Просмотр содержимого документа
«БАЯНДАМА «Оқушыларды ұлттық нақышқа бағыттап, эстетикалық шығармашылыққа баулу».»
Менің әдістемелік тақырыбым: «Оқушыларды ұлттық нақышқа бағыттап, эстетикалық шығармашылыққа баулу».
Осы әдістемелік тақырып 4 бағыт бойынша жұмыстанып жатырмын.
1 бағыт- қалдық материалмен жұмыс
2 бағыт- фетрамен жұмыс
3 бағыт- бисермен жұмыс
4 бағыт- канзаш (жапон техникасы)
Бірінші бағытым қалдық материалдармен жұмыс, ол бағытпен жұмыс жасатуымның себебі: біріншіден ол тегін, яғни отбасы бюджетіне кедергі келтірмеу амалы; екіншіден, қалдық материал болғандықтан ол жарамсыздеген атаққа ие, сол жарамсыз материалдан пайдаға асатын бұйым жасап шығаруға үйрету; үшіншіден, оқушының ой-өрісі дамиды, болашақта
« жоқтан бар » жасай алатын тұлға тәрбиелеу.



Екінші бағытым фетрамен жұмыс.
Бұрын біздің әжелеріміз киіз, текемет басатын. Сол материалдың түрі қазіргі таңда қолданылмайды. Бірақта осы киізге ұқсастырып фетра деген материал түрі шықты.
Фетра- талшықтан жасалған маталық емес материал. Фетра матасын өңдеу технологиясы жүнді өңдеу технологиясымен бірдей болып келеді. Фетраға көбіне синтетикалық маталар көп араластырылады. Фетрадан әртүрлі бұйымдар жасауға болады. Фетра әртүрлі болады: таза жүннен жасалған, жартылай жүннен, эко фетра, акрильді фетра, жасанды, синтетикалық қоспасы бар фетра.
Сол өткен заманның киізін ұмыттырмас мақсатта күнделікті сабақта біз фетра материалын қолданамыз. Фетра бағасы қолжетімді. Бір жиынтығы 8 түрлі түс болады. Сонын барлығы 500 тг құрайды. Ал 8 түрлі түсті фетрадан әртүрлі бұйымдар жасауға болады. Фетрадан: түйреуіш, алқалар, сырға, жилет, яғни қыздар аксессуарларын жасауға болады.


Болашақта оқушылармен бірлесе отырып көлемді бұйымдар жасауды жоспарлаймын.


Үшіншіден, бисермен жұмыс. Бисермен оқушылар жұмыс жасағанды ұнатады. Мен де оқушылардың ұнатқанын қолдаймын. Себебі бисермен жұмыс жасау адам баласын шыдамдылыққа, төзімділікке тәрбиелейді. Бисердің де бағасы өте қолжетімді. Қолжетімді бағамен алынған бисерден әдемі бұйымдар жасап, болашақта кәсіпкерлік айналысуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңның өзінде бұл кәсіппен айналысып, үлкен жетістікке жетіп жатқан адамдар қаншама......

Төртінші бағыт-КАНЗАШ (жапон техникасы)
Ұлттық нақыштағы бұйымдармен шектеліп қана қоймай, шет елдердің де қолөнерімен техникасымен таныстырып, үлгердім. Сонын бірі жапон техникасы – канзаш. Техниканың бұл түрінің де бағасы қолжетімді.Аз уақыт алатын бұл техниканың түрі адам баласын жалықтырмай, қызығушылығын одан әрі арттыра түседі. Себебі бұл техника әдемілігімен көзге түсіп, әрдайым назарда жүреді.


Қорындысы:
Осы ұстанған 4 бағытты ұстана отырып, мен болашақта оны әрі қарай дамытқым келеді. Оқушылардың қолөнерге деген қызығушылығын арттырып, алған білімдерін алдағы өмірде пайдалана білуге үйрету.