СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Балаларды ойната отырып саусақ маторикасын дамыту жолдары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру жүйесіндегі заманауи әдістер.

Қазіргі кезде егеменді еліміздің ертеңі-өсіп келе жатқан жас ұрпақтың білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ-қлтымыздың баға жетпес қазынасы. Қоғамымызда болып жатқан әлеуметтік – экономикалық өзгерістер мен еліміздің білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне өтуі білім беру саласында, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға уақыт талабына сай өзгерістерді енгізуді талап етіп отыр.

Просмотр содержимого документа
«Балаларды ойната отырып саусақ маторикасын дамыту жолдары»

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ   «ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ ОҚО БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ Жоба Тақырыбы: Балаларды ойната отырып саусақ моторикасын дамыту жолдары Дайындағандар: Андабаева С. Шувулдакова Р. Ережепова П. Абсеметова Г. Қабылдаған: Бурисова Б.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ ОҚО БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

Жоба

Тақырыбы: Балаларды ойната отырып саусақ моторикасын дамыту жолдары

Дайындағандар: Андабаева С.

Шувулдакова Р.

Ережепова П.

Абсеметова Г.

Қабылдаған: Бурисова Б.

Жоспар Жобаның мақсаты мен міндеттері Кіріспе Негізгі бөлім Ұсақ саусақ моторикасының балалардың жас кезеңдеріне байланысты дамуы Ұсақ саусақ моторикасын дамытудың маңызды бөлігі Ұсақ саусақ моторикасын дамытатын ойындар мен жаттығулар 3-4 жастағы баланың танымдық дамуына арналған ойындар 4-5 жастағы баланың танымдық дамуына арналған ойындар Қорытынды Қолданылған әдебиеттер тізімі

Жоспар

  • Жобаның мақсаты мен міндеттері
  • Кіріспе
  • Негізгі бөлім
  • Ұсақ саусақ моторикасының балалардың жас кезеңдеріне байланысты дамуы
  • Ұсақ саусақ моторикасын дамытудың маңызды бөлігі
  • Ұсақ саусақ моторикасын дамытатын ойындар мен жаттығулар
  • 3-4 жастағы баланың танымдық дамуына арналған ойындар
  • 4-5 жастағы баланың танымдық дамуына арналған ойындар
  • Қорытынды
  • Қолданылған әдебиеттер тізімі
Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың саусақ моторикасын дамыта отырып, таным қабілеттерін дамыту жолдары Мектеп жасына дейінгі балалардың саусақ моторикасын дамыта отырып, таным қабілеттерін дамыту жолдары Міндеттері: Балаларды сурет салу, көру, есте сақтау ,ойлау қабілеттерін дамыту; Балаларды сурет салу, көру, есте сақтау ,ойлау қабілеттерін дамыту;

Мақсаты:

  • Мектеп жасына дейінгі балалардың саусақ моторикасын дамыта отырып, таным қабілеттерін дамыту жолдары
  • Мектеп жасына дейінгі балалардың саусақ моторикасын дамыта отырып, таным қабілеттерін дамыту жолдары

Міндеттері:

  • Балаларды сурет салу, көру, есте сақтау ,ойлау қабілеттерін дамыту;
  • Балаларды сурет салу, көру, есте сақтау ,ойлау қабілеттерін дамыту;

Кіріспе

  • Бүгінгі күні мемлекетіміз дамуында ауытқуы бар мүмкіндігі шектеулі жандарға айрықша қамқорлық көрсетуде. Бұл қамқорлықтың бәрі Елбасының халыққа жолдауында, ҚР Білім туралы заңында, «Кемтар балаларды әлеуметтік-медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» т.б. заңдарында айтылып, дамуында кемістігі бар балаларға көмек көрсетудің тиімді жүйесі, оларды оқыту, тәрбиелеу, еңбекке баулу және кәсіби даярлығын шешуде, коррекциялық - білім берудің дамытушы сипаты айқындалып, бала мүгедектігінің алдын-алуға бағытталған көптеген көкейкесті мәселелер алға қойылды. Мұндай мәселеге төтеп беретін оқу - тәрбие жүйесінің басты орны – балабақша.
  • Демек, Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті білім беру стандартын басшылыққа ала отырып, «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта» атты білім беру салаларына байланысты мектепке дейінгі баланың жас ерекшелігіне сай оқу іс-әрекетін шығармашылық, ізденіс негізінде жүзеге асыруда.
  • Соңғы кездері біз «ұсақ саусақ моторикасы» ұғымын жиі естиміз. Физиологтар ұсақ саусақ моторикасы деп, саусақ, қол және қолдың білезік бөліктерінің ұсақ бұлшықеттерін меңзейді. Осы бұлшықеттерді дамыту және шыңдау, адамның орталық жүйке жүйесінің, барлық психикалық үрдістерінің, сөйлеуінің дамуына басты ықпал етеді.
  • Қазіргі педагогиканың өзекті мәселесінің бірі мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қызығушылықтарын дамыту. Әрине, баршамызға белгілі, адам миының қозғалыс проекциясының барлық бөлігінің үштен біріндей, қол проекциясы алып жатыр. Осыдан келер қорытындымыз, танымдық функциялардың, ақпаратты қабылдаудың дамуына ұсақ саусақ моторикасының әсері зор.

Ұсақ саусақ моторикасының балалардың жас кезеңдеріне байланысты дамуы

  • Ұсақ саусақ моторикасының балалардың жас кезеңдеріне байланысты дамуына келсек:
  • − Туғаннан екі жасқа дейін. Жармасу - бала заттарды ұстауға үйренеді, мақсатты түрде қимылдайды.
  • − Екіден төрт жасқа дейін. Дағдылар дами түседі, саусақтар белсенді қимылдайды. Қимылдарын басқара алады, жазықтықта бағдарлауы артады.
  • − Төрттен сегіз жасқа дейін. Меңгерген ұсақ саусақ моторикасының дағдыларын қолдануды үйренеді, қол, қолдың білезік бөлігі, саусақ қимылдары бағдарлы.
  • Өйткені, мектеп жасына дейінгі балалардың ұсақ саусақ моторикасын дамыту − бастаулардың бастауы.
  • Ұсақ саусақ моторикасын дамытуды баланың нәрестелік шағында-ақ бастаған жөн. Нәрестенің қолына саусақ жаттығуы – саусаққа арналған массаж жасаған тиімді. Сол арқылы ми қыртысымен байланысты биологиялық нүктелерге әсер етеміз.
  • «Бала қабілеті мен дарындылығы – саусақ ұштарынан бастау алады. Саусақтардан басталатын нәзік салалар − шығармашылық ойларды нәрлендіретін қайнар көз» В.А. Сухомлинский десе, «Қол – құралдардың құралы» Аристотель, ал «Қол адамның сыртқы миы іспеттес» И. Кант. Жоғарыдағы ғалымдардың айтқан сөздері осыған дәлел болмақ[

Ұсақ саусақ моторикасын дамытудың маңызды бөлігі

  • Ұсақ саусақ моторикасын дамытудың маңызды бөлігі − саусақ жаттығулары. Саусақ жаттығулары эмоционалды, балабақшада және үйде, кез-келген бос уақытта өткізуге болады. Олар қызықты, баланың тілінің, шығармашылық қабілетінің дамуына әсер етеді. Балалар саусақ жаттығуларын үлкендердің артынан қайталағанда, саусақ моторикасын дамытады. Сол арқылы қол шапшандығы дамиды, өз қимылдарын басқаруы, белгілі іс-әрекетке зейіні тұрақтанады.
  • Саусақ жаттығулары дегеніміз – қандайда бір ұйқасты оқиға, не ертегіні саусақтар арқылы ойнапшығару. Көптеген саусақ жаттығулары екі қолдың да қозғалысын талап етеді, ол өз кезегінде баланың «оң», «сол», «жоғары», «төмен» сияқты ұғымдарды түсінуіне көмегін тигізеді.
  • Бұл жаттығулардың баланың шығармашылығын дамытуда да маңызды. Егер бала қандайда бір «саусақ жаттығуын» меңгерсе, ол міндетті түрде басқа да тақпақтар мен әңгімелерге саусақ жаттығуларын ойлап табуға тырысады. Бір жастан екі жасқа дейін балалар «саусақ жаттығуларын» бір қолмен орындағанда, жақсы қабылдайды.
  • Үш жастағы балалар екі қолмен ойналатын саусақ жаттығуларын меңгереді, мысалға, бір қол үй болса, екінші қол үйде жүгіріп жүрген мысық болады.
  • Төрт жастағы балалар бұл жаттығуларды, бірнеше оқиға желісің ауысуымен ойнай алады. Ал мектепке дейінгі ересек жастағы балаларға әр түрлі заттарды, шарлар, кубиктер не үйлер сияқты құралдарды беріп, түрлендіріп саусақ жаттығуларын өткізуге болады[3].

Ұсақ саусақ моторикасын дамытатын ойындар мен жаттығулар

  • Ұсақ саусақ моторикасын дамытатын ойындар мен жаттығулар өте көп. Олар шартты түрде топтарға бөлінеді. Қол, қодың білезік және саусақтарының қозғалысының дамуына оң әсер ететін заттық ойындар, яғни ойыншықтармен, кез-келген заттармен өткізіледі. «Мозайкалар», «конструкторлар» − аталған материалдар саусақтардың белсенді қозғалысына әсер етеді. Мозайкада ұсақ бөліктерден толық сурет құрап шығару мақсаты тұрады. Ойын барысында бала бөлшектермен қозғалыс жасайды, байқағыштық, төзімділік, табандылық пайда болады.
  • Моншақтармен ойын : екі қолдың да бағдарлауын арттырады. Балаға тізуге арналған бау және әр түрлі теңдіктегі, әр түрлі диаметрлі моншақтар беріледі. «Көз-қол» бағдарлауын жетілдіреді. Бұл ойында тек қол ісмерлігі ғана емес, сенсорлық (түс, көлем, пішін) қабілетті дамиды.
  • Баулармен ойындар – сенсомоторлық бағдарлауды, ұсақ моториканы, жазықтықта бағдарлауды, «жоғары», «төмен», «оң», «сол» ұғымдарын игеруіне жәрдемдеседі, тілді дамытады, зейіннің тұрақтандырады, қол белсендігін, икемділігін арттырып, қолды босаңсытады.
  • Сонымен қатар, қысқыштармен ойналатын ойындар өте нәтижелі. Ол баланың ұсақ моторикасын дамытады, ақыл-ойының, тілінің дамуына зор ықпал етеді. Түрлі-түсті қатты қағаздардан дөңгелектер жасап, сондай түсті қысқыштарды қыстырса, гүлдер пайда болады.
  • Сурет салу – барлық балалар жақсы көретін, әрі пайдалы ісі. Қарындаш, қылқаламмен парақта, қатты қағазда сурет салу қатып қалған қағида емес. Қарда, құмда, терлеген терезе бетіне, асфальтта сурет салуға болады. Алақанмен, мақталы таяқшалармен, көкөністер бастырмаларымен және т.б. әдістермен, яғни бейнелеудің дәстүрлі емес техникалары арқылы сурет салу өте пайдалы, әрі қызықты. Балаға әр түрлі пішіндерді тік сызықпен салуға, суреттің үзік сызық бойымен жүргізу, үлгімен сурет салу, суреттің аяқталмаған екінші бөлігін салу − шығармашылық қабілетті, есте сақтау қабілетін, түсті қабылдауды дамытады.
Қорытынды Қорыта айтқанда, мектеп жасына дейінгі балалардың ұсақ саусақ моторикасын дамыту педагог-тәрбиеші үшін ең маңызды міндет десек онда, баланың физикалық және психикалық денсаулығын сақтауға көмектесу қажет етеді. Балалардың танымдық іс-әрекетін дамыту, олардың жоспарлау және ұйымдастыру біліктерін қалыптастыруда оқу-зерттеу жұмыстарының маңызы өте зор. Танымдық іс-әрекеттің шығармашылыққа ұмтылу арқылы сипатталады.Өз бетімен білім алуға ұмтылу танымдық ізденімпаздықты қажет етеді .Зерттеу жұмыстары оқу үдірісімен қатар жүре отырып ,оқушының танымдық біліктерінің дамуына негіз болады.Әсіресе ,бұл жұмыстарда әр оқушының жеке мүмкіндіктері мен қасиеттері айқындалады. Ендігі жерде мектеп жасына дейінгі баланың бүкіл өмірін ұйымдастыру, оның денсаулығын нығайту, ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесін жетілдіріп, түптеп келгенде мектепке даярлау, тікелей ата-ананың үлесіне тиеді.

Қорытынды

Қорыта айтқанда, мектеп жасына дейінгі балалардың ұсақ саусақ моторикасын дамыту педагог-тәрбиеші үшін ең маңызды міндет десек онда, баланың физикалық және психикалық денсаулығын сақтауға көмектесу қажет етеді. Балалардың танымдық іс-әрекетін дамыту, олардың жоспарлау және ұйымдастыру біліктерін қалыптастыруда оқу-зерттеу жұмыстарының маңызы өте зор. Танымдық іс-әрекеттің шығармашылыққа ұмтылу арқылы сипатталады.Өз бетімен білім алуға ұмтылу танымдық ізденімпаздықты қажет етеді .Зерттеу жұмыстары оқу үдірісімен қатар жүре отырып ,оқушының танымдық біліктерінің дамуына негіз болады.Әсіресе ,бұл жұмыстарда әр оқушының жеке мүмкіндіктері мен қасиеттері айқындалады.

Ендігі жерде мектеп жасына дейінгі баланың бүкіл өмірін ұйымдастыру, оның денсаулығын нығайту, ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесін жетілдіріп, түптеп келгенде мектепке даярлау, тікелей ата-ананың үлесіне тиеді.

Қолданылған әдебиеттер тізімі 1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2050» даму стратегиясы. 2. Кольцова М. М. Двигательная активность и развитие мозга ребёнка.- М.,2003. 3. Пименова Е. П. «Пальчиковые игры» / Е. П. Пименова.- Ростов н/Д: Феникс, 2007. 4.Филиппова С.О. Подготовка дошкольников к обучению письму. Влияние специальных физических упражнений на эффективность формирования графических навыков [Текст]: учебное пособие/ С.О. Филиппова. – СПб.: Питер,2000. 287 с.  5. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. – Астана. 2011. 6. Меңжанова А.Н. Мектеп жасына дейінгі педагогика Алматы 1992

Қолданылған әдебиеттер тізімі

  • 1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2050» даму стратегиясы.
  • 2. Кольцова М. М. Двигательная активность и развитие мозга ребёнка.- М.,2003.
  • 3. Пименова Е. П. «Пальчиковые игры» / Е. П. Пименова.- Ростов н/Д: Феникс, 2007.
  • 4.Филиппова С.О. Подготовка дошкольников к обучению письму. Влияние специальных физических упражнений на эффективность формирования графических навыков [Текст]: учебное пособие/ С.О. Филиппова. – СПб.: Питер,2000. 287 с.
  • 5. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. – Астана. 2011.
  • 6. Меңжанова А.Н. Мектеп жасына дейінгі педагогика Алматы 1992