Май ауданы, Көктүбек селолық округі әкімі аппаратының
«Ақбота» бөбектер бақшасы мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны
«Балабақшада ойын технологиясын қолдану әдістері»

2018 жыл
Құрастырушы: Утеубаева Қарлығаш Қабиденовна
МҚКК «Ақбота» бөбектер бақшасының II санатты тәрбиешісі
Рецензеттері:
Сөйлеуді дамыту,қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру сабақтарында тәжірибеге алынған картина бойынша әңгіме құрастыру жөнінде жаңа әдістеме ұсынылды. Ойын технологиясын қолдана отырып әзірленген әдістеме. Әдістемелік нұсқаулықтар бейнелі, балалардың қабылдау үдерістеріне жақын, қолайлы ретінде көрсетілді. Қосымша беттерде картина, жай суреттер бойынша сонымен қатар сөздік жұмысын молайтатын әдіс – тәсілдер берілді.
Қазіргі кезеңде тапшы, нағыз қажетті материал ретінде көріп, осы жұмысымызды мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешілері, әдіскерлеріне ұсынамыз.
Түсінік хат
Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлау деңгейі-дәстүрден тыс және қызықты тапсырмаларды орындауға қажетті логикалық пайымдаулар құру, ой қорытуды жүргізе алу біліктерін қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізуге мүмкіндік береді.
Ойын – баланың жан серігі іспеттес. Қай бала болмасын ойнап өседі. Ойын сырттай қарағанда анау айтқандай қиындығы жоқ, оп-оңай тәрізді көрінуі мүмкін. Ал іс жүзінде бала үшін ойынға қатысты басқалармен тіл табысып, өзінің ойлаған ойын іске асыру оңай емес. Мысалы, рөлдерге бөлгенде балаға өзіне ұнамсыз роль тиюінің өзі-ақ көп нәрсені шешеді. Сонда ғана ойын өз мақсатына жетіп, тәрбиелік мәні арта түседі. Баланың әдепті, көргенді, қайырымды болып өсуі қоршаған ортасына, үлкендерге байланысты екені мәлім. Бала өмірінде көрген-білгендерін, ойға түйгендерін ойын арқылы қалай бейнелесе, үлкендердің көрсеткен үлгі-өнегесі қандай дәрежеде болса, балалар да тәлімде соны айқын бейнелейді.
Ойын технологиясының шығу тарихы
Қазақ елінің ғасырлары бойы аңсаған тәуелсіздікке енді ғана қолы жетсе, оны ілгері өркендетіп, өркениеттілікке жеткізу бүгінгі бала, ертеңгі күнің еңбеккерлеріне байланысты. Олай болса, еліміздің болашақ құрлысшылары бойына өмірге лайықты жаңа қасиеттер қалыптастыруды тәрбиеде бастау-шешуші мәнге ие болатыны шындық. Адамның болашағын шешетін тәрбие екендігі ежелден белгілі, көңілде жатталған ұлы түсінік болғанымен, оны педагогикалық, психологиялық тұрғыдан келгенде қалай жүргізу керек, қалай ұйымдастыру керек деген мәселе күн тәртібінен түспейтіні ақиқат. Адамзат өміріне тәрбие мәңгілік категория болса, онда ұйымдастыру, жүзеге асыру ешбір кезде ескірмейтін, қайта уақыт озған сайын жаңарып, жасарып, әрбір кезеңнің талабына лайық жетіліп отыратын құбылыс. Өмірге шыр етіп келген нәрестенің сәбилік шағынан бастап, қажетті деп танылатын адамгершілік сапаларды меңгерту ойынға байланысты.
Ойын - бала өміріндегі тәрбиенің шешуші шарты. Бала өзін қоршаған ортаны, өмір сүріп отырған айналасындағы заттар мен құбылыстарды ойын арқылы түсініп, ұғынады. Әрине, тек көру, байқау арқылы емес, тікелей араласып, іс-әрекетке көшіп, нақты қарым-қатынас барысында біледі. Мұны ұғынуда ойын шешуші мәнге ие болады. Былайша айтқанда, түрлі заттар мен құблыстарды, адамдар арасындағы қарым-қатынасты баланың білуі, сезінуі ойын негізінде жүзеге асады. Баланың таным түсінігі, іс-әрекеті ойыннан бастау алады да, оның ұшығы болашақ өмірінде жалғасын табады. Халқымыз ойындарды тек балаларды алдандыру, көңілін көтеру әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай олардың көзқарастарын, мінез-құлқын қалыптастыру құралы деп ерекше бағалаған. Ойын негізінен балаларға денешынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды құралы. Ойын балаларды ұйымшылдыққа үйретеді. Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, «Бала ойында қалай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан да ұқсас болады» - А.С. Макаренко осылай жазыпты. Сондықтан келешек қайраткер азаматты тәрбиелеу алдымен ойыннан басталады. Ойынның негізгі ерекшелігі - ол балалардың қоршаған ортаны - адамдардың қимылын іс-әрекеттерін, олардың бала қимылынан туған жағдайдағы қарым-қатынасын бейнелеуі болып табылады. Ойын процессінде сөйлесу қарым- қатынасы үлкен рөл атқарады. Сөйлесе жүріп, балалар пікірлесіп, әсер алысуы, ойынның түпкі ниетімен мазмұнын анықтайды.
Ойынның негізгі құрлымдық элементтері
*Ойынның түпкі ниеті,
*сюжеті немесе мазмұны,
*ойын әрекеттері,
*рөлдер ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесі.
Мектепке дейінгі мекемелерде «Ойын технологиясының» қолданылуы
Бала ойын ойнағанда өмірінде көрген-білгенін өзіне ұнаған адамның іс-әрекетіне еліктеп отырып бейнелейді. Бала үшін өзіне ұнаған адамнан артық ештеңе жоқ, оған барлық жағынан ұқсағысы келеді. Жалпы бала табиғаты өзін бірнеше есе үлкен ғып көрсетуге бейім. Тез есейгісі келіп, бәрін өзім істеймін деп талпынады. Баланың осы талпынысын мұқалтпай, сен үлкенсің, мен көмектесіп жіберсем, бәрінде өзің істей аласың деп, сенім білдіре тәрбиелеу ұтымды әдіс. Үлкен адам мен баланың айырмашылығы үлкендердің сана сезімі мен іс-тәжірибесінің молдығында ғана.
Ойын – баланың жан серігі іспеттес. Қай бала болмасын ойнап өседі. Ойын сырттай қарағанда анау айтқандай қиындығы жоқ, оп-оңай тәрізді көрінуі мүмкін. Ал іс жүзінде бала үшін ойынға қатысты басқалармен тіл табысып, өзінің ойлаған ойын іске асыру оңай емес. Мысалы, рөлдерге бөлгенде балаға өзіне ұнамсыз роль тиюінің өзі-ақ көп нәрсені шешеді. Сонда ғана ойын өз мақсатына жетіп, тәрбиелік мәні арта түседі. Баланың әдепті, көргенді, қайырымды болып өсуі қоршаған ортасына, үлкендерге байланысты екені мәлім. Бала өмірінде көрген-білгендерін, ойға түйгендерін ойын арқылы қалай бейнелесе, үлкендердің көрсеткен үлгі-өнегесі қандай дәрежеде болса, балалар да тәлімде соны айқын бейнелейді.
Бала жаны еліктегіш, ол үлкендердің іс-әрекетін үлгі ретінде қабылдайды да, оны ойын кезінде айқын бейнелеуге тырысады. Балалардың бір-бірімен достық қарым-қатынасының дұрыс қалыптасуында мақсатты жүргізілген жүйелі ойын процесінің тәрбиелік мәні мол. Балаларды ұжымға тез бейімдеуде де ойынды дұрыс ұйымдастырып өткізудің рөлі зор. Бала ағзаларының қимыл - қозғалыс қажетін дұрыс өтеуі негізінен ойын арқылы жүзеге асады. Ойын – баланы жан-жақты дамытып қана қоймай, өзін қоршаған әлеуметтік құбылыстың қыр-сырын түсінуіне әсер етеді. Үлкендер үшін еңбек қандай болса, балалар үшін ойын да сондай қажеттілік болып саналады.Ойын арқылы баланың дербестігін демеп, оны ілгері дамытуға деген сенім тәрбие саласындағы тиімді әдіс екендігін нақты сабақ барысындағы ойыннан жан-жақты байқауға болады. Баланың үлкені кішісіне қамқорлық жасап, достық қарым-қатынасының берік, бауырмал болуы олардың жастайынан бірге ойнап, бірге өсуімен де байланысты. Өйткені ойын балалардың бірлігін нығайтады, мүддесін біріктіреді. Ал ондай қатынас болмаса, бір отбасындағы балалардың өзі де бір-біріне салқын, жат-бауыр, керек десе бірін-бірі жеп көруге дейін баратын кездері де байқалып қалады. Ойын – оқу, еңбек іс-әрекеттерімен бірге адамның өмір сүруінің маңызды бір түрі. Оны мынандай кесте арқылы суреттесек те болады:
*Іс-әрекет
*Оқу-әрекеті
*Еңбек-әрекеті
*Ойын- әрекеті
Бұл жерде «Ойын» ұғымына анықтама берсек – бұл адамның мінез-құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірбиені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізіндегі іс-әрекеттің бір түрі. Адамзат тәжірибесінде ойын әрекеті мынандай қызметтерді атқарады:
Ойын – сауық;
Коммуникативтік немесе қарым-қатынастық;
Диагностикалық (ойын барысында өзін -өзі тану);
Коррекциялық (өзін-өзі түзету);
Әлеуметтендіру.
Ойын – адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін жетілдіріп, өз қажетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көрсетеді. Ойының ережелері ойнаушыладың қисынды ой қабілетінің бір - біріне деген сыйластық қажеттіліктерімен санасуы әр ойыншының жеке әрекетінен туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы ол қарсы мүмкіндігімен санасып, бір-біріне деген сенімін арттырады. Ойынның негізгі мақсаты - баланы қызықтыра отырып білімді берік меңгерту болса, мұғалімнің міндеті – сол ойын түрлерін пайдалана отырып, балаларды өздігімен жұмыс істей білуге, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу. Дұрыс ұйымдастырылған ойын әрекеті балалардың өзара қарым-қатынасын дамытумен бірге мұқтаждықтарын қанағаттандыратын істерді жүзеге асыруға дағдыландырып, пайдалы және өнімді әрекеттер жасауға баулиды
Ойынның сюжеті, мазмұны – бұл оның жанды тұлғасын құрайтын, ойын әрекеттерінің, балалардың өзара қарым - қатынастарының дамуын, көп жақтылығын және өзара байланысын анықтайтын нәрсе. Ойының мазмұны оны қызықты етеді, ойнауға ықылас пен ынтаны қоздырады. Ойын процессінде балалардың өздері ойнаушылардың мінез-құлық мен өзара қарым-қатынасын анықтайды және реттейтін ереже белгілейді. Ойын бала үшін нағыз өмір. Ойынның мазмұны мен ережесін, өзінің ойындағы рөлін пайдаланып, ойнаушылардың ынтасын басып тастамай, әдеппен ойынның барысын, олардың өзара қарым - қатынасын бағыттап отырады. Өзі де сол рөлге қатыса алады. Ойын оқу үстіндегі оқытумен де тығыз байланысты. Ойын ешқашанда өзінің қызықшылығын жоғалтпайды, тек оның мазмұны, сипаты өзгереді. Ойындар мазмұнына қарай , өзіне тән ерекшеліктеріне қарай сюжетті-рөлдік, драмалық, дидактикалық, құрлыс ойындары, қимылды ойындар, ұлттық ойындар болып бөлінеді.
Сюжетті-рөлдік ойындардың ерекшелігі сол, оны балалардың өздері жасайды. Ойынның дербес әрекеті айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар ұзақ та, қысқа да болуы мүмкін. Сюжетті –рөлдік ойында бейнелеу құрлыс рөл мен ойын әрекеттері болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктеу, шындықты көрсету болып табылады. Мысалы, «Дүкен» ойынын ойнағанда сатушымен сатып алушының әрекеттерін, ал «Аурухана» болып ойнағанда дәрігер мен науқастың әрекеттерін еліктейді. Педагог өткізілген ойынға талдау жасап, оның балаларға тигізген тәрбиелік ықпалын бағалауға, өз тобындағы сюжетті-рөлдік ойындарына одан әрі басшылық ету тәсілдерін ойластыруға тиіс. Сюжеттік-рөлдік ойындарды балалар өз беттерімен үш-төртеуі бірігіп ойнай береді. Бірақ олардың сюжетті өрбіте алмай, қарапайым ғана ойнап, әрі қарай не істерлерін білмей дағдаратын кездерін жиі байқауға болады. Соған орай тәрбиешінің міндеті - бастапқы кездері басшылық жасай отырып, ойынды өз мәнінде ойнай білуге үйрету. Ол үшін сюжетті-рольдік ойындарды талдап, ойнау жолдарын қалай кеңейтуге болатынын жан-жақты ойластырған жөн.
Драмалық ойындарда мазмұн, рөлдер, ойын әрекеттері қандай да бір әдеби шығарманың, ертегінің т.б. сюжетті мен мазмұнына шарттас болады. Ол сюжетті –рөлді ойынға ұқсас. Драмалық ойында балаға қандай болсын айқын тәсіл көрсетпеу керек. Ол үшін ойынның шын мәнінде ойын болғаны дұрыс.
Дидактикалық құрлыс ойыны – балалар әрекетінің біртүрі. Оның негізгі мазмұны қоршаған өмірді алуан түрлі құрлыстарды және соларға байланысты іс-әрекеттерді бейнелеу болып табылады. Құрлыс ойыны бір жағынан сюжетті - рөлді ойынға ұқсас келеді және соның бір түрі деп қаралады. Олардың қайнар көзі біреу – қоршаған өмір. Балалар ойын үстінде көпірлер, стадиондар, темір жолдар, театрлар, цирктер, т.б. ірі құрлыстар салады. Құрлыс ойындарында олар қоршаған заттардың, құрлыстардың көшірмесін жасап, құр бейнелеп қана қоймайды, сонымен бірге өздерінің шығармашылық ойын, жобалық міндеттердің өзіндік шешімін енгізеді.
Дидактикалық ойын балаларға мейліне тән оқыту формасы болып табылады. Оның арғы тегі ойынды өлең мен қимылмен ұштастыру негізінде көп нәрсеге үйрететін ойындарды жасаған халық педагогикасында жатыр. Мысалы, «Сиқырлы қалпақтың сырын ашайық» - деген ойында балаларды зат туралы айта білуге үйрету, олардың жүйелі сөйлеу қабілетін дамыту міндетін алға қою. Ойын міндеті - қалпақ астында не бар екенін білу.
Қазақ халқының тарихында ұлттық ойындардың көптеген түрлері балалық, жеткіншектік, жасөспірімдік шақтағы балалар тәрбиесіне пайдаланылады. Ал қазіргі кезде ұлттық ойындардың көпшілігі тәлім - тәрбие саласында зор педагогикалық құралға айналады. Ойын тек қана көңіл көтеру, көңілін шаттандыру ғана емес, ол өзінше ерекше қазақ халқының әлеуметтік өміріне байланысты тәрбиелік мағынасы зор жеке адамның дамып жетілуіне, қалыптасуына әсер етуші факторлардың бірі болған. Ұлттық ойын түрлері өскелең ұрпақтың көңіл көтеруі, ойын – сауық пен шұғылдануымен ғана шектелмейді, олар сол халықтың салт - санасын, дәстүрін, тұрмысын жағдайын білдіретін әрекетті көрсетеді. Кез келген ойынның түр сипаты - халықтың тіршілік тынысын бейнелейтін құбылыс. Мысалы, қазақтың «Көкпар» ойыны бір жағынан, халықтың әдет- ғұрыпын, салтын білдіретін болса, ал екінші жағынан адамның дене шынықтырып, ой–әрекетін дамытатын дәстүр болған. Ал «Ақсүйек» ойыны түнгі мезгілде балалардың байқампаздық қабілетін дамытуға әсерін тигізеді. Міне осындай түрлі ойындар арқылы халқымыз өз ұрпағын ойшылдыққа, тапқырлыққа, шеберлікке, дәлдік пен мергендікке тәрбиелеп отырған. Сондай - ақ ойын барысында бала қатар құрбыларымен қарым - қатынас жасау нәтижесінде жеке басының қасиеттерін дамыту мүмкіндіктеріне ие болады.
Іскерлік ойындар дегеніміз болашақ маманның кәсіби қызметінің пәндік және әлеуметтік мазмұнын, сол қызметке тән қарым-қатынас жүйесін модельдеу, елестету.
Ойындардың көбісі өздеріне мынандай 4 басты қырлары болады (С.А.Шмаков бойынша):
Еркін дамушы іс-әрекеттілік нәтижесімен немесе іс-әрекеттілік процессінің қамы үшін ғана емес тек баланың тілегіне байланысты қабылданады.
Шығармашылық, белгілі деңгейдегі импровизациялық осы іс-әрекеттіліктің өте белсенді мінездемесі (шығармашылық «жолы»).
Эмоционалды көтеріңкілік, қарсыластық, конкуренттілік және т.б.(ойынның табиғи сезімділігі «эмоционалдық кернеулік»).
Түзу немесе жанама ережелердің бар болуы, ойын дамуындағы логикалық мазмұнды ашу.
Ойын құрылымына оның процесі ретінде:
Ойнаушының өзіне алған рөлі;
Осы рөлдер реализациясының қоспасы ретінде ойын іс- әрекеті;
Пәндерді ойын түрінде пайдалану;
Ойыншылар арасындағы шынайы қарым-қатынас;
Сюжет (мазмұн) – ойындағы «шындық аумағы».
Іскерлік ойындарды дайындау барысында төмендегідей психологиялық-педагогикалық принциптерді жүзеге асыру қажет:
Өндірістің нақты жағдайлары мен динамикасын, кәсіби қызметтің іс-әрекеттің мазмұнын имитациялық модельдеу принципі;
Балалардың кейбір қиындықтар мен ойлу қайшылықтарын тудыратын тапсырмалық ойындар жүйесі арқылы берілген кәсіби қызметке тән проблемалық ахуалдарды жасау принципі;
Ойында көрсетілетін өндіріс мамандарының фунцияларын бейнелеуге қатысушылардың бірлескен қызметінің принципі;
Оқу тапсырмаларын шешуде, келісімді шешімдерді дайындауда және қабылдауда серіктестердің іс-әрекеттік және диалогтық қарым-қатынастарының шешуші рөл атқаруы принципі;
Оқу ойын іс-әрекеттің екі мақсаттылығы принципі. Іскерлік ойын болашақ маман тұлғасын дамытуда біршама маңызды міндеттерді шешеді: балалар мамандығына қажет білімдер мен дағдыларды меңгереді, әлеуметтік және кәсіби біліктіліктерді игереді. Бірақ, бұл маңызды іс-әрекет ойын формасында іске асырылаы да, оқушыларға интеллектуалдық, эмоциялық және шығармашылық тұрғыдан өзін көрсете білуіне мүмкіндік береді.
Оқытудың ойындық түрлері білімді игерудің барлық деңгейлерін пайдалануға мүмкіндік береді: өндеуден қайта жасауға, одан әрі негізгі мақсат- шығармашылық ізденімпаздық қызметіне дейін. Бұл сатылардан өте келе оқушы оқудың әдіс-тәсілдерін игере алады.Ойынды қолдана отырып оқыту технологиясының мақсаты да- оқушыны өз оқуының мотивін, өмір мен ойындағы өз мінез-құлқын түсінуіне, яғни өзіндік іс-әрекеттің мақсаты мен бағдарламасын қалыптастырып, оның жақын болашақтағы нәтижелерін алдын ала болжай білуге үйрету.Ойынның функциясы өте көп: дидактикалық, танымдық, оқытушылық, дамытушылық, тәрбиелеуілік т.б. Барлық ойынды танымдық деп атасақ қателеспейміз.«Дидактикалық ойындар» термині дидактика бөліміне мақсатты түрде кіргізілетін ойындардың бәріне тән. Баланың танымдық белсенділігін, интеллектісін дамытатын ойындардың бірнеше тобы бар:
1.Заттық ойындар – ойыншықтар мен заттар арқылы жүзеге асады. Ойыншықтар мен заттар арқылы балалар түрді, түсті, көлемді, материалдарды, адамдар мен жануарлар әлемін, олардың арасындағы қарым-қаынастарды т.б. зерттеп таниды.
2.Шығармашылық, сюжеттік – рольдік ойындар. Мұнда сюжет – интеллектуалдық іс-әрекеттің формасы. Мысалы, Саяхат ойындар. Бұған кітаптар, карталар, бойынша жасалатын географиялық, тарихи, өлкетанушылық, ізшілік т.б. саяхаттар жатады. Балалалар ойша геолог, зоолог, экономист, топограф, т.б. ролдерді атқарады, күнделіктер жүргізеді, хаттар жазады, түрлі танымдық материалдар жинақтайды. Бұл ойындарды балалар шығармашылық қиялын дамытудағы маңызы зор.
3.Дайын ережелері бар ойындар. Бұл ойындар, әдетте, баланың жұмбақты шеше білуді, тарқата білуді, болжай білуді, ең бастысы- пәнді білуді талап етеді.
4.Еңбек, техникалық, конструкторлық, құрылыс ойындары. Бұл ойындар ересектердің кәсіби қызметерін бейнелейді. Бұл ойындардың барысында балалар өз жұмысын жоспарлауға, керекті материалды жинақтауға, өзінің және басқалардың жұмысына сын көзбен қарауға, шығармашылық міндеттерді тез және дұрыс шеше білуге үйренеді. Еңбек белсенділігі таным белсенділігіне ұштасады.
5.Баланың психикалық сферасына әсер етуге негізделген жаттығу ойындары, тренингтер.
Өзара жарысқа негізделген бұл ойындар ойнаушы балаларға салыстырмалы түрде өздерінің дайындық, жаттығу деңгейін аңғартып, одан әрі жетілдіру жолдарын көрсетеді.Ең жақсы деген ойындар өз бетімен оқуға негізделген. Олар баланың біліммен, біліктермен және дағдылармен қаруландыруға бағытайды. Оқытудың екі негізгі компоненттен тұратыны белгілі: керекті ақпаратты жинау және дұрыс шешім қабылдау. Балалардың дидактикалық тәжірибесін толықтыратын да осы компоненттер. Бұл жерде психолгиялық сипаттағы дамыушы ойындарды да атап кеткен жөн: кроссвордтар, викториналар, ребустар, крипотограммалар және т.б.
Дидактикалық ойындардың нәтижелілігі, біріншіден, оларды қолданудың жүйелілігіне; екіншіден, ойын бағдарламаларының мақсатылығына тығыз байланысты. Ойынның мақсаты оқытудың басты мақсатымен үндес- баланың білуге, білімге деген құштарлығын ояту.
Балабақшада ойын не үшін керек ?
Жалпы технологиялық элементтерін қолдану.
Ойынды сабақ ретінде түсіндіру,пысықтау,тапсырманы бақылау түрінде қолдану.
«Ғажайып алаң», «Жұлдызды сәт», «Ақылдылар» ойындарын демалу үзілістерде ойнатуға болады.
Ойын технологиясының мақсаты:
1.Дидактикалық :Ой - өрісін кеңейту,танымдық қабілеттерін, білімдерін қолдану,еңбек іс-әрекеттерін дамыту.
2.Тәрбиелік : Өздігінен жұмыс жасау,ерік,адамгершілік қасиеттерін дамыту .
3.Дамытушылық : Есте сақтау,ойлау,салыстыру,қиялдау,дұрыс шешім қабылдау.
4.Әлеуметтендіру: Психотерапия,стресті бақылау,қарым-қатынасқа үйрену.
Тәрбиешінің мақсаты:
Нақты бала жасының мүмкіндіктерін дамытуға талпыну.
Алдынғы жастағы балалардың жетістіктеріне сүйену.
Баланың деңгейін ескере отырып,оқу-іс әрекетін дамыту.
Ойын түрінде өтетін сабақ арнайы ережелерге сүйенеді.
Ойын технологиясының функциялары:
Баланың ойын үстінде өзін-өзі көрсете білуі.
Баланың кез келген адаммен тіл табыса алады.
Ойын терапиясы.
Ойын-сауық.
Баланың ойын барысындағы қалыпты қылықтарының диагностикалық кемшілігі.
Баланың ойын үстіндегі іс-әрекеті.
Адамдармен қарым-қатынасы.
Салт-дәстүр.
Баланың бойындағы негізгі қасиеттер:
Еркін дамытушылық іс-әрекеті (баланың ойынға деген ынтасы және еркі).
Баланың шығармашылық және қиялдау іс-әрекеті белсенді дамыған.
Эмоциялық жағдай (баланың бәсекеге түсуі,эмоциялық қиындықтарды туғызуы).
Ойын мазмұнын көрсететін тура және жанама ережелердің болуы,оның уақытылы және логикалық дамуының жүруі.
Ойынның құрамы:
Ойынның мазмұны.
Ойынның шарты бойынша іс-әрекеттер.
Ойын заттарын кеңінен пайдалану.
Балалардың өзара қарым-қатынасы.
Бала өзін ойын кейіпкері ретінде сезіну.
Ойын әдістемесі:
Пәндік
Сюжеттік
Рөлдік
Драматизациялау
Іскерлік
Имитация
Ойын –сабақты дайындау, талап ететін ережелерді сақтау:
Алдын –ала жүргізілген жұмыс өткізу түрі мен сұрақтарды талқылау.
Алдын –ала рөлдерді бөліп беруі тиіс.
Бұл танымдық іс-әрекетті ұштай түседі.
Ойынның қажетті көрнекті құралдарды орынды қолдану.
Ойының нәтижесі. ( Әділқазы алқасы)
Ойын сәттері. ( ән айту,би билеу т.б.)
Педагогикалық ойындарды қолдану салалары:
Дене шынықтыру;
Интеллектуалды;
Еңбек;
Қоғамдық;
Психологиялық.
Ойын –сабақты дайындау, талап ететін ережелерді сақтау:
Алдын –ала жүргізілген жұмыс өткізу түрі мен сұрақтарды талқылау.
Алдын –ала рөлдерді бөліп беруі тиіс.
Бұл танымдық іс-әрекетті ұштай түседі.
Ойынның қажетті көрнекті құралдарды орынды қолдану.
Ойының нәтижесі. ( Әділқазы алқасы)
Ойын сәттері. ( ән айту,би билеу т.б.)
Көңілің аудару,шаршағанды басу.
Іскерлік ойынның жүргізілу технологиясы
(М.Валиеваның құрастыруы бойынша):
Дайындық кезеңі
Ойынды дайындау:
Ойынға кіріспе:
Ойынды жүргізу кезеңі
1.Топтық жұмыс:
Әдебиеттермен жұмыс;
Тренинг;
Ойлану;
Ойыншылармен жұмыс.
2.Топ аралық жұмыс, пікірталас:
Талдау және қорытындылау кезеңі
Ойынға қорытынды жасау;
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілгендей, оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологиялар енгізілуі керек. Бұл орайда біздің балабақша “Тәй-тәй” технологиясы бойынша жұмыс істеуде. Ондағы басты мақсат – балалардың шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамыту Балалардың ой-өрісін үздіксіз дамыту үшін сабақты ойын арқылы өткізудің маңызы зор. Ойын баланың кез келген пәнге қызығушылығын оятып, болжау қабілетін дамытады. “Баланы ойын өсіреді” деген даналық сөз бар. Ойын – балалар өмірінің нәрі. Ойынды баланы алдаушы құрал ретінде ғана қолданбай, ойын арқылы баланың дүниетанымын қалыптастыруға, қиялын шыңдауға, баланың арман- тілегін білуге, зейінін, жадын қалыптастыруға, ойлау қабілетінің дамуына әсер етуге болады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Бүкіл оқыту барысында оның әртүрлі жақтарын қамтамасыз ететіндей бір мезетте бірнеше технология қолдану керектігіне тәрбиеші назар аударуы қажет. Нақты өмірде бұл жағдай әрқашан іске аса бермейді. Неге десеңіз, тәрбиеші бір технологияны немесе оның бір көрнекті элементін ғана практикада қолдануға бейім тұрады. Әртүрлі технологиямен жан-жақты қамтылуды талап етеді, бүтін болғанда ғана технология педагогикалық тұрғыда әсерлі болады.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Ф.Н. Жұмабекова. «Мектепке дейінгі педагогика» 2012 ж
2. Бала тәрбиесі – №10.2016ж
3.Мектепке дейінгі ұйымда жобалау әдісін қолдану.
Начало формы