикалық технологияларды дұрыс қолдана білу,жеке тұлғаның дұрыс дамып қалыптасуы үшін ыңғайлы жағдай жасау. Мектепке дейінгі білім беру орындарында, педагогикалық технологиялар мектепке дейінгі білім беру стандартын жүзеге асыруға бағытталған.

Баланың шығармашыл, жеке бас болып дәстүрден тыс әр саладағы мәселелерді шешуге бейім әрекет ете алатын баланы тәрбиелеу қазіргі заман талабына сай тәрбиелеумен білім берудің негізгі мақсаты болып табылады. Сол себепті оқыту мен тәрбиелеуде дәстүрлі түсіндіру, көрсету әдісін қазіргі даму заңдылықтарын ескере отырып, жеке бастың дамуына бейімделген белсенді әрекет етуші технологияға ауыстыру уақыт талабы.Бұл талап тек мектепті ғана қамтып қойған жоқ,балабақшаныда қамтыды. Қазіргі мектепке дейінгі мекемелер жаңа технологияларға белсенді бейімделіп, араласып келеді.

Мектепке дейінгі шақ адамзат өміріндегі ең шешуші кезең болып келеді. Өйткені осы кезеңде баланың бойындағы табиғи бар дарындылықтар   жан – жақты  дами бастайды. Сондықтан  да осы шақтағы баламен анағұрлым жан- жақты дамытушылық әрекеттер жүйелі түрде жүргізілсе, соншалықты жұмыс нәтижелі болады. Міне осыған сәйкес жеке тұлғаны дамытуда ТРИЗ (Тапқырлық тапсырмаларды  шешу теориясы) технологиясын  қолданудың маңыздылығы зор. 

ТРИЗ- бұл обьективті заңдылықтардың даму жүйесін зерделейтін және проблемалық шешу әдістемесін әзірлейтін ғылым.Техникалық шығармашылық әдістемесі өндірістегі интеллектуалдық өнімділікті жоғарлату үшін қажеттіліктен туындаған әдіс.Ол екі концепцияға сүйенеді. Бірінші жағдайда ерекше ойлайтын дарынды адамдарда шабыты келген кезде ойлап, табатын ерекше туынды. Бұл көбейтуге зерделеуге келмейді.Екінші жағдайда жасанды жүйенің өзгеруі адамның субьективті еркіне сүйене отырып жүргізілмейді,обьективті заңдылықтаға сүйенеді. Бұл технологияның негізгі,техникалық жүйелер қалай болса солай емес,белгілі бір заңдылықтарға сүйенеді.Ол заңдылықтарды танып білуге болады.ТРИЗ жаңа ойларды нақты бір ғылымға айналдырады.Себебі ол, логикалық шешімдерге сүйенеді. 

Просмотр содержимого документа
«Баяндама "Балалардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруда ТРИЗ технологияның тиімділігі"»

Балалардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруда ТРИЗ технологияның тиімділігі

Триз технологиясын нақты іске асыру үшін балаға ойын,тақырып таңдауда еркіндік беру керек. Сол кезде ғана ол заттардың құрылысымен танысып қарама-қайшылықтарын түсінеді,түйіткілдерін шешуге үйренеді. Мектепке дейінгі баланың қарама- қайшылықтарды шешіп үйренуі –шығармашылық ойлаудың кілті болып табылады.

Балабақшада ТРИЗ технологиясын қолданудың негізгі мақсаты:

  • Өз бетінше дұрыс шешім қабылдауға тәрбиелеу.

  • Баланы дәстүрден тыс ойлауға үйрету.

ТРИЗ технологиясының негізгі міндеттері:

  • Шығармашылық тұлғаның қасиеттерін тәрбиелеу (мақсатты қоя білуі, жұмысты жоспарлау және орындау, әрекет кезінде болып тұратын қарамақайшылықты анықтау, тұжырымдау, шешу, өз жұмысын сынау);

  • Жүйелі ойлауды қалыптастыру, жүйе бөліктерінің байланысын, оның өзгерістерін уақытқа қарай, басқа жүйемен байланысын анықтау;

  • Қиялды, ойлаудың сонылығын, зияткерлік шығармашылық белсенділігін дамыту;

  • Нақты және қиял-ғажайып объектiлерді зерттеген кезде ойлаудың диалектикалық әдісі негіздерін қалыптастыру;

  • «Күшті» ойлау әдістерін пайдалана білу біліктілігін қалыптастыру

Балалармен жұмыстың негізгі құралы – педагогикалық ізденіс. Педагог балаға дайын білім бермей, оны табуға үйрету керек. Егер бала сұрақ қойса, оған жауап беруге асығу қажет емес. Керісінше, осы туралы баланың өзі не ойлайтынын сұрап, сұрақтар арқылы бала өзі жауабын таба алатындай етіп жұмыс жасау керек. Өз бетімен ізденген бала жүйелі талдауға үйренеді ҰОҚ, серуен, ойын әрекеті бірнеше сұрақтар тізбесінен тұру керек:

Қалай?

Қайдан?

Неге?

Не үшін?

Оны немен ауыстыруға болады?

Немен жақсы? Немен жаман?

Немен пайдалы? Немен пайдасыз?

Оны қайда пайдалануға болады?

Егер,...біз не істейміз?

Осының бәрі ТРИЗ элементтерімен жұмыс. ҰОҚ, басқа да режимдік сәттерде әр заттың жақсы, жаман жақтарын анықтауға үйрету керек. Қарамақайшылықтан ешқайда да қаша алмаймыз, сондықтан оны шеше білуіміз қажет.Бала қарамақайшылықты тапқан жерде ғана ойдың, интеллектің бастауы басталады. Қарамақайшылықты қалай шешеміз? Ол үшін әдістер көп, мысалы, «бөлу-қосу» әдісі. Мысалы, жаңбыр. Жаңбыр немен жақсы, немен жаман? Балалар өз ойларын айта бастайды. Қарамақайшылықтар арқылы балалардың ойлау қабілеті, тілі, тілдің дыбыстық мәдениеті дамып, сөздік қорлары молаяды.

Триз жүйесі бойынша жұмыс балабақшада біртіндеп іске асырылады.

Бірінші кезеңде балалар ойын түрінде ТРИЗ әдістерінің элементтерімен танысады..

Ол үшін қарапайым ойындардан бастаған жөн.

Заттың міндетін бөлу біліктілігін қалыптастыруға арналған ойындар.

        • "Ол не істей алады?» . Мысалы, доп не істей алады? (домаланады, секіреді, домалап кетеді, жарылып қалады, терезені сындырады, шаңданады, жерде жатады, т.с.).

  • «Жақсы-жаман». Мақсаты: заттардың, құбылыстардың жағымды және жағымсыз жақтарын анықтауға үйрету. Мысалы,кәмпитті жеу жақсы неге? Кәмпитті жеу жаман неге?

  • «Неге ұқсайды?». Мысалы, доп неге ұқсайды? (алмаға, қарбызға, күнге, дәріге, т.с.)

  • «Үш затты ата». Мысалы, тәрбиеші «ыдыс» деп бір балаға допты лақтырады. Допты қағып алған бала үш ыдысты атауын айтып береді.

  • «Бір, екі, үш маған жүгір». Мысалы, тәрбиеші балаларға заттық суреттерді үлестіреді. «Бір, екі, үш ұшатындар маған жүгір» дегенде қолындағы суретте ұшатын объект (зат) бар балалар тәрбиешінің қасына жүгіріп барады.

  • «Мына затта не бар?». Балаларға бір бірден заттық суреттер көрсетіп, әрқайсысында не бар екенін (ол неден тұрады) сұраймыз. Мысалы, орындықта не бар? (аяқтары, арқасы, орындығы), Итте не бар? (бас, аяқтары, құйрық). Балалар ойынды меңгеріп алғаннан кейін сөздік ойындарға көшеміз. Бірақ, бірінші таныс сөздерді ұсынамыз (көлік, ағаш, кітап, т.с.).

Заттың даму сызығын анықтауға арналған ойындар.

  • «Бұрын-кейінірек». Мысалы, «Балалар біздер қазір серуенге шықтық.Ал серуеннен бұрын біз не істедік? (киіндік). Ал одан бұрын не істедік? (Ойыншықтарды жинадық) .«Балалар, біз серуеннен келдік. Енді біз не істейміз? (шешінеміз, қолымызды жуамыз, кезекшілер үстелді тамаққа дайындауға көмектеседі).

  • «Бұрын не болды-қазір не?» «Асқабақ бұрын не болды? (дән).

Жүйелі байланыстарды анықтауға арналған ойындар.

  • «Қайда тұрады (мекендейді)?». Мысалы, аю қайда тұрады? (орманда, зообақта) Аюды тағы қай жерден көреміз? (кітаптан, мультфильмнен, кәмпиттің қағазынана көрдім).

  • «Бұл неден тұрады?» . Тәрбиеші бір затты айтады, ал балалар оның құрастырушы бөліктерін айтып береді (ағаш –тамыр, дің, бұтақтар, жапырақтар).

  • «Заттың бөлігін ата». Мысалы, тәрбиеші балаға бір затты атайды, ал бала сол заттың бөлігін айтып береді (үй - шатыр, терезе, есік...)

  • «Көңілді доп». Тәрбиеші балаларға шеңбер бойымен доп лақтырып, атаған затты қайда кездестіруге болатынын сұрайды.

Объектінің жүйелерін біріктіруге арналған ойындар.

  • «Сиқырлы бағдаршам», «Жақсы-жаман», т.с.с

Осы және басқа да ойындар ҰОҚ –де, күннің екінші жартысында, серуенде жоспарланып, ойналады. Серуенде балалардың қиялын белсендіретін түрлі әдістерді пайдаланылады.

-Балалар, қалай ойлайсындар, ағаштың достары кім?

-Ағаш желмен не туралы сөйлеседі?

-Қалай ойлайсындар, осы ағаш бізге не туралы айтып бере алады?

Тағы да бір мысал, серуенен кейін біз қолымыз жууға жиналды. Тәрбиеші балаларға сұрақ қойады: «Балалар, қалай ойлайсындар, мына сабын не ойлап тұр?». Балалар қиналып тұрса, жауаптарының варианттарын ұсынамын- біз оны ластап тастаймыз деп қорқып тұрған сияқты немесе біздің қолымыз таза болады деп қуанып тұр, т.с.

ҚМҰҚ оқу қызметінде , «Ұқсастықтарын тап» ойыны арқылы қарама-қарсы тұрған заттардың ұқсастықтарын тауып айтады.

«Не жетіспейді» деген ойын арқылы баланың есте сақтау қабілеті шынығады.

Сөйлеуді дамыту оқу қызметінде ТРИЗ элементтерін қолдану әдістерінің бірі:

  • Ойыншықты қолдану- ойыншықпен сөйлесу арқылы алға қойған мәселені шешу.Диалогты сөйлеу,білмегенін сұрау.

«Туыстығын тап», «Үшінші артық»-ұқсастығын салыстыру арқылы үшіншісін шығару.т.б.

Оқу қызметінің соңында қорытынды жасай келе баланың рефлексивті сараптама жасауына икемдейміз:

Бүгінгі оқу қызметінде не істедіңдер? Жаңа не білдіңдер? Не өте қызықты болды? Нені түсінбедіңдер?

Дарындылық – ол балалық шақтан бастап шығармашылық қабілеті артылған және мәселелерді шешу, қоршаған ортаға ерекше көзқараспен қарайтын тұлға.

Шығармашылық – ол бала өз бетінше жаңа бір бейне құрумен сипатталады, яғни іс – әрекеттің қандай түрінде болсын жаңалық ашу арқылы, өзіндік және даралық дамудың бір көрінісін байқатқан жағдаймен түсіндіріледі.

Ең маңыздысы – балалардың қиялдау, бейімделу, қозғалу, жүйелеу, диалектикалық ойлау қабілеттері дамып, екінші жағынан іздену белсенділіктері, жаңалыққа талпынуы, сөйлеуі, қиялдау қабілеттері жетіледі.
Қорыта айтқанда  заманымыздың болашағы – жас ұрпақтың ой – өрісін жоғарлату, тілдік, шығармашылық,  әлеуметтік, таным құзіреттіліктерін арттыру,  рухани байлығын, тапқырлық тапсырмаларды шешу  теориясының негізгі түсініктерімен таныстыру, түрлі жағдайдан шығу жолын іздеуде алған білімдерін қолдануға үйрету,  әрбір тәрбиешінің міндеті деп ойлаймын.