Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті қонақтар, ата аналар мен ұжымдастар және бүгінгі біздің балабақшамен қоштасқалы отырған бүлдіншіндер.
Жүргізуші : Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңызда,
Мұндай күн болды сірә қаншаңызда.
Қол соғып қошеметпен қарсалайық,
«күн шуақ» тобының түлектері ортаңызда
Жүргізуші: Жақсылық сыйлап баршаға
Түлектер келді ортаға
Тербеліп вальс билесі
Қошеметтейік қол соға!
Би: «Вальс»
Би билеп болған соң балалар өз орындарына отырады.
(Музыка әуенімен ортаға Майя келеді. Қолында әдемі гүлі бар.)
Майя: Ооо, сәлем менің достарым,қандай әсем билерің,естіп әсем әуенді.Сендерге қарай ұшып келдім.Мен Биллиді іздеп жүр едім сендер көрмедіңдер ме? Ол қайда кетті екен, қап, тағы бір жерде ұйықтап жатқан шығар.Балалар сендер неге әдемі болып отырсыңдар?
Балалар: Өйткені бізде мереке, балабақша бітіру кеші.
Майя: Ааа түсінікті.Менің білуімше мектепке тек ақылды, білімді, тапқыр балалардығана алады ғой иә?
Балалар:Иә
Майя: Онда менің сендерге сыйлығым бар.Ол мына әдемә гүл.Мын гүлдің әр бір күлтешесі тілектеріңді орындайды. (Майя тәрбиешіге гүлді ұсынады.) Менің сендерден кеткім келмей тұр.Бірақ мен Биллиді іздеп табуым керек. Ал егер мені көргілерің келсе осы гүлдің соңғы күлтесін жұлғанда мен ұшып келемін. Көріскеше достар.
Жүргізуші: Рахмет саған Майя, сені асыға күтеміз. Балалар мында сендердің ата- аналарың, қонақтар келіп отыр иә, онда мына гүл сендерің мамаларың мен қонақтардың тілектерін орындасын келістік пе? Қане онда бірінші гүлдің күлтесін балабақша мекңгерушісі Г.Боранбекқызына ұсынайық.
1-күлте: Менің тілегім мен мына кішентай әдемі балалардын әдемі тақпақтар естігім келіп тұр.
Жүргізуші: Тілегіңіз орындалады.Солай ма? балалар!
Өстік біздер мінекей,
Жаттап талай тақпақты.
Бала күнім бал дәурен
Ұмытылмас шақ тәтті.
Күндей нұрлы көктемін
Шақырады мектебім
Бала бақша қош енді
Ұмытылмас шақ тәтті.
Балабақша есігін
Сәби болып ашқанбыз
Балапандай мәпелеп
Өсіреді бақшамыз.
Мектепке енді барамыз,
Оқимыз сауық құрамыз,
Қашық емес арамыз
Бақшаға келіп тұрамыз
Ән «Тәрбиеші»
2-күлте: Балалар мына гүлдің 2-ші күлтесін Аделяның мамасына жұлдырайық.Ол кісі өзінің тілегін айтсын.
Биледіңдер тамаша, ән айттыңдар жараса,енді шіркін болса ғой бір көрініс жаңаша.
Жүргізуші: Тілегіңіз міндетті түрде орындалады.
(Музыка әуенімен Али мен Айя кіреді.)
Айя: Ал мен саған айтам оқығым келмейді.
Али: Айя оқу деген керек қой, егер оқымасаң еш нәрседе білмей қаласың ғой.
Айя: Али маған оқу не керек.Менің көжегім бар, көжегіммен ойнап жүре беремін.Ал бір нәрсе керек болса саған айтамын, сен бәрін білесің ғой.
Али: Мен сенің қасыңда үнемі жүрмеймін ғой, маған оқуымды жалғастыру керек, Мен қалаға кетемін, оқу оқимын.
Айя: Неге оқисың сен бәрін білесің ғой, қане қолыңды соө, алдыға, артқа, отыр, тұр енді жүгір.Әне бірін білсеің.
Али: уфф шаршадым, Айя айтшы сен қалай білімсіз жүрсеің ааа?
Жүргізуші: Балалр сендер бірдеңе түсіндіңдер ме? Ал мен ештеңе түсінген жоқпын.Қазір сұрап көрейік, біздің мерекемізде не істеп жүргендерін. Құрметті Айя маған айтыңызшы, сіз біздің мерекемізде не істеп жүрсіз.
Айя: Не сендерде мереке ме? Мен бұл туралы ештеңе білмеймін. Неге маған ешкім айтпаған.
Жүргізуші: Ой сенің біздің мерекеге қатысқың келгенін білмеппіз. Біздің мерекеміз тек мектепке баратын балаларға ғана арналған.
Айя: Туу, міне тағы мектеп, ештеңе естігім келмейді. Апа, апа, апа
Апа: Не боп қалды ботам,құлыным, жаным сол, міне бауырсақ жейсің бе?
Айя: Апа мен сені ол үшін шақырған жоқпын.
Апа: Менің күнім не қалайды, айта ғой жаным.
Айя: Апа- ау неге бәрінде мереке ,ал бізде мереке жоқ
Апа: Ааа кімде мереке.(апа кетіп қалады.)
Жүргізуші: Біз балабақшамен қоштасу кешін жасап жатырмыз.Біздің балалар енді мектепке барады.Олар ол мектептен білім алып көп нәрсе білетін болады.
Айя: Міне тағы мектеп.Оқымасақ ештеңе білмейтңн сияқтымыз.
Али:Кім біледі сол айтсын.
Неге қар ериді.
Қалай жаңбыр жауады.
Неге күндіз аспаннан,
көрмейміз біз жұлдызды.
Неге түйе өркешті.
Неге жасыл шөптер бар.
Неге тәтті. Неге ашты.
Неге кішентай бала, құмар бәрін білуге.
Осылардың жауабын аламыз біз мектептен.
Жүргізуші: Балалар енді гүліміздің 3-ші күлтесінқонағымыз Алиге берейік, оныңда тілегі бар шығар.
3-күлте: Мен бәрінен шаршадым. Мен бір жақсы ән естігем келеді.
Жүргізуші: Тілегің міндетті түрде орындалады, солай ма балалар?
Ән «Балабақша»
Жүргізуші: Біздің балалар балабақшадан көп нәрсе үйренді.Ән айтып, сурет салып, тақпақ айтуды.Ал мектепке барғанда оданда көп нәрсе білетін болады.
Айя: Ал сендер білесіңдер ме? Мектепке ең ақылды баларды алады. Партаға отырғызады да, 11- жыл оұытады.
Али: Математика бізді . Үйретеді санауға. Қане тексеріп көрейік. Білесің бе санауды. Егер санай алсаң сен . Аласың бестік үнемі.
Жүргізуші: Біздің балалар бәрін біледі.
Али: 1. Қазда бар екі аяқ 2. 5 алманың үшеуін
Тауықта бар екі аяқ Досың сұрап алады
Екеуін қосып санасақ Айтшы сонда нешеуі
Болады сонда қанша аяқ Өз қолыңда қалады ( 2)
3. 5 — 4 алайық
қанша қалды қарайық
қарайық та санайық
санайық та табайық (1)
Али: Санаудан еш жалықпай,
Дұрыс жауап бердіңдер.
Сондықтанда сендерге ,
беремін мен 5 ұпай.
Айяға қарап: Жақсы баға алу үшін, оқу керке жалықпай.
Айя: Жоқ менің сондада оқығым келмейді
Жүргізуші: Ах Айя, Айя сенің неге оқығың келмейді. Оқыған деген жақсы емеспе Сен ағаңды жақсы көресің бе? Онда ағаң қалаға оқуға кеткенде ағаңа қалай хат жазасың.Ағаңның саған жазған хатын қалай оқисың? Айтшы Айя? Сен біздің балалардың биін тамашалап отырып ойлан . А л біз мерекемізді жалғастырамыз, би билейміз, ән айтамыз.
Би «»
Айя: Жарайсыңдар! Сендермен қызықты екен. Сонда осы білімнің бәрін жай мектептен алуға болама?
Жүргізуші:Әрине болады , тек ол үшін тырысу керек. Иә балалар?
Айя: Онда менің де оқығым келеді.Мені де ала кетіңдерші қздеріңмен бірге.
Жүргізуші: Алайықпа балалар? Әрине ала кетеміз Айя
Айя: Ура,болды онда мен жиналуға кеттім. Апа,апа,Али менің сумкамды жинаңдар мен мектепке барамын.
Мен мектепке барамын,
кілең бестік аламын,
жалқаулықты тастаймын,
ақылды қыз боламын
Жүргізуші: Балалар мына гүлдің 4-ші күлтесін Жансұлтанның Мамасына жұлдырайық иә, ол кісінің де тілегі бар шығар.
4- күлте: Менің қызым (ұлым) үлкен болып өсіп кетті, мен оны кішкене кезінде балабақшаға өзім оятып, өзім дайындайтынмын сол кезді сағынып кеттім.
Жүргізуші: онда сол кезіңізді есіңізге түсірейік. Иә балалар.
Көрініс: «Анасы баласын балабақшаға дайындауда.»
Майя: Балалар сендер соңғы күлтенің тілегін орындадыңдар ма?Жарайсыңдар балалар сендер неткен ақылдысыңдар.
Жүргізуші: Әрине біздің балалар мектепке барады ғой.Майя сен біздің балалар мектепке қалай дайындалады соны көргің келе ме? Онда ойын ойнайық.
Майя : Әрине көргім келеді. Ойын деген жақсы ғой, бірақ аздап дайындалып алсақ қайтеді. Мен сендерге жұмбақ жасырып көрейін.
Жұмбақ:
Жүргізуші: Көрдің бе? Майя. Біздің балалар жұмбақты тез ақ шешіп қойды. Енді ойын ойнайық.
Ойын «Оқу құралдарын жинау»
Майя: Өте ақылды балалар, босқа балабақшаға келмепті.
Жүргізуші: Ал қазір Майя біздің балалар өздерінің ойыншықтарымен қоштасады.
Қош бол,ойыншықтарым
Жасырып кейде тыққаным
Кеткенде кешке қоштасып
Келгенде алдан шыққаным
Би «Ертегілер»
Майя: Өте керемет,тіпті сөз жоқ.Балалар мен сендерді қимай тұрмын,бірақ мен омартаға қайтуым керек. Қараңғы түспей Биллиді оятып омартаға барайын, Касандыра ханым іздеп жатқан шығар.Мен сендер туралы Биллиге айтып беремін. Сау болыңдар!
Жүргігуші;балалар: Сау бол Майя!
Иә 5жасқа да толдыңдар
Әдепті бала болыңдар
Қуантып ата-анаңды
Мектепке енді барыңдар.
: Қуан шаттық алақай
Қуанатын күн бүгін
Балабақшамен балақай
қоштасатын күн бүгін
Ойыншықтарды жинайық
Бөбектерге сыйлаймыз
Үлкен болып өссек те
Бақшамызды қимаймыз.
Ән «Өмір неткен тамаша»
(балалар орындарына отырады.)
Тәрбиеші: Сәлем балалар. Айтсам сенбейсіңдер жаңа осында асығып келе жатыр едім жолдан Али мен Айяны көрдім. Айя асығып барады, өз сондай қуанышты. Балабақшаға бардым. Балалар сондай жақсы екен, мен де мектепке барам деді ме, еш нәрсе түсінген жоқпын. Ал Али болса сендерге мына портфельді беріп жіберді.Балаларға сыйлығым дейді.
Жүргізуші: Ана деген дана бар
Сөзіне құлақ салыңдар
Түлектерді құттықтап
ала келген сөзі бар.
Ортаға күншуақ тобының ата-аналарының атынан Айнұр Русланқызын шақырамыз.
Жүргізуші: Ал қазір біздің балабақша меңгерушісі Г.Боранбекқызы біздің балаларды құттықтаймын дейді. Сөз кезегі өзіңізде.Меңгеруші сөз сөйлеп баларға сыйлықтарын табыстайды.
Жүргізуші:
Сүйкімді балғын бала шақ.Сендердікі болашақ,
Озат болып оқыңдар, Ойға білім тоқыңдар.
Қолымызға шар алып жақсы тілек тілейік
Сол шарға айтқан тілектер,орындалар деп білейік.
Балалар қолдарына әуе шарларын алып ұшыруға далаға шығады.