Мотивациялық- қозғаушылық | Шаттық шеңбері. Қуан, шаттан, алақай, Қуанатын келді күн! Қайырлы таң, Қайырлы күн! Күліп шықты бүгін күн! | Тәрбиешімен бірге қайталайды. |
Ұйымдастырушылық- ізденістік | Демонстрациялық көрнекілікті қолдану. Тәрбиеші балаларға сурет бойынша әңгіме тыңдауын сұрайды. – Балабақша бөлмесінде Олжас пен Марат текшелерден мұнара салып жатыр. Мұрат пен Самат машиналарымен текшелерді әкеліп түсіріп алуын өтініп тұр. Жұлдыз бен Тасқын кітап оқып отыр. Сөрелерде көп ойыншықтар тізіліп тұр. Тәрбиеші балалардан Олжас пен Миша не құрастырып жатқанын сұрайды (Мұнара). Қақпа-ворота. Қорған-крепость. Мұнара-башня. – Жұлдыз бен Тасқын не істеп отыр? (Кітап оқып отыр). – Мұрат пен Самат текшелерді немен тасып жатыр? – Балаларға тағы да текшелер не үшін қажет? (Үлкен қорған құрастырмақшы). – Қараңдаршы, балалар, шынында да өте әдемі көк қақпа құрастырды. Балалар үйшіктен тілімізді шығарып, мына сөздерді қайталайық. Мұнара сөзіндегі а дыбысына көңіл бөлу; текше сөзіндегі е дыбысына көңіл бөлу; қорған сөзіндегі о дыбысына көңіл бөлу. Сергіту сәті. Санайықшы жаңаша, Бір, екі, үш! Желбіре, жалауша, Достықта біздің күш!№ 4 үлестірмелі материалмен жұмыс «Түсі бойынша қос». Ойын шарты: суреттегі заттарды түсі бойынша сызықпен қосу. | – Мұнара, қақпа, қорған құрастырып жатыр. Қақпа-ворота. Қорған-крепость. Мұнара-башня. – Жұлдыз бен Тасқын кітап оқып отыр. – Мұрат пен Самат текшелерді машинамен тасып жатыр. – Мұнара, қақпа, қорған құрастырып жатыр. Тәрбиешінің әңгімесін тыңдайды, құрастырған мұнарасы туралы әңгімелейді. Балалар қайталайды. Балалар қайталайды. Суреттегі заттарды түсімен ажыратып, бір түспен боялған заттарды сызықпен қосады. Қимылын келтіріп, жаттығуды орындайды. |
Рефлексиялық- түзетушілік | Тәрбиеші балалардан сұрақ-жауап арқылы оқу қызметін қорытындылайды. – Балалар, сендер текшелермен мұнара, қақпа, қорған құрастыра аласыңдар ма? Дидактикалық ойын: «Не құрастырдың?» | Балалардың жауабы. – Құрастырамыз. Дидактикалық ойынға балалар қызығушылықпен қатысады. |