Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в средней группе
Өткізу күні / Дата проведения:
Тәрбиеші / Воспитатель :
Білім беру саласы / Образовательная область:Коммуникация
Пән / Предмет: Сөйлеуді дамыту.
Өтпелі тақырып /Сквозная тема:" Нан қайдан пайда болады?"
Тақырыбы / Тема: «Бар байлықтың бастауы-нан»
Мақсаттары / Цели :
1. Тәрбиелік – воспитательная: асты қадірлеуге,төкпеуга тәрбиелу.
2.Дамытушылық – развивающая: : балаларға нанның қалай келетінін,бидайды қалай егетінін, диханшылар бидайды диірменге қалай тартатынын түсіндіру
3. Оқыту – обучающая : нан туралы, қайдан шығатынын айту, түсіндіру.
Педагогикалық технологиялар / пед. технологии: ойын әдісі, сұрақ – жауап, әңгімелеу.
Ресурстармен қамтамасыз ету / Ресурсные обеспечение : суреттер,,
Көп тілділік полиязычие: нан-хлеб-,бидай-зерно-, егін-уражай-,
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1. Ұйымдастырушылық кезеңі
Мотивациялық қозғаушылық
Үсті тас
асты тас
ортасында піскен ас ( пештегі нан)
Балалар біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз нан туралы болмақ.
2.Негізгі бөлім
Сұрақ жауап:
Ас атасы ол не? (нан)
Дастарханымызда әрқашан не тұрады? (нан)
Бізге нан қайдан келеді? (дүкеннен)
Дүкенге қайдан келдеі?
Балаларға нан қалай пайда болатынын түсіндіру.
Балалар көктем басталғанда адамдар жер жыртып, бидай егеді, бидай жаз бойы өсіп, күз айында піседі. Егін дейміз.Бидайды адамдар комбайндармен орып алады, біз бидайды астық деп атаймыз.Астық диірмендерге жеткізіліп,сол жерде ұнтақтап ұнға айналдырады.Ұннан нан пісіріп біздің дүкендерге түседі.
Суреттермен жұмыс:
Балалардың назарын суретке аудару.
1- Сурет көктем мезгілінеде жер жыртылып, бидай егіліп жатқаны туралы,
2.Сурет күз мезгілінде егіннің жайқалып пісіп тұрғанын, бидайды комбайндармен орыпжүргені туралы
3.сурет. диірменде бидайдың тартылып, ұнға айналған сәті
балалар қарап, жеке-жеке шығып суретті баяндап, айтып береді.
Балалар бұрын кездері бидайды комбайндармен ормаған, немен орған деп ойлайсыңдар?
Бұрынғы кезде егінді қолмен орған, ол құрылғыны қол орақ деп атаған. қол орақты бұрынғы кезде ата-бабамыз қолдан соққан екен. Кәзіргі кездегідей заводтар болмаған, адамдар бар еңбекті қолмен жасаған.
Тақпақ оқу.
Нан қиқымын шашпаңдар
Жерде жатса баспаңдар
тауып алып қастерлеп
торғайларға тастаңдар
Балалар тақпақтан нені түсіндіңдер?
Балалар: нанды жерге тастауға болмайтынын, жерден нан көрсек көтеріп құстарға тастау керек.
Сергіту сәті: Тыныс алу жаттығуы "Гүл"
Балалар орнымыздан тұрамыз екі қолды жаямыз,мұрынмен терең тыныс алып, ауызбен қайта шығарамыз, жаттығуды 3 рет қайталаймыз
Көп тілділік полиязычие: нан-хлеб-,бидай-зерно-, егін-уражай-,
Балалар үш тілде қайталайды
Жеке жұмыс:
Дария,Алина,Айлана,Инсар балалардан қойған сұраққа толық жауап берілерін қадағалау, үстелдің үстінде денесін тік ұстауын қадағалау.
3.Қортынды
Балалар біз бүгін не туралы өттік? Нан бізге қайдан келеді?
сұрақтарға жауап беру. Балаларды мақтап-мадақтау.