СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Баланы оқыту мен тәрбиелеудегі қиындықтар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тәрбие - тал бесіктен

Просмотр содержимого документа
«Баланы оқыту мен тәрбиелеудегі қиындықтар»

Ата-аналар жиналысы

Тақырыбы: «Баланы оқыту мен тәрбиелеудегі қиындықтар»

Мақсаты:
Баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететіндігіне мән беріп, ата - аналарды бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарауға шақыру.

Міндеттері: Ата-аналардың мектеппен, мұғаліммен тығыз байланысын арттыру, балаларын білімге, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету. Бала тәрбиелеу саласының аз да болса жоғарылауына ықпал ету.


Оқыту нәтижелері:
* Баланы адамгершілікке тәрбиелеу барысында ата – ана жауапкершілігін жан - жақты сезінеді.
* Мектеп пен ата - ананың оқу - тәрбие саласындағы міндеттері анықталып ата - ана, мектеп арасындағы қарым - қатынастық жүйеге жол ашылады.
* Алдағы уақытта шәкірт тәрбиесінде мұғалім мен ата - ананың бірігіп жұмыс жасауы қолдау тауып, оқу - тәрбие жұмыстары сенімді, жаңашыл іс - әрекеттерге бағытталады.
Сынып жетекші сөзі: Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар! Бүгінгі біздің «Баланы оқыту мен тәрбиелеудегі қиындықтар» атты тренинг-жиналысымызға қош келдіңіздер! Ата-ананың тілегі – баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, оқу мен еңбектегі табыстары.

Баланы жастан бақпасаң,

Жамандықтан қақпасаң,

Қадірден жұрдай қасқа боп,

Кешкенің өмір босқа тек. – дегендей, баланың ыстық суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса оны жалғастырушы, демеуші – ата-ана.


  1. «Танысу» жаттығуы:

Ата-аналар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өзінің есіміне сын есім қосып және өз бойындағы 1 қасиет кезекпен айтып шығады.

Талқылау: Қандай әсер алдыңыздар? Не қиындық келтірді.

  1. Топқа бөлу:

Ата-аналар сол тұрған күйлерінде түрлі-түсті гүлдерді таңдайды. Түстер бойынша топ құрып, үстелдерге жайғасып отырады.

  1. Ой жинақтау:

Үш топқа тақырып беріледі.

Ата-аналар сол бойынша өз ойларын ортаға салады.

I-топ (Қызғылт түс). Баланың сапалы білім алуы үшін ата-ана тарапынан жасалатын жағдайлар

II-топ.(Жасыл түс) Балаларды теріс әрекеттері үшін жазалаудың түрлері.

III—топ. (Сары түс) Бала үшін мұғалім мен ата-ана арасында қандай байланыс болу керек.

  1. Ситуациялық сұрақтарға көрініспен жауап беру:

Ата-аналар мен ұстаздар үстел үстіндегі үлестірме қағаздарды бөліп алып, сұрақтарға жауап береді.

1. Сіз балаңыздың мінезі өзгеріп кеткенін байқадыңыз, күні бойы соткадан бас алмайтын балаңыз сізге дөрекі қылықтар көрсете бастады. Сіздің әрекетіңіз?

2. Баланың бастан кешкен сезімі
Бір нәрсеге ашулы 11 жасар ұлыңыз/қызыңыз мектептен келе сала: «Құрысын мектеп! Мұғалімдердің бәрі әділетсіз! Енді мектепке бармаймын!» деп күйіп піседі. Сіздің іс - әрекетіңіз?

3. Сізге мектептегі мұғалімдерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылады. Тағы көрші ата-аналардан да «біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келеді дейік. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?

4. Баланың бастан кешкен сезімі.

5 - сыныпта оқитын балаңыз: «Математикадан болатын бақылау жұмысынан қорқамын» - дейді. Сіздің іс - әрекетіңіз?

Мұғалімдерге берілетін жағдаяттар:

  1. Жақсы оқитын оқушыңыз, сіздің сабағыңыздан тоқсандық бақылаудан нашар

ұпай алып қалды. Сіздің әрекетіңіз?

  1. Бұл оқушы сабақты өте жақсы оқиды, үлгерімі жоғары, бірақ тәртібі нашар, сізге

сабақ өткізуге ылғи да кедергі жасайды. Сіздің әрекетіңіз?

  1. Сіз сыныпқа кіргенде, оқушылардың өзара әңгімесін естіп қалдыңыз: «Сабақ

айтсам да, айтпасам да бұл мұғалім бәрібір маған үш қоя береді» Сіздің

әрекетіңіз?

5. Пікір алмасу

Үш топқа да ортақ тапсырма беріледі:

Ата-ана мен ұстаздың баланы оқыту мен тәрбиелеудегі туындайтын қиындықтары:



Ата-ана

Ортақ қиындықтар



Ұстаз

















6.Ата-аналарға кеңес:

1. Таңертең (не түсте) сабаққа барарында баланы жайлап қана оятыңыз. Сіздің биязы үніңіз бен күлкіңіз - ақ ұйқысын ашуы тиіс. Кешегі бір теріс қылықтарын айтып, басқа түкке тұрмайтын нәрсеге жүйкесін жұқартпаңыз. Тамағын ішпей жатып ұрыс - керіс ұйымдастырмаңыз.
2. Егер балаңыз сабақтан кешігетіндей болып жатса, онда «Бол да болдың!» астына алып айғайламаңыз. Оны ертерек оятпаған өзіңіз кінәлісіз.
3. Баланы сабаққа (әсіресе таңертең) ашқұрсақ жібермеңіз;
4. «Бұзық болма!», «Қисалаңдамай тыныш жүр!», «Бүгін 2 алсаң құртамын!» деген ескертулерді жиі айта бермеңіз. Керісінше, оған жылу сыйлап, жақсы баға алып келуіне тілектестік білдіріңіз;
5. Есіктен кірмей жатып, «Бүгін қандай баға алдың?» деп бас салып балыңызды сұрақтың астына алмаңыз. Мектептен келген балаңызды көңілді қарсы алыңыз, оның сабақтан шаршап келгенін ескеріңіз. Егер бала әлденеге ренжіп келсе, бірдеңені айтпақшы болса, «сені тыңдауға уақытым жоқ» демей, арнайы көңіл бөліп, мұқият тыңдаңыз;
6. Бала бірдеңеге ашуланып жүрсе, үндемеңіз. Сабасына түскен соң, ол болған жайды өзі - ақ айтады;
7. Баланың бір қылығы үшін мұғалім сізді шақыртып алса, өзара әңгімеге баланы қатыстырмаңыз;
8. Мектептен келе сала баланы отырғызып қойып сабаққа дайындалтпаңыз. Олар да 2 - 3 сағат ойнап, демалған жөн, түсте ұйықтап тынықсын.

9. Бір мезгілде барлық сабаққа әзірленуін талап етпеңіз. Әр сабаққа әзірленген кезде үзіліс жасау дұрыс;
10. Сабаққа әзірленіп жатқан баланың желкесінен төніп тұрмаңыз. Дөрекі сөйлемеңіз. Одан да көмектесіп, бірлесіп дайындалыңыз.
11.«Егер, сен, осы сабақты орындамасаң!» деп басталатын тәртіпке шақыру баланың жүйкесіне әсер етеді. Одан да өзіңіз кірісіп, жайлап жетектеп отырыңыз.
12. Күнде жарты сағат ештеңеге алаңдамай балаларыңызбен емін - еркін, жақын тартып әңгімелесіп тұрыңыз.
13. Балаңыздың көңіл - күйі нашар болса, онда бірден назар аударыңыз. Ол сабақтан зорығуы мүмкін.
14. Егер балаңыз айтқаныңызды тыңдамайтын болса, онда ұстазымен, психолог маманымен, дәрігермен кеңесіңіз.

7. Рефлексия

Мына гүліміздің әдемі болып өсуі үшін үлкен күтім керек. Сол сияқты біздің сыныбымыздың оқуда озат, әрдайым тату, ұйымшыл болуы үшін әр балаға жүректен шыққан жылы сөздер жетіспей тұрғандай. Қолдарыңыздағы қағазға өз балаңызға арнап әдемі сөздер жазып, мына гүлге жабыстырайық. (Сынып жетекшісі артынан 5Ә сынып деген сөзді жабыстырады.)

8. Қорытынды

Ата-анаға көз қуаныш,

Алдына алған еркесі.

Көңіліне көп жұбаныш,

Гүлденіп ой-өлкесі, — деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы, гүлденген үміт-арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен. Ендеше, ата-аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер оларға үлгі болар бейне екендігімізді ұмытпайық.













































































17 ЖББОМ












Ата-аналарға арналған пікір алмасу тақырыбы:

«Баланы оқыту мен тәрбиелеудегі қиындықтар»



5 «Ә» сыныбы






Сынып жетекшісі: Исмайлова М.Т.








Қарағанды - 2019 ж.