СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Балабақшадағы және көшедегі қауіпсіздік

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаларға балабақшадағы және көшедегі қауіпсіздік туралы түсінік беру.

Просмотр содержимого документа
«Балабақшадағы және көшедегі қауіпсіздік»

Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қоршаған ортамен танысу.

Тақырыбы: «Балабақшадағы және үйдегі қауіпсіздік»

Мақсаты:балалардың балабақшадағы және үйдегі қауіпсіздік туралы түсініктерін қалыптастыру; қауіпті жағдайда өзін-өзі ұстау шараларын білуге үйрету; құтқару қызметі телефондарын қолдана білуге үйрету. Баланың зейінділігін, ептілігін дамыту. Алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана

білуге үйрету,үлкенді сөзін бөлмей тыңдауға баулу.

Сөздік жұмыс:электр құралдары,химиялық заттар

Қажетті құралдар:Қауіпсіздік тақырыбында суреттер, ойыншық телефондар.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушы

Тәрбиеші оқу іс-әрекетіне «Қауіпсіздік мектебінің» оқушысы Тазша бала (қуыршақ) қонаққа келгенін айтады. Тазша бала балалармен амандасып, өзін таныстырады.

  Балалар қуыршаққа қызыға қарап, оынмен амандасып, танысады.

Ұйымдастыру-іздестіру

Тазша бала ұстазы Алдар көсе қауіпсіздік туралы көп нәрсе үйреткенін айтады. Балалардан қауіпсіздік туралы не білетіндерін сұрайды? -Бір қарағанда өзің күнде кіріп-шығып жүрген балабақшада және үйде еш қауіп-қатер жоқ сияқты. Бірақ та , мүлдем олай емес.Мен сендерге суреттер көрсете отырып, балабақшадағы және үйдегі қауіпті жерлерді айтып беремін. Ал сендер арасында менің сұрағыма жауап беріп көмектесіп отырыңдар. 1. Балабақшада және үйде қалай ойнау керек? Доппен ойнауға бола ма? 2.Балабақшада және үйде сіріңкемен ойнауға бола ма? 3. Газ плитасын ересектердің көмегінсіз қосуға бола ма? 4.Электр құралдарын пайдаланғанда қандай сақтық ережесін сақтаймыз? 5.Жуынатын бөлмеде өзіңе таныс емес заттарды ұстауға бола ма? 6.Химиялық заттар қандай зиян келтіреді? 7. «Жеті лақ» ертегісіндегі лақтардың орнында болсаң не істер едің?

Балалар өз ойларын айтады.     Балалар тәрбиешінің көмегімен және суреттерге қарай отырып, сұрақтарға жауап беруге тырысады.

Рефлексивті-түзетушілік

Қорытындылау. Көмек керек болған жағдайда: -өрт болса, 01-ге -милиция қажет болса, 02-ге -дәрігер қажет болса,03-ке хабарласу керек.Қажетті нөмірге қоңырау шалғаннан кейін өзіңнің аты-жөніңді, мекенжайыңды және не үшін телефон шалғаныңды айтып беруің керек. Ойыншық телефондарды пайдалана отырып, алған білімдерін бекітеді.

  Балалар кезекпен телефон шалып, өрт сөндірушілерді, дәрігерлерді немесе милицияны шақырады. Ал Тазша бала шақыруларды қабылдап отырады.

Күтілетін нәтиже

Нені білу керек:

- Балабақшадағы және үйдегі қауіпсіздік

Нені игереді:

- Құтқару қызметі телефондарына хабарласуды

Нені біледі:

- Қауіпсіздік ережелерін