Ана Ана деп күнде ән салам, Ауылға бүкіл жар салам. Қуанту үшін анамды Күнде-күнде«бес» алам.
Сабақ
Ту Көгілдір туым желбіре, Биіктерде қалықтап. Туым үшін мақтанам, Ән ұраным шарықтап.
Жазғы демалыс бітіпті. Бірінші қыркүйек жетіпті. Сабақ қызық болған соң, Барлық бала келіпті.
Наурыз көже Наурызда бәріміз Әткеншек тебеміз. Жасымыз, кәріміз, Көп көже ішеміз.
Бұзау Тентек болма, ақ бұзау, Еріншек болма, ақ бұзау. Кең далада сенімен, Жарысып мен жүгірем.
Аламысық. Аламысық тырнама, Тырнағаның болама? Ұстайыншы қолыңнан, Ойнайық, ер соңымнан.
Мұғалім Мұғалім біздің анамыз, Анамызды сыйлаймыз. Айтқан ақыл, білімін Ықыласпен тыңдаймыз.
Кішкентай бала Мен кішкентай баламын Кітап оқи аламын. Дәптер, қалам, сызғышты Сөмкеме өзім саламын.
Бөпешім Әлди, әлди бөпешім, Жат бесікте көкешім. Неге жылай бересің, Ертең-ақ жүріп кетесің.
Қуыршақ Қуыршақ, қуыршақ, Таза суға жуынсақ. Қол ұстасып, дос болып, Бақ ішінде қыдырсақ.
Мысығым Мысығым, кел, кел маған, Сүт берейін мен саған. Ит кеп қалса, қорғаймын, Көтерейін, сен маған.
Гүлдер Гүлім, гүлім, өсе бер, Әдемі боп, асыл боп. Күндей жайнап кете бер, Қызыл, сары, жасыл боп.
Ержетсек Нан жесеңдер балалар, Үлкен болып өсесің. Сүт ішсеңдер, балалар, Тезірек ер жетесің.
Ойыншықтар Ойыншықтар көп екен, Бірге ойнайық, балақай. Көгорай шалғын көк екен, Жарысайық, алақай!
Ойын Ойын маған ұнайды, Көп ойнауға болмайды. Күні бойы доп қусаң, Ақыл-білім қонбайды.
Құлыншақ. Құлыншақ, құлыншақ, Шапқылай сыңдаламен. Дос болсайшы құлыншақ, Мен сияқты баламен.
Көктемде Бүршік жарып ағаштар Құстар ұя салады. Сылдыраған бұлақтар Ағып бара жатады.
Балықтар Су астында балықтар Сазан, шортан, бекіре, Неше түрлі балық бар Шошытасың секірме.
Ақшақар Ақшақар, ақшақар, Аппақ болып қонасың. Тоса қалсам қолымды Алақаныма толасың.
Туған күн Туған күнім бола берсе, Қуанамын күнде мен. Үйге қонақ тола берсе. Шайжасауғаүлгерем.
Сиыр Көк сиыр бұзау туғанда, Қамап қойдық қораға. Көк сиыр тұрдым өңіреп, «Қайдам енің балам», —деп.
Аяз Ата Жаңа жыл келгенде Қуанып қарсы аламыз. Аяз Ата келгенде Билейміз, ән саламыз.
Ағаш егу Жақсылықты қолдаймыз, Табиғаттық орғаймыз. Гүл егеміз бақтарға, Айналасын қоршаймыз.
Машина Үлкен болып өскенде Машина алам менде. Бірақ ол үшін әрине Оқу керек күнде де.
Табиғат Табиғат біздің анамыз, Жер–Ана біздің панамыз. Таза болса табиғат Бізде аман боламыз.
Мен жерімді сүйемін Мен жерімді сүйемін, Жеріме дән себемін. Ауа таза болсын деп, Жылда ағаш егемін.
Құстар Құс ұясын бұзбаңдар, Балапанын алмаңдар. Құстар біздің досымыз, Обалына қалмаңдар.
Туғанжер Кең далада жүремін, Бауырында ойнап күлемін. Мен жерімді сүйемін, Ол үшін отқа түсемін.
Көктем Көктем болды алақай, Қуанар барлық балақай. Көктемде жаңбыр болады, Бақшаға гүлдер толады.
Кітап Кітап деген басыңдағы білімің, Кітап деген ақыл, ойың, ілімің. Кітаппенен дос болыңдар, жыртпаңдар, Жерде жатса көтеріп қой, баспаңдар.
Жақсы адам боп шығамыз
Жаз Жаз келді алақай, Ойнаймыз далаға-ай. Қамалып отырмай Жүріңдер, балақай.
Бізге тәртіп үйреткен, Ән салдырып, билеткен, Таныстырған ең алғаш Әріптермен, суретпен, — Тәрбиеші тәтеміз. Доспен тату ойнауды, Мерекені тойлауды, Бойымызға сіңірген Көптің қамын ойлауды
Күшік Күшігім менің, күшігім, Үй күзетер пысығым. Үргені де шамалы, Тамақ берсең болғаны.
Тәрбиеші тәтеміз. Жақсылыққа құмармыз, Жақсы адам боп шығамыз, Таза сәби жүректен, Қабылдаңыз мың алғыс, Тәрбиеші тәтеміз.
Табиғат Бұтақтарды сындырмай, Тазалықты сақтайық. Гүл өсіріп, су құйып, Табиғаттық орғайық.