СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Баяндама Ш. Уәлиханов өмірі мен жұмбақ өлімі туралы

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

ШОҚАН УӘЛИХАНОВ ӨМІРІ МЕН ЖҰМБАҚ ӨЛІМІ ТУРАЛЫ     Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1835-1865) есімі Қазақстанның мәдениеті мен қоғамдық- ғылыми ойының тарихында заңды түрде орын алған қазақ халқының зиялыларың белді де беделді тұлғаларының бірі. Шоқан қазақтан шыққан  бірінші ғалымы, ағартушы, демократ, тарихшы, этнограф, фольклоршы және ориенталист (шығыстанушы). «Шоқан Уәлиханов Шығысты зерттеу ғылымында аққан жұлдыздай жарқ етті де жоқ болды. Орыс ориенталистері оны ілуде бір кездесетін ғажайып дарын иесі деп таныды»,-дейді Ресейдің ірі оқымыстыларының бірі Н. Веселовский.     Көрнекті ғалым әрі ағартушы Шоқан Уәлиханов Шығыс халықтары туралы ғылыми зерттеулер жүргізіп, әлі де қыры мен сыры ашылмаған беймәлім елдерген қауіп - қатеріне қарамастан саяхат жасаған. Мемлекеттік маңызы бар зерттеулер жұмысын жүргізу үшін Шоқан көп тілді меңгерген. Кадет корпусында оқып жүрген  Шоқан орыс тілі, шет тілдері, оның ішінде шығыс тілдері, татар және шағатай тілдерін оқыған. Кадет корпусын бітіргеннен кейін Батыс Сібір генерал –губернаторының аппаратында қызмет істейді. Шоқан ұлы жүз қазақтары мен Ыстықкөл қырғыздарының Ресейге бағыну жөніндегі мәселесін шешуге белсене атсалысады. Қоқан хандығының  Жетісу мен Қырғызстандағы ықпалын жою үшін және сол жерлердің Ресей қоластына бейбіт жолмен қосып алу үшін, патша әкімшілігі жергілікті халықпен тілтабысу үшін қазақ офицері Шоқанды пайдаланады. Осындай маңызды істерді атқару барысында Шоқан қазақтар мен қырғыздардың географиясын, тарихын, әдет-ғұрпын, тұрмысын зерттейді. Тарбағатайды аралаған экспедициясына қатысады.      1856 жылы Шоқан полковник М. Хоментовскийдің басшылығымен ұйымдастырылған әскери- ғылыми экпедицияға қатысады. Бұл сапарда қырғыз халқымен танысып, оның территориясы мен географиялық жағын зерттейді.      1856 жылы Құлжа қаласына аттанып, Қытай сауда қатынастарын жолға қою туралы Қытай өкімет орындарымен келіссөз жүргізеді.       1857 жылы Алатау қырғыздарына сапар шегеді. Бұл сапарында Шоқан Уәлиханов қырғыз халқының өмірі, тұрмысымен жақын танысады. Тарихын, этнографиясын, поэзиясын зерттейді. «Манас» жырын тыңдап, қағазға түсіріп, орыс тіліне аударады.  1856-1857 жылдардағы саяхат нәтижесінде, «Ыстықкөл сапар күнделіктері, «Қытай империясының батыс провенциясы және Құлжа қаласы», «Іленің арғы бетіндегі өлкенің георафиялық очерктері», «Қырғыз туралы жазбалар» еңбектері жазылды. «21-22-ге жаңа толған жас Шоқан өзін Тянь-Шань мен Жетісу географиясын, сол аймақтарды мекендейтін халықтардың тарихын бес саусағындай тамаша білетін байқампаз да дарынды ғалым ретінде танытты» -деп жазады академик Алия Бейсенованың 2005 жылдың 8 қыркүйегінде жариялаған «Жиханкез» атты зерттеу жұмысында.      Шоқанды ержүрек саяхатшы даңқына бөлеген 1858-1859 жылдары жасаған Қашқарсапары еді. Бұл мейлінше қауіп – қатерге толы сапар болатын. Өйткені қаныпезер қаталдығымен аты шыққан Қашқарияның билеушісі Қожа Уәлихан төре европалықтарға сенімсіздік білдіріп, Қашқария еліне келген европалықтарды аяусыз жазалап отыратын. Солардың бірі белгілі географ Адольф Шлагингвейт Уәлихан төренің жарлығымен басы кесіліп, қаза болған еді. Оның аянышты өлімі туралы деректі де сол  жақтан  Шоқан әкелген. Бұл туралы «Егемен Қазақстан» газетінде баяндалған «Шоқан – патшалық Ресейдің барлаушысы» атты мақалада (Амантай Кәкен, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметінің отставкадағы полковнигі) «Кадет корпусында әскери ілімдер – тактика, артиллерия, далалық фортификация, сызба геометрия, топографиялық сызу, архитектура пәндерімен танысты. Лагерьлік уақытта сапқа жайыоған топографиялық суертке түсіруге, саперлік және әскери – лабораториялық жұмыстарға, атысқа, қылыштасуға үйретілді.       Сөйтіп, Шоқан кадет корпусында дәріс алған пәндері ең алдымен соғыс мақсатында керекті дүниелер еді. Мұның барлаушылар үшін аса қажетті екендігі айтпаса да түсінікті», -дей келе Шоқанның барлаушылық қызметіне шолу жасайды. Министрдің арнайы сұранысына сай 1957 жылы ІІ Александр патшаның тікелей мақұлдауымен Қашқарға  сапары жүзеге асқанын айтады. Бір жыл ішінде Қашқар сапарының бағыт- бағдары жұмыс жоспары құрылып, оған қатысатын адамдар тізімі жасалынады. Міне, осы сапарға бірден бір лайық жанның бірі Шоқан еді.  Ол кезде Қашқарға бару өте қауіпті болатын. Цин әулетініңі ішкі саясатына наразы болған жергілікті халықтар көтерілісі ШығысТүркістанға аян болды. Сондықтан, қалыптасқан тәртіп бойынша Қашқария қақпасы Европа зерттеушілері үшін жабық болды. Орыс офицері түгіл, орыс әкімшілігіне қатысты жандардың ешбірі бұл елдің есігін қаға алмайтын. Осы жайда Қашқарда тұратын бір кемпірдің баласы 30 жыл бұрын Ресейге кетіп, сонда қалып қояды, сонда өледі. Осы оқиғаны өз мақсаттарына ұтымды пайдаланып, Ресейге кеткен қашқар көпесінің Әзімбай атты баласы болып Шоқан Қашқарға аттанады (Шоқанның зерттеуші- ғалым ғана емес сонымен қатар барлаушы екенін көрсетеді).Қашқария елінің саяси әрі экономикалық құрылымы, тарихы және этнографиясы бойынша көптеген деректер жинақтайды. Қоқандықтар арқылы Қашқарияның саяси, сауда қайраткерлерімен, мәдени өкілдерімен танысып, Алтышаһардың өткені мен бүгіні туралы құнда деректер алады.  Бұл сапары туралы туралы  Шоқан «Қашқарияға бару және Алатау тауына қайту жолының суреттемесі» атты еңбегінде баяндайды. Қашқарияға саяхат кезінде жолда шеккен ауыр азап  Шоқан денсаулығына әсер етіп, науқасқа ұшырайды. 1859 жылы Петербургке келеді. Орыс ғалымдары оны ержүрек саяхатшы, Орта Азия мен Қазақстанды терең зерттеуші ретінде қарсы алады. Шоқан Азия департаментінің штатына тіркеледі. Бас штабтың әскери – ғылыми комитетінде, Сыртқы істер министрлігінде, орыс география қоғамында қызмет етеді.  «Жоңғар очерктері», «Алтышаһардың немесе Қытайдың Нан- Лу провинциясындағы алты қаланың 1858-1859 жылдардағы жай-күйі» еңбектері 1861 жылы  «География қоғамының жазбаларында" жарық көреді.     Шоқан 1864 жылы генерал Черняев өзі жасақтаған әскери экспедицияға шақырылады. Бұл экспедиция мақсаты Оңтүстік Қазақстанды Ресейге бағындыру болатын. Алайда, патша генералы Черняев  әрекетінен халықты бейбіт жолмен қосу емес, керісінше бейбіт елді жазықсыз қанға бояу, қорқыту арқылы Ресей қол астына енгізуі анық байқалады. Черняев ісіне қарсы болған Шоқан бұл экспедицияны тастап, Верныйға қайта оралады.   1865 жылы қазақ халқының аяулы ұлы, аса көрнекті ғалымы әрі саяхатшысы мезгілсіз дүние салады.Шоқанның қазасы туралы да түрлі әңгімелер айталыды. Соның бірі 2010 жылы «Ана тілі» газетіне жарияланған «Шоқан қазасы кісіден болған ба?» атты Қазақстанның құрметті журналисті Серікбай Алпысұлының мақаласы. Шоқан жерленген жер де (бұрынғы Талдықорған облысы, Кербұлақ ауданы Шаңқанай деген жерде), оған қойылған тастағы жазу да бертініректе 1945 жылдары табылған. Алматыдан келген ғалымдар сол жерді қазып, күйген кірпіштен шегенделіп жасалған  қабірден офицерлік киіммен жерленген Шоқан мүрдесін табады. Бұл жерде көңіл аударатын жайт- Шоқанның мұсылманша емес, христианша киіммен жерленуі. Патша үкіметіне қанша берілді десе де, Шыңғыс та, Тезек төре де дінінен таймаған адамдар. Ендеше аты әйгілі Тезек төренің күйеу баласы, есімі қазақ жеріне мәшһүр Шыңғыс ұлы Шоқанның туған жерге әкелінбей жұмбақ жерленуі неде? Қазақстан  Мұсылмандары Діни басқармасының бұрынғы Бас мүфтиі Рәтбек қажы Нысанбайұлының «Исламдық жерлеу рәсімдері» (Алматы, 1995 ж. «Дастан баспасы») деген кітабында «Шахид өліміне» (18 бет) нақты анықтама берілген. Бұл ажалы кісіден, кездейсоқ апаттан болған мұсылманның өлімі. Шариғат бойынша, ондай кісі кебінделмей, үстіндегі киімімен қойылады екен. Шариғат заңдары онша бұрмаланбаған заманда Тезек төре ауылы осы рәсімді орындауы әбден мүмкін.  Пайдаланған әдебиеттер:  1.    Қазақ Совет энциклопедиясы 2.    

 

Просмотр содержимого документа
«Баяндама Ш. Уәлиханов өмірі мен жұмбақ өлімі туралы»

ШОҚАН УӘЛИХАНОВ ӨМІРІ МЕН ЖҰМБАҚ ӨЛІМІ ТУРАЛЫ

Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1835-1865) есімі Қазақстанның мәдениеті мен қоғамдық- ғылыми ойының тарихында заңды түрде орын алған қазақ халқының зиялыларың белді де беделді тұлғаларының бірі. Шоқан қазақтан шыққан бірінші ғалымы, ағартушы, демократ, тарихшы, этнограф, фольклоршы және ориенталист (шығыстанушы). «Шоқан Уәлиханов Шығысты зерттеу ғылымында аққан жұлдыздай жарқ етті де жоқ болды. Орыс ориенталистері оны ілуде бір кездесетін ғажайып дарын иесі деп таныды»,-дейді Ресейдің ірі оқымыстыларының бірі Н. Веселовский.

Көрнекті ғалым әрі ағартушы Шоқан Уәлиханов Шығыс халықтары туралы ғылыми зерттеулер жүргізіп, әлі де қыры мен сыры ашылмаған беймәлім елдерген қауіп - қатеріне қарамастан саяхат жасаған. Мемлекеттік маңызы бар зерттеулер жұмысын жүргізу үшін Шоқан көп тілді меңгерген. Кадет корпусында оқып жүрген Шоқан орыс тілі, шет тілдері, оның ішінде шығыс тілдері, татар және шағатай тілдерін оқыған. Кадет корпусын бітіргеннен кейін Батыс Сібір генерал –губернаторының аппаратында қызмет істейді. Шоқан ұлы жүз қазақтары мен Ыстықкөл қырғыздарының Ресейге бағыну жөніндегі мәселесін шешуге белсене атсалысады. Қоқан хандығының Жетісу мен Қырғызстандағы ықпалын жою үшін және сол жерлердің Ресей қоластына бейбіт жолмен қосып алу үшін, патша әкімшілігі жергілікті халықпен тілтабысу үшін қазақ офицері Шоқанды пайдаланады. Осындай маңызды істерді атқару барысында Шоқан қазақтар мен қырғыздардың географиясын, тарихын, әдет-ғұрпын, тұрмысын зерттейді. Тарбағатайды аралаған экспедициясына қатысады.

1856 жылы Шоқан полковник М. Хоментовскийдің басшылығымен ұйымдастырылған әскери- ғылыми экпедицияға қатысады. Бұл сапарда қырғыз халқымен танысып, оның территориясы мен географиялық жағын зерттейді.

1856 жылы Құлжа қаласына аттанып, Қытай сауда қатынастарын жолға қою туралы Қытай өкімет орындарымен келіссөз жүргізеді.

1857 жылы Алатау қырғыздарына сапар шегеді. Бұл сапарында Шоқан Уәлиханов қырғыз халқының өмірі, тұрмысымен жақын танысады. Тарихын, этнографиясын, поэзиясын зерттейді. «Манас» жырын тыңдап, қағазға түсіріп, орыс тіліне аударады.

1856-1857 жылдардағы саяхат нәтижесінде, «Ыстықкөл сапар күнделіктері, «Қытай империясының батыс провенциясы және Құлжа қаласы», «Іленің арғы бетіндегі өлкенің георафиялық очерктері», «Қырғыз туралы жазбалар» еңбектері жазылды. «21-22-ге жаңа толған жас Шоқан өзін Тянь-Шань мен Жетісу географиясын, сол аймақтарды мекендейтін халықтардың тарихын бес саусағындай тамаша білетін байқампаз да дарынды ғалым ретінде танытты» -деп жазады академик Алия Бейсенованың 2005 жылдың 8 қыркүйегінде жариялаған «Жиханкез» атты зерттеу жұмысында.

Шоқанды ержүрек саяхатшы даңқына бөлеген 1858-1859 жылдары жасаған Қашқар сапары еді. Бұл мейлінше қауіп – қатерге толы сапар болатын. Өйткені қаныпезер қаталдығымен аты шыққан Қашқарияның билеушісі Қожа Уәлихан төре европалықтарға сенімсіздік білдіріп, Қашқария еліне келген европалықтарды аяусыз жазалап отыратын. Солардың бірі белгілі географ Адольф Шлагингвейт Уәлихан төренің жарлығымен басы кесіліп, қаза болған еді. Оның аянышты өлімі туралы деректі де сол жақтан Шоқан әкелген. Бұл туралы «Егемен Қазақстан» газетінде баяндалған «Шоқан – патшалық Ресейдің барлаушысы» атты мақалада (Амантай Кәкен, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметінің отставкадағы полковнигі) «Кадет корпусында әскери ілімдер – тактика, артиллерия, далалық фортификация, сызба геометрия, топографиялық сызу, архитектура пәндерімен танысты. Лагерьлік уақытта сапқа жайыоған топографиялық суертке түсіруге, саперлік және әскери – лабораториялық жұмыстарға, атысқа, қылыштасуға үйретілді.

Сөйтіп, Шоқан кадет корпусында дәріс алған пәндері ең алдымен соғыс мақсатында керекті дүниелер еді. Мұның барлаушылар үшін аса қажетті екендігі айтпаса да түсінікті», -дей келе Шоқанның барлаушылық қызметіне шолу жасайды. Министрдің арнайы сұранысына сай 1957 жылы ІІ Александр патшаның тікелей мақұлдауымен Қашқарға сапары жүзеге асқанын айтады. Бір жыл ішінде Қашқар сапарының бағыт- бағдары жұмыс жоспары құрылып, оған қатысатын адамдар тізімі жасалынады. Міне, осы сапарға бірден бір лайық жанның бірі Шоқан еді. Ол кезде Қашқарға бару өте қауіпті болатын. Цин әулетініңі ішкі саясатына наразы болған жергілікті халықтар көтерілісі ШығысТүркістанға аян болды. Сондықтан, қалыптасқан тәртіп бойынша Қашқария қақпасы Европа зерттеушілері үшін жабық болды. Орыс офицері түгіл, орыс әкімшілігіне қатысты жандардың ешбірі бұл елдің есігін қаға алмайтын. Осы жайда Қашқарда тұратын бір кемпірдің баласы 30 жыл бұрын Ресейге кетіп, сонда қалып қояды, сонда өледі. Осы оқиғаны өз мақсаттарына ұтымды пайдаланып, Ресейге кеткен қашқар көпесінің Әзімбай атты баласы болып Шоқан Қашқарға аттанады (Шоқанның зерттеуші- ғалым ғана емес сонымен қатар барлаушы екенін көрсетеді).Қашқария елінің саяси әрі экономикалық құрылымы, тарихы және этнографиясы бойынша көптеген деректер жинақтайды. Қоқандықтар арқылы Қашқарияның саяси, сауда қайраткерлерімен, мәдени өкілдерімен танысып, Алтышаһардың өткені мен бүгіні туралы құнда деректер алады. Бұл сапары туралы туралы Шоқан «Қашқарияға бару және Алатау тауына қайту жолының суреттемесі» атты еңбегінде баяндайды. Қашқарияға саяхат кезінде жолда шеккен ауыр азап Шоқан денсаулығына әсер етіп, науқасқа ұшырайды.

1859 жылы Петербургке келеді. Орыс ғалымдары оны ержүрек саяхатшы, Орта Азия мен Қазақстанды терең зерттеуші ретінде қарсы алады. Шоқан Азия департаментінің штатына тіркеледі. Бас штабтың әскери – ғылыми комитетінде, Сыртқы істер министрлігінде, орыс география қоғамында қызмет етеді. «Жоңғар очерктері», «Алтышаһардың немесе Қытайдың Нан- Лу провинциясындағы алты қаланың 1858-1859 жылдардағы жай-күйі» еңбектері 1861 жылы «География қоғамының жазбаларында" жарық көреді.

Шоқан 1864 жылы генерал Черняев өзі жасақтаған әскери экспедицияға шақырылады. Бұл экспедиция мақсаты Оңтүстік Қазақстанды Ресейге бағындыру болатын. Алайда, патша генералы Черняев әрекетінен халықты бейбіт жолмен қосу емес, керісінше бейбіт елді жазықсыз қанға бояу, қорқыту арқылы Ресей қол астына енгізуі анық байқалады. Черняев ісіне қарсы болған Шоқан бұл экспедицияны тастап, Верныйға қайта оралады.

1865 жылы қазақ халқының аяулы ұлы, аса көрнекті ғалымы әрі саяхатшысы мезгілсіз дүние салады.Шоқанның қазасы туралы да түрлі әңгімелер айталыды. Соның бірі 2010 жылы «Ана тілі» газетіне жарияланған «Шоқан қазасы кісіден болған ба?» атты Қазақстанның құрметті журналисті Серікбай Алпысұлының мақаласы. Шоқан жерленген жер де (бұрынғы Талдықорған облысы, Кербұлақ ауданы Шаңқанай деген жерде), оған қойылған тастағы жазу да бертініректе 1945 жылдары табылған. Алматыдан келген ғалымдар сол жерді қазып, күйген кірпіштен шегенделіп жасалған қабірден офицерлік киіммен жерленген Шоқан мүрдесін табады. Бұл жерде көңіл аударатын жайт- Шоқанның мұсылманша емес, христианша киіммен жерленуі. Патша үкіметіне қанша берілді десе де, Шыңғыс та, Тезек төре де дінінен таймаған адамдар. Ендеше аты әйгілі Тезек төренің күйеу баласы, есімі қазақ жеріне мәшһүр Шыңғыс ұлы Шоқанның туған жерге әкелінбей жұмбақ жерленуі неде? Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының бұрынғы Бас мүфтиі Рәтбек қажы Нысанбайұлының «Исламдық жерлеу рәсімдері» (Алматы, 1995 ж. «Дастан баспасы») деген кітабында «Шахид өліміне» (18 бет) нақты анықтама берілген. Бұл ажалы кісіден, кездейсоқ апаттан болған мұсылманның өлімі. Шариғат бойынша, ондай кісі кебінделмей, үстіндегі киімімен қойылады екен. Шариғат заңдары онша бұрмаланбаған заманда Тезек төре ауылы осы рәсімді орындауы әбден мүмкін.

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Қазақ Совет энциклопедиясы




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!