I кезең- мотивациялық- қозғаушы | Балалар жылдың қай мезгілі? Күз мезгілінде неше ай бар? Ауа райында қандай өзгерістер болып жатыр? Балалар бау – бақшада нелер піседі? | Балалар қойылған сұрақтарға жауап береді. Жылдың күз мезгілі туралы айтады, ауа райының өзгерістері туралы айтып береді. Балалар бау - бақшада көкөністер мен жемістердін пісетіндері жайлы айтып береді. |
IIкезең-ұйымдастырушылық -ізденушілік | Балалар мынау ненің суреті? Дұрыс айтасыңдар бұл алма алма неге жатады? Неліктен сен олай ойлайсың? Көкөністер мен жемістердін айырмашылықтары неде? Көкөністерге нелер жатады? Ал мынау ненің суреті?Шие Ал мынау не?апельсин Дұрыс айтасыңдар бұл мандарин ? Ал мынау не? Алма қайда өседі? Түсі мен пішіні қандай? Жемістер қайда өседі? Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын шешуін табуға тырысындар ? Көктемде ақ гүл оранады, Күзде қолға доп оралады (алма) Тіл үйірген дәмі бар Сары алтын түс сәні бар Жақсаң егер кептіріп Сүйегінің дәмі бар Баққа тұрар сән беріп, Алқа етіп тілін ал, (өрік) Тәрбиеші балаларға Ә, Қастеевтің «Алма ағаштар гүлдеді» шығармасын және «Жазғы бақта» атты суретті көрсетіп, алма ағаштың гүлденгенін, одан жеміс алып бергенін, алманың көлемін түсін, пішіні туралы әңгіме өткізеді, Суретпен жұмыс: Сергіту сәті: Дид ойын: «Көкөністер мен жемістер» Тәрбиеші балаларға көкөністер мен жемістердін пайдасы жайында түсінік береді. | Балалар суретке назар аударады. Алма жемістерге жататыны жайлы айтады. Көкөніспен жемістін айырмашылығын айтып түсіндіріп дәлелдиді. Балалар тәрбиешіге қарап жемістерді атайды. Жемістердің пішінің түсін айтады. Балалар тәрбиеші мұқият тындадйы. Жұмбаққа толығымен жауап береді. «Бақ» тақпақ оқып береді, Бақ ішінде алмалар, Бар жемісі бағалы Көрген адам таңданар, Көздің жауын алады Алма баққа барайық Алма теріп алайық Ең үлкенін дәмдісін Анамызға сыйлайық Балалар қызығушылық таныта отырып ойынға белсене қатысады. |
III кезең- Рефлексивті- түзеуші | Балалар біз сендермен не жайлы әңгімелестік? Көкөністерге нелер жатады? Көкөністер қайда өседі? Көкөністер мен жемістердін қандай айырмашылығы бар? | Қойылған сұрақтарға жауап бере отырып ұйымдастырылған оқу іс – әрекетін қорытындылайды. |