Просмотр содержимого документа
«Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын дамыту»
3кл 03.10
Тақырыбы: Есептер шығару
Мақсаты:
1)Оқушыларды көбейту және бөлу амалдарына есептер шығаруға машықтандыру.Өзін-өзі тексеру дағдысын қалыптастыру.
2) Білім білік дағдыларын кеңейту, ой-өрістерін,шығармашылығын, қиялдау қабілеттерін дамыту
3) Өзгені тыңдап,өз ойларын еркін айтуға тәрбиелеу, пәнге қызығушылығын арттыру.
Түрі: аралас сабақ
Әдісі: ойландыру,көрнекілік, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: интерактивті тақта , тапсырмалар, т.б.
Сабақ барысы:
І.Психологиялық дайындық.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
Жұпта тексеру.
.Қызығушылығын ояту:
1. 42 саны шығу үшін 21 - ді неше есе арттыру керек?
2. 36 саны шығу үшін 34 - ті қандай саннан азайту керек?
3. Қандай саннан 700 - ді азайтқанда 18 ондық шығады?
4. Бірінші көбейткіш – 11, көбейтінді – 33 болғанда екінші көбейткіш қанша болады?
5. 96 саны шығу үшін қандай санды 6 есе арттыру қажет?
6. Бөлгіші – 60, бөліндісі – 9. Бөлінгіш қанша?
7. Бестен бір бөлігі 14 - ке тең болатын санды тап.
8. 37856 санында неше жүздік бар?
9. 230 саны ойлаған саннан 270 - ке кем. Ойлаған санды тап.
ІV.Жаңа сабақ
Есептер шығару
№1
Хауызға түске ейін 260 л, түстен кейін 2 есе артық су құйылды.Хауызға барлығы неше литр су құйылды?
№2
360 теңгеге 3 м мата сатып алынды. Егер матаның бағасын 3 есе арттырса, дәл сол ақшаға неше метр мата сатып алуға болады?
№3
Әлемде барлығы 150 суматралық мүйізтұмсық қалды.Ол явалықтарға қарағанда 3 есе көп. Барлығы неше явалық мүйізтұмсық қалды?
№4
Мерекелік торт тең 8 бөлікке бөлінді. Егер бір бөліктің массасы 108 г болса, торттың массасы қанша?
«Кім шапшаң»
Мысал №4,5 Бос орынға тиісті санды қой:
:4 :3 *2 :6
Сергіту сәті:
Бір топ бала өзеннен,
Он бес балық ұстадық.
Бөліскенде оларды,
Тиді әркімге 3 балық
Сынайыншы мен сені
Бала саны қанша еді? (15:3 = 5 бала)
Ойын «Жапырақтарды жина»






45х3 24х6 30х4 58х2 48х6 35х5 87х7 91х9 10х5
ІV.Сабақты бекіту
1.Театр шымылдығын тігу үшін 300 метр барқыт , барқытқа қарағанда дүрия 60 метр кем, ал дүрия қарағанда 40 метр артық жібек жұмсалды. Неше метр жібек жұмсалды?
«Меңгере біл»
Тақтадан тапсырма орындау
6*4 4*9 5*4 9*4
16:4 32:4 36:4 28:4
4*8 4*7 7*4 4*4
Жұп болып нәтижелерін тексеру.
V.Үйге : кесте жаттау.
VІ Бағалау