БҚОӘББ «Жоғары аграрлық-техникалық колледжі» МКҚК
Сабақ жоспары
Баққожа Мұқайдың «Өмірзая» романы.
(сабақ тақырыбы)
Пән атауы: Қазақ әдебиеті.
Дайындаған педагог: Акишева Заурет Исаевна.
2022 жылғы « » ______03______
1.Жалпы мәліметтер
Курс, топ: МГ-311.1қ, ТЖ-118.1қ, ТЖ-115.1қ, СТ-611.1қ
Сабақ типі: Дәстүрлі.
2. Оқыту мақсаты: Тарихи және көркемдік құндылығы, заманауилығы мен жаңашылдығына баға бере отырып әдеби эссе немесе әдеби сын жазу.
Сабақ мақсаты: (тәрбиелік мақсаты)
(құндылықтарды игерту).
Жалпыадамзаттық құндылықтар:
адамгершілік, мейірімділік, әділдік
Еліміздің құндылықтары;
рухани жаңғыру, ұлттық кодтың сақталуы. Бағалау критерийлері:
1.
Көркем шығармадағы заман көрінісі мен қазіргі заман көрінісін салыстырады, бағалайды;
2. Шығарманы көркемдік-эстетикалық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазады;
1.1 Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі 2. Блум таксономиясы: Білу; Түсіну; Қолдану; Талдау. Бағалау: Шығармадан алған тәрбиелік танымды өмірмен салыстырып көріңіз.
3. Сабақты жабдықтау
3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер:
Слайдтар, қосымша-дидактикалық материалдар, оқулық әдебиеттер, бейнероликтер, аудио, видео құрылғылар.
3.2 Техникалық құралдар, материалдар, сілтемелер, ресурстар: Презентация.
http://m.adebiportal.kz/kz/retailing/view/325
4. Сабақтың барысы
Сабақтың басы_(10 мин)
Амандасу. Түгендеу. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру:
Білу; Түсіну.
Үйге берілген тапсырмаларды сұрау, тексеру. а) Үйге берілген тапсырмалар сұралады.
Қызығушылықты ояту
Миға шабуыл
1. Аяғанның басынан қандай қиындықтар өтті?
2. Бүгінгі күнде өмір сүрсе, кейіпкер осы қиындықтар оның алдынан бәрібір шығар ма еді?
Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын, бағалау критерийлерін анықтау.
Үйге оқуға берілген шығарманың композициялық құрылымына талдау жасалады.
Оқиғаның басталуы: (Аяғанның қудалануы)
Оқиғаның дамуы: (Шындық іздеуі)
Оқиғаның шиеленісуі: (Абақтыда)
Оқиғаның шарықтау шегі: (Жындыхнанаға жабылуы)
Оқиғаның шешімі: (Аяғанның азапты өлімі)
Сабақтың ортасы: Қолдану; Талдау.
Мағынаны тану кезеңі. 1 топ
Ұрпақтар алшақтығы: әке мен баланың мақсат-мүддесі, өмірлік ұстанымына байланысты туындаған келіспеушіліктер көрінетін эпизодтарды (Мұсахан, Алдияр, Қуат, Ес ақсақалдар мен балалары) мысалға келтіріп, заман көрінісіне баға беріңіздер.
2 топ
Мына эпизодты шығармадан тауып, бүгінгі өмірмен байланыстырыңыз: бүгінде өзектілігі бар мәселе ме?
- Жетпіс жеті жыл ғұмыр кештім. Біздің ғұмыр құлдықпен өтті. Өмір – зая... Ұлыиіс деген жалғыз немерем бар. Қазақпын деуге намыстанады. Ол – менің болашағым. Бөтен. Мен де оған бөтенмін... Жатпын (95 бет).
3 топ
«Соғыс: сөнген шоқ, өшкен арман»: қазақ ерлерінің басқа елдегі соғыстарға қатысуы туралы автордың көзқарасы қандай? (81-82 бет)
4 топ
Келесі үзіндіде қандай мәселе көтерілген? Бұл мәселе бүгінгі таңда шешімін қалай тауып жатыр:
– Əй, əділетсіз өмір-ай!– деп күйіне сөйледі жігіт пəтеріне қарай кетіп бара жатып. – Ата-бабамның қаны сіңген ұлан-ғайыр мекеннен алақандай жер тимеді-ау бізге. Əлі күнге көрінгеннің есігінде жүрміз (71-72 бет).
Бағалау «Екі жұлдыз, бір тілек»
Дескриптор:
эпизодтардағы заман көрінісін бүгінгі өмірмен байланыстырады;
шығармадағы заман көрінісіне баға береді;
пікірін мысалдармен дәйектейді.
2 тапсырма
Шығармада көтерілген мәселелерді екіжақты қарастырып, оның шығармадағы көрінісін бағалаңыздар:
1 топ – жұмыс/жұмыссыздық
2 топ – ой/сөз еркіндігі
3 топ – сыбайластық
4 топ – тіл
Топтар жұмыстарын сағат тілі бойынша бір-бірімен алмастырып, жұмыстарын толықтырады.
3 тапсырма
Эссе туралы түсінік.
Эссенің жазылу құрылымы:
1. Кіріспе. Тақырыптың негізгі мәні мен негіздемесі тезис түрінде көрсетіледі;
2.Тақырыпты дамыту: Тақырыпқа сәйкес бар біліміңізбен: теория, фактілер, идея, ақпараттар, паралелдеу, аналогия, ассоцация, теңеу, сұрақтар қою, т.б. қолданып, дәлелдейсіз (аргументация).
Мыс.1.Аргумент, түсіндіру, мысал (факт), байланыстырушы сөйлемдер.
2. Аргумент, түсіндіру, мысал (факт), байланыстырушы сөйлемдер;
3. Қорытынды. Жалпылау мен аргументтеріңіздің логикалық қорытындысы. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні».
Дескрипторлары:
Тақырыпқа қатысты эссе құрылымын сақтап жазады;
Шығарманың жаңашылдығы, шынайылығы неде екенін анықтай алады.
Кері байланыс
Рефлексия Сабақтың соңы (10 мин)
«Бес саусақ» әдісі.
Бас бармақ – мен үшін маңызды және қызықты.
Сұқ саусақ – мына сұрақ бойынша мен нақты жауап алдым.
Ортаңғы саусақ – мен үшін қиын болғаны (маған ұнамады).
Аты жоқ саусақ – мен психологиялық ортаны қалай бағалаймын.
Шынашақ – мен үшін жеткіліксіз болды.
Үй тапсырмасы: (5 мин)
[8] 57-73 беттер, 68 бет, 1,-тап.