Ерте жас «Сылдырмақ» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің
конспектісі.
Тәрбиеші:Ахметші Д.Д
Білім беру саласы: «Әлумет»
Пән: Қоршаған орта
Өтпелі тақырып: «Жер-Ана»
Тақырыбы: «Бақылдауық бақа»
Мақсаттары:
Тәрбиелік: қамқорлық қатынаспен байланысты мейірімділік сезімдерін тәрбиелеу.
Дамытушылық:
Оқыту: Балаларға кейбір қосмекенділер (бақа) сыртқы түрінің ерекшеліктері, мекен ету ортасы, шығаратын дыбыстары туралы түсінік беру
Педагогикалық технологиялар: Дамыту технологиясы,ойын технологиясы
Ресурстармен қамтамасыз ету:
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Жұмбақ шешу
Өзі қорқақ,
Аяғы талтақ
Көзі тостақ
Ол не балалар?
(Бақа)
2Негізгі кезең:
– Балалар, міне бізге қонаққа бақа келіп тұр.
– Балалар, сендер бақа туралы не білесіздер?
– Оның көзі, аяғы қандай?
– Бақа қандай дыбыс шығарады?
Қане осы бақадан оның басы неге жалпақ екенін, көзі неге үлкен екенін және бұты неге талтақ екенін сұрайық
«Бақа, бақа» өлеңінен диалг
Бақа, бақа, балпақ,
Басың неге жалпақ? (тәрбиеші)
Темір телпек көп киіп,
Басым содан жалпақ. (Қадырбек)
Бақа, бақа, балпақ,
Көзің неге тостақ? (тәрбиеші)
Көрінгенге көп қарап,
Көзім содан тостақ. (Қадырбек)
Бақа, бақа, балпақ,
Бұтың неге талтақ? (тәрбиеші)
Көп отырдым ерініп,
Бұтым содан талтақ. (Қадырбек)
Ия, балалар бақа терісі бұдырлы,
мүйізді болғандықтан құрлықта тіршілік етуге бейімделген. Бақа денесі кеуіп кетпес үшін, күндіз орманда ылғалды жерлерде: жапырақ, шөптердің астында, тышқандар мен көртышқанның індерінде, құлаған ағаш пен олардың тамырының астына жасырынып жатады, қорегін түнде аулайды. Жаңбырлы күндері күндіз де белсенді тіршілік етеді. Өрмекші, құмырсқа, жұлдызқұрт, ұлумен қоректенеді. Бақалар күз айында қысқы ұйқыға кетеді. Бақалар қыста ауаны өкпе арқылы емес, терісі арқылы қабылдайды.
– Балалар, біз бақаны секіреді дедік. Неліктен олар секіреді?
– Бақа бізге секіріп көрсетші
– Ой, бақа саған рахмет. Біз сен туралы көп мағлұмат білдік. Сен бізбен бірге әрі қарай, басқа да бауырымен жорғалаушылармен танысқың келе ме?
– Онда бізбен бірге бол.
«Жалғасын тап» ойыны
Шарты: Аталған құстардың, жануарлардың қалай қозғалатындарын жалғастарып айту.
Құс-… (ұшады)
Балық-… (жүзеді)
Бақа-… (секіреді)
Жылқы-… (жүгіреді)
Сергіту сәті:
Қане, қане тұрамыз
Қолды белге қоямыз
Отырамыз, тұрамыз
Орнымызды табамыз.
«Кім бірінші?» ойыны.
Ойын шарты бойынша балалар музыка аяқталғанша алдарынада бірнеше бөлікке бөлінген қағаз қиындыларын құрастырады. Музыка аяқталған кезде ойынды аяқтайды.
– Балалар ненің бейнесін құрастырдыңдар,
– Бұл-кесіртке.
Кесіртке жер шарының суық аймақтарынан басқа жерінің бәріне дерлік таралған. Бұлардың қазіргі кезде Қазақстанда 6 тұқымдасы кең таралған. Кесірткелердің көптеген түрі жерде жүреді, ағашқа, бұтаға өрмелей алады, құмға батып кететін түрлері де бар (батбат кесіртке). Денесі жалпақ, қысқа не ұзынша келеді аяғы кейбір түрінде өте жақсы жетілген.
Тілінің құрылысы да әртүрлі.
Көбінесе жалпақ, қалың етті, ұзын, ұшы екі айырлған болып та келеді.
Көздерінің қабағы қозғалмалы, ойнақшып тұрады. Қауіп төнгенде көбі құйрығын үзіп тастап қашады, бірақ көп кешікпей жаңадан құйрық пайда болып, бұрынғы қалпына келеді. Кесірткелердің көпшілігі жұмыртқалайды. Түрлі жәндікдермен, өрмекшілермен, құрттармен, құстардың жұмыртқасымен, түрлі өсімдіктің жұмсақ бөліктермен, жемісімен және тұқымымен қоректенеді.
3.Қорытынды: Балалардан бүгінгі оқу қызметінен алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрау.