| Мектеп: Күні: Мұғалімнің: Сынып: Қатысқандар: Қатыспағандар: |
| Сабақ тақырыбы | Бассейнге барамын |
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 2.1.1.1 ауызша тіл және тыңдау-көру материалын тыңдау және қарапайым сөйлемдерді түсініп қайталау. 2.1.3.1 тыңдаған мәтінге мұғалімнің көмегімен иллюстрация суреттер/ сызбалар таңдау және қарапайыым сұрақтарға жауап беру. 2.2.2.1 сюжетті сурет негізінде өз ойын айту. |
| Сабақ мақсаты | Барлығы: қарапайым сөздерді түсініп қайталайды. Көбі: қарапаййым сұрақтарға жауап береді. Кейбірі: сюжетті негізінде өз ойын айтады. |
| Күтілетін нәтиже | Сурет бойынша сөйлейді, сөйлемді толықтырып жазады. |
| Жаңа сөздер | Су, жылы, суық, бала. |
| Сабақта қолданылатын материалдар | Интерактивті тақта, слайдтар, түрлі түсті суреттер, кестелер, желімқағаздар, (стикерлер). |
| Оқыту әдістері: | Түсіндіру, сұрақ-жауап, «Ыстық алақан» тренингі, «Кім жылдам?» дидактикалық ойыны, «Баспалдақ» үлгісі, топтық жұмысы, сергіту жаттығуы. |
| Дереккөздері: | Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік. |
| Сабақ барысы |
| Оқушыларға психологиялық ахуал | Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде «Ыстық алақан» тренингін өткізеді. | Оқушылар «Ыстық алақан» тренингінің негізінде сәлемдеседі, бір-біріне жақсы тілектер айтып, сәттілік тілейді. |
| Өткен сабақты тексеру | Үй тапсырмасын тексереді, Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, анықтайды. | Үй тапсырмасын айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. |
| І.Қызығушылықты ояту. | Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында мұғалім балаларға сұрақ қояды: -Балалар, сендер суды жақсы көресіңдер ме? Адам өмірі үшін судың қандай маңызы бар? | Мұғалімнің сұрағына жауап береді. Жаңа сипаттама береді. |
| ІІ. Мағынаны тану | Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқущыларға қайталады. | Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды. |
| | Ә) «Дұрыс айт!» айдарында берілген сөздерді дұрыс айтуға машықтандырады, бірнеше рет қайталатады. | Айтылым. Сөздерді дұрыс айтуға жаттығады, қайталайды. |
| 2. Мәтінмен жұмыс. Тыңдалым. Оқылым. Оқулықтағы мәтінді оқытады, қайталатады. | Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді оқиды, сұраққа жауап береді. |
| 3. оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс. А) оқылым. Оқулықтағы 1- тапсырманы орындатады. | Оқылым. Сөйлемдерді толықтырып жазады. |
| Ә) Айтылым. Оқулықтағы –2-тапсырманы орындатады. | Тыңдалым. Сурет бойынша тапсырманы орындайды. |
| 4. Мәнерлеп оқу. «Жаттайық!» айдарымен берілген өлеңді мәнерлеп оқиды. Оқушыларға өлеңді жаттатады, мәнерлеп оқуға машықтандырады. | Тыңдалым. Айтылым.Тыңдайды, мәнерлеп оқуға машықтанады, жаттайды. |
| 5. Сергіту сәті. Мұғалім күнделікті сергіту жаттығуын жасатады. | Сергіту жаттығуын жасайды. |
| ІІІ. Ой толғаныс | Оқулықтағы 3- тапсырманы орындатады.. | Айтылым. Диалогті толықтырады. |
| ІV. Бекіту. | А) Жаңа тақырыпты бекіту үшін мұғалім «Кім жылдам?» ойынын (4-тапсырма) ойнатады. Ә) «Есте сақта!» айдарымен берілген сөйлемдерді оқиды, талдатады. | Айтылым. Ойынның шарты бойынша қойылған сұраққа сәйкес келетін суретті тез табады. Сөйлемдерді оқиды, талдайды. |
| V. Бағалау. | Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың өзара бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды. | «Баспалдақ» үлгісі бойынша өзін бағалайды. |
| VІ. Үйге тапсырма | Жазу діптерінен тапсырма беріледі. | |
| VІ. Рефлексия | Мұғалім түрлі смайликтер таратып береді. | Оқушылар сабақтан алған әсерлерін смайликтерді көрсету арқылы көңіл күйлерін білдіреді. |