Құрметті қонақтар! Балалар! Алтын күз мерекесіне қош келдіңіздер! Ел байлығын арттырған берекелі де мерекелі алтын күз мерекесі құтты болсын. Сары алтындай сары күз себетке толы жемісін, қамбаға толы егінін сыйлайды. Ендеше «Алтын күз» атты мерекелік іс-шарамызды бастаймыз.
Айару:
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді.
Сезім:
Берекелі, мерекелі,
Келді жомарт алтын күз
Қалада да ,далада да
Жанның бәрі жарқын күз.
ЕРАСЫЛ:
Сау-сау етіп жапырақ
Сабағынан үзілді,
Қоңыр тартып атырап
Қөкке құстар тізілді.
Амели:
Жемісі мол теретін
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген
Линара:
Осень, осень не спеши
И с дождями подажди
Дай еще нам лета,
Сольнишко и света
Хор « Сары жапырақ»
-Балалар айтындаршы кәзір жылдың қай мезгілі?
-Күзде қандай құбылыстар болады?
-Күзде неше ай бар?
Күтпеген сәт;
Осы кезде «Алтын күз» себетке салған жемістері бар. (билеп кіреді, әндете жөнеледі)
Алтын күз:
Өрік, алша
Шие, алма,
Жидек, жүзім піседі
Қауын ,қарбыз
Қияр, сәбіз
Дүкендерге түседі
Балалар
Күзде дейді
Алтын күз:
Бұлттар төніп
Жерге шөгіп
Дымқыл тұман болады
Шөп сарғайып
өңі тайып
дала сұры қашады
бой жаза алмай
ойнай алмай денең мұздап тонады бөбектерімай тындарңдар бұл қай кезде болады?
Балалар:
-күзе.
Алтын күз:
Жарайсындар балдырғандарым менің өлең жұмбағымды бірден таптыңдар. Сендерге өз жемістерімді ала келдім.
Тәрбиеші:
Рахмет , «Алтын күз» сіздің жемістеріңізбен ойын ойнайық, кәзір ортаға екі баланы шығарып көздерін байлап, үстелдің үстінде туралған жемістер болады. Айырмен көзі байланған баланың аузына саламыз. Ойынның аты «Дәмінен тап» (музика ойнап тұрады)
Ата-анамен ойын: «картопты үзбей аш»
екі ата-ананы шығарып, қолына пышақ пен бір картоптан береміз. Ата-ана картоптың қабығын үзбей ашу керек
Би: «Қолшатыр»
Арпа, бидай ас екен
Алтын күмім тас екен,
Демекші біздің балалар дақылдар туралы тақпақтарын айтады.
Хадия:
Нан атасы бидаймын
Елге астық силаймын
Дәнім толып піскенде,
Қауызыма симаймын.
Адият:
Күміс мұртты арпамын
Ырыс құтты арпамын.
Еңбек етіп бапаған,
Еліме сый тартамын.
Алина:
Ақ, қарамын, сарымын
Мен өнімді марымын.
Халхым еңбек сіңірсе,
Қайтарамын қарымын.
Қайрат:
Мен сұлымын ұланның,
Тұлпарына ұнадым.
Бастаған әр диқанға,
Басымды иіп тұрамын.
Шаттық:
Күнді сүйген күрішпін,
Күллі жұртқа ырыспын
Алсын деп ел мол өнім
Ала жаздай су іштім.
Хор: «Тыныш, тыныш тыныштық»
Алтын күз:
Құрметті қонақтар біз енді сіздерге де жұмбақтар жасырғымыз келеді. Жұмбағымыз жыл құстары туралы.
Алтын күз:
Күзде айналып өткен еді,
Жылы жаққа кеткен еді.
Көктемде қайта келеді,
әсем әнін айта келеді. (тырна)
тәрбиеші:
көлдің көркі еркесі
қанаттары қөрпесі
бойын күтіп баптайды
ешкім оны атпайды ( аққу)
Алтын күз:
Қос жұдырықтай жүректі,
Үй етіп, балапандарын түлетті «қарлығаш»
Тәрбиеші:
Көктемде ұшып келеді,
Жаздай концерт береді (бұлбұл)
Би: « Қарақшы»
ән: «Ағылшынша» орындайтын Сезім
Алтын күз:
Айналайын балаларым өнерлерін көп екен. Риза болып отырмын. Мен қайтатын кез болды. Аман –есен болыңдар . Еңбек етіп, ойнап-күліп, шырқап әнге салыңдар.
Тәрбиеші:
Рахмет саған алтын күз.
Балалар осымен біздің күз туралы мерекеміз аяқталды. Мерекеге жақсы қатысқандарың үшін баріңе рахмет...
Хош келдің жаңа жыл
Екінші кіші топ «Көбелек»
Балалар залға қол ұстасып кіреді. Жалпы би биленеді
Балалар отырады
Жүргізушілер:
1.жүргізуші
Қайырлы күн құрметті қонақтар
2.жүргізіші
Қайырлы күн құрметті ата-аналар
1.жүргізуші
Хош келіпсіздер біздің бүгінгі мерекемізге, сіздерді келе жатқан жаңа жылдарыңызбен құттықтайыз
2. жүргізуші:
Әр отбасыға береке, тыныштық, шаттық , мына аяқ басқалы тұрған жаңа жыл құтты жыл болсын.
1жүргізуші
2-ші кіші «Көбелек» тобының шағын мерекелік ертенгілігін ашық деп жариялаймыз
2 жүргізуші: кәзір сөз кезегін Балабақша менгерушісі Сердобинцева И.А. ханымға береміз.
1 жүргізуші: Балалар қарандаршы, біздің залымыз қалай әсем болып кеткен.! Далада кәзір қыс, ал біде-жана-жыл мерекесі. Осы шыршамыздың қасында әсем әнімізді шырқайық, тақпақтарымызды айтамыз
Тақпақтар:
Нұртай :
Жаңа жылда балалар,
Тек қуаныш көріңдер
Ауырмаңдар ешқашан
Мықты болу өзіңнен
Алан:
Аспан жерге төгеді
Ақ күмісін уыстап
Жаңа жылда келеді
Бізге қарай жылыстап
Қалима:
Әдемілепбіз ілген
Ойыншықтар тізілген
Қандай әсем шыршамыз
ән шырқайық баршамыз
Адият:
Тоғайда дабауларда
Ақ күміс жамылды
Далада да таулар да
өзіңді сағынды
Ерасыл:
Оралды өлкеме
Жаңа жыл, армысың!
Оранды ақ көрпе
Асқар тау қарлы шың
Камила:
Аяз ата келіп тұр
бізге салем беріп тұр
Сақалының ұзынай
Кесіп алсам шіркін ай!!!
Ән: Аппақ аппақ жапалақтап
1.Ж: балалар мына үй кімдікі екен? Мына үйде кім тұрады? Мына қоңырауды қарандаршы?
(звондайды)
(уйден Ақшақар шығады)
Ақшақар:
Сәлеметсіздерме балалар! Мерекелерің құтты болсын!
Сүйсіндірер маңайды,
Жалт-жұлт еткен жүзімен
Күміс сәуле тарайды
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
әнмін, жырмын, тақпақпын!
Балалар кәне баріміз орнымыздан тұрайық, шыршаның шамдарын жағайық . Жаңа жыл тойын ашайық,
Балалар, кәне, маған көмектесіндер шыршамыз мені естімей тұр, бәріміз бірге айтайық:
Қуант бізді таңырқат,шамдарыңды жарқырат!
ОЙ, қандай адемі, керемет шамдары: жасыл,қызыл,көк
Ақшақар: балалар сендер шамдармен ойнағыларын келеме?
Кәне мындай сөздер айтайық: «аяқпен тарсылдатсақ шамдар сөнеді, алақанды соқсақ, жанады шамдарымыз
Ал енді «Би» билейміз»
Ақшақар: Рахмет сендерге кішкентай менің достарым. өлеңдерің қандай тамаша. Маған ұнады мен жай келген жоқпын сендерге әкелген тамаша ойыным бар.
Ойын Қаршықтармен
Ж: Ақшақар мына ойының біздің балалар ға қатты ұнаған сияты. Рахмет саған Ақшақар!
Қоян:
Құтқарыңдар, құтқарыңдар
Ж. Қоян-ау саған не болды?
Қоян: Түлкі қуып келеді. Мен Аяз атаны қарсы алуға шығып едім, түлкі соңымнан қалмады, содан қашып келем
Ж: түлкі не болды тиме қоянға!
Түлкі: Ой салеметсіздерме (қылымсып) балалар, мерекелерің құтты болсын, мен жай қоянмен ойнағаным гой. Мен қоянның ізіне түсіп, осы мерекеге келгенім го . Білесіздер гой, қоян қыбыр еткен нәрседен қаша беретінін.ҚҚҚООЯЯН бүгін мереке го балалармен ойнайықта
Ойын «4 қадам»
Ж: Түлкі рахмет біздің балалардыңөнерлерін тамашала
Балалар тақпақ айтады:
Айару:
Жана жыл жаңа жыл
Жаңа жылға жаңа жыр
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр
Амели:
Тамаша, тамаша!
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.
Бекзат:
Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрле төрле жана жыл
Бізге құтты жыл болсын.
Сезім:
Ақ қар жапты даланы
Ақ жамылды айнала
Жарқыратып шамдарын
Шырша келді ортаға
Айдос:
Жасыл желен жамылған
Асыл моншақ тағылған
Міне сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағынған
Анель
Жылдың әнін бастайын
Аяз-ата кеп қалды
Майысады жас қайын,
Көтере алмай көп қарды
Б. Анель
Бақша іші мереке
Ойын күлкі асқақ ән
Жақсы апкелер жаңа кеп
Мерекені бастаған
Арсен:
Жаңа жылды қарсы алдың
Мініп алдың күймеге
Мен де бүгін ән салдым
Араластым биге де
Қоян: Рахмет балалар, кәне менімен шеңберге тұрыңдар менімен би билейк
Би: «қоян би билейді»
Ақшақар: Ай қу түлкі жүрген жерін шу түлкі! Сен аяз атаны көрген жоқсынба? Біздің мереке басталып кетті, ал Аяз ата әлі жоқ.
Түлкі: Ол балалардың сыйлықтарын дайындап келем деген, орманда адасып қалған шығар, ал мен барып іздеп келейін.Қоянды бірге ала кетейін.
Ж: шынында да, қоян мен түлкі Аяз атаны тезірек алып келсін. Ал біз ән айтып би билейік
Ән: « Қыс келді»
Ақшақар: Балалар Аяз ата алі жоқ кәне барлығымыз шақырайық
-Аяз ата!!! (Аяз –ата қоянмен кіреді)
-Сәлеметсіздер ме балалар?
-Сәлеметсіз бе Аяз ата!
Аяз ата: Амансын ба ұлдарым
Есенсіңбе қыздарым
Қандай жарқын жүздерің
Қандай әсем жырларың
Керемет бір ән тындап
Келіп тұр-ау демалғым
Ақшақар, қызым амансыңба?
Ақшақар: Сәлеметсіз бе Аяз ата!
Ж: Әсем ән де, би де бар.Отыр ата сәл демал
Ән « жеке орындау»
Ж: Аяз ата біздің балалар саған тақпақты да айтып береді
Тақпақтар:
Алина:
Қайда қызық думан болса
Аяз ата сонда болды.
Балалармен бірге ойнап
Балалармен бірге қонды
Линара:
Жапалақтап ақша қар
Жауды күнде қайталап
Қырға шықты балалар
Шанғыларын арқалап
Жасмин;
Ақ қар жапты даланы
Ақ жамылды айнала
Жарқырытып шамдарын
Шырша келді ортаңа
Аман:
Ауыл маңы қар аппақ
Қызықтар көп не түрлі
Ақ дәптерді парақтап,
Қыс отырған секілді
Шаттық:
Жасыл шырша орманнан
Бізге арнайы келіпті
Ойыншығын балалар,
Шырша әсем іліпті
Хадия:
Әсем шырша сәндеген
өз аңдарын күтеді
жаңа жылмен бірге біз
орманға кеп жетеді
Қайрат:
Міне тағы келіп тұр
Жаңа бір жыл балалар
Жадыратып жер үстін
Төрімізге ол шыққан
ж: Аяз ата біздің бүлдіршіндеріміз сізге арнап тағы да би дайындапты
Би «Хореография» «Қояндар биі»
Аяз-ата: Ал балалар сендерге қоян әкелген сыйлықтарымды берейін. Мынау не? Ішінде не бар? (Ойыншықты алып шығады))
Аяз ата: Қоян, балалардың силықтары қайда?
Қоян: бұл сыйлықты маған түлкі берді.
Аяз ата: Ой аңқай басым-ай. Қу түлкі сендерді де, мені де алдап бар сыйлықты өзі алмақшы ма? Қайда өзі????
Тілкі кіреді(құйрығын бұрандатып, аяқтарын кербең басып)
-Сәлеметсізбе жаңа жыл құтты болсын не болды аааатаа ссоооншша ренжіп? Мен бар сыйлықты бердім.
Аяз ата: Кәне бар шыныңды айт, қайда сыйлықтар??? Айтпесе қатырып тастаймын.
Түлкі: Ау аяз ата менің ондай арам ойым болған емес. Мен сенімен әзілдегенім го. Кәзір беремін. (ойланып)
Ақшақар мен Қоян: ТАПТЫҚ, ТАПТЫҚ! Аяз ата! Балалар міне сыйлықтар түлкі сыйлықтарды шыршаның астына тығып қойыпты.
Түлкі: Кешіріңдер мені.! Мен әзілдегенім го!
Аяз ата: АЙ Түлкі жүрген жерің қу. Жарайды бүгін жаңа жыл сондықтан біз сені кешіреміз. Қызым мына сыйлықтарды балалрға таратып берерсің. Менң басқа да балалар күтіп отыр. Жаңа жыл құтты болсын. Сау болыңдар.
Жүргізуші: Көңілде көп қуаныш
Әр көңілде жақсы үміт
Кетер жылға мың алғыс
әкелген көп жақсылық
жаңа жылда алдағы
Көңіл өсіп кеңейсің
Ортақ ойы арманы
Жақсы дәстүр көбейсің.