Технологиялық карта
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Шалқан» ертегісі
Мақсаты: Балалардың ертегілер туралы түсініктерін кеңейту, кейіпкерлердің айқын бейнесін көрсете білуге үйрету, балалардың ойлау қабілеттерін, қимылдарын дамыту
Көрнекіліктер: Ертегі кейіпкерлері, үйшіктің, орманның макеті, мультимедиа.
Қажетті құрал – жабдықтар: жануарлардың бетперделері, үнтаспа.
Сөздік жұмыс: ауызбіршілік, ынтымақ, бірлік.
Қызмет кезендері | Тәрбиешінің қызметі | Балалардың қызметі |
Ынталандыру сезімді ояту. | Шаттық шеңбері Біз әдепті баламыз. Біз ерекше боламыз. Қонақтарды көргенде, «Қош келдіңіздер!» деп Сәлемдесіп аламыз. | Балалар шаттық шеңберін құрып, өздеріне таныс өлең жолдарын айтады. |
Ұйымдастырушылық ізденістер | Тәрбиеші Ертегіні жақсы көресіңдер ме? Қандай ертегі білетіндеріңді анықтайын. Сендер білімді, зейінді балалар екенсіңдер. Енді мен тағы да бір ертегіні жасырайын. Шалқан: Кім білмейді шалқанды? Талайлар маған таң қалды. Бәріне сый боламын Тауып көр мендей дарханды. Тәрбиеші: Балалар ертегілер әлеміне қалай саяхаттап келдіңдер? Ертегілер әлемінен кімді кездестірдіңдер? Ерден атайға қандай өнерлерінді көрсеттіңдер? Еккен кезде шалқан қандай болды? Балалар, шалқан не арқылы өсті? Үстел үсті ойыны: | |
Қорытындылау | Барлығы ауызбіршілікпен бір – біріне көмектесіп шалқанды жерден тартып алды. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» - деп бекер айтпаған екен. (Балаларды мақтау, мадақтау) | Балалар мақалды қайталап, жаттап алады. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Ертегіні айтып, көрсетуді. Кейіпкерлерді дұрыс атауды;
Игереді: еңбек туралы мақал - мәтелдерді;
Меңгереді: Қарапайым қарым – қатынас сақтай білуді.
Технологиялық картаны толтырғн:
Тексерген:
Технологиялық карта
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Вариатив. Көркем әдебиет
Тақырыбы:«Бауырсақ» ертегісі
Мақсаты: ертегіні тыңдауға деген қызығушылықтарын арттыру, сөздік қорын молайту, сөйлеу тілін дамыту.
Көрнекіліктер: ермексаз, тақтайша, сүрткіш, қуыршақ, жасыл, қызыл, сары түсті алмалар, себет.
Қызмет кезеңдері | Тәрбиешінің қызметі | Балалардың қызметі |
Ынталандыру сезімді ояту | Шаттық шеңбері: Кел балалар күлейік, Күлкіменен түлейік. Күлкі – көңіл ажары, Күліп өмір сүрейік. | Балалар шаттық шеңберін айтады. |
Ізденістер ұйымдастыру | Балалар бүгін бізге қай ертегінің бас кейіпкері қонаққа келді екен, қараңдаршы! (үстелдің үстінде бауырсақты домалату) Бұл ертегіні бәріміз де білеміз, есімізге түсіріп көрейікші. Ертегіні қуыршақ теарты арқылы көрсету, және дауыс ырғағына келтіріп айтып беру. «Алма қандай?» ойыны. Кәдімгі алмаларын көрсетіп ойнау: Алманың пішіні қандай? Түстері қандай? Сергіту сәті (ойын түрінде өткізу) Алмаларды кілемнің үстіне шашып жіберіп, түстеріне қарай бөлек себеттерге жинату. Алма, алма, көп алма Қызыл, сары көк алма. Теріп, теріп алайық, Себеттерге салайық. | Бауырсақ Балалар ертегіні тыңдайды. Домалақ Сары Алма Домалақ Сары, қызыл, жасыл |
Рефлекстік - түзету кезеңі | Балалардың жасаған жұмыстарын бағалау, мадақтау. | |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: ертегінің мазмұнын
Игереді: сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту барысында жаңа сөздерді
Меңгереді:ермексаздан бауырсақ жасауды, оның қандай екенін.
Технологиялықкартанытолтырған:
Тексерген: ___________________
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Вариатив. Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Мысық, Әтеш және Түлкі» (ертегі)
Мақсаты:ертегінің мазмұнымен таныстыра отырып, жағымды-жағымсыз кейіпкерледі өздігінен ажырата білуге үйрету; ертегіге деген қызығушылығын арттырып, ойын, қиялын дамыту; ертегі арқылы жануарларға қамқр болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер, қажетті құралдар: мысықтың, әтештің, түлкінің суреттері, ертегі бойынша бейнетаспа, жұмыс дәптері, түрлі-түсті қарындаштар
Қызмет кезеңдері | Педагогтың қызметі | Балалардың қызметі |
Мотивациялық қозғаушылық | Шаттық шеңбері Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. | Балалар бір -біріне жылы лебіздерін білдіреді |
Ұйымдастырушылық ізденістік | Кіріспе әңгіме Менбалаларға жұмбақ жасырады: Бұрап қойған сағаттай, Айғайлайды таң атпай. -Қандай жан-жануар туралы ертегі білесіңдер? -Бүгін біз «Мысық, Әтеш және Түлкі» деген ертегімен танысамыз. Ерегіні мәнерлеп оқып береді. -Орманда мысықпен бірге не өмір сүреді? -Мысық қайда кетеді? -Әтешті Түлкі қалай алдады? -Мысық әтешті қалай құтқарады? Сөздік жұмыс: шап беріп, тәкаппар. Әтеш- үй құсы. «Ку-ка-ре-ку!»- деп шақырады. Мысық та үйде өмір сүреді. Мысық мияулайды Сергіту сәті Ертегі желісі бойынша қимылдар жасатады. -Мысық қалай жүреді? Қалай дыбыстайды? -Әтеш қалай секіреді? Қалай шақырады? -Түлкі қалай қуланады? -Құйрығын қалай қозғалтады? -Түлкі Әтешті қалай мақтайды? Мақал жаттау «Дос болсаң, берік бол, Досыңа серік бол». | Жауабы: әтеш. Балалардың жауаптары Балалар ертегінің мазмұнымен таысады.. -Әтеш. -Орманға, аң аулауға. -«Терезеден қарашы, бұршақ беремін», деп алдады. . -Түлкіні қуып жетіп, Әтешті үйшігіне алып келеді. Сөздердің мағынасын түсінеді. -Ку-ка-ре-ку! -Мияу! Балалар қимылмен көрсетеді. -Дыбысын білдірмей жүреді. -Мияу-мияу! -Ку-ка-ре-ку! -Құйрығын бұлаңдатып, майысып Балалар мақалды жаттап алады |
Рефлексиялық түзетушілік | -Мысық Әтешке қалай көмектеседі? -Әтеш қандай құс? | -Мысық адал дос. Ол Әтешті Түлкінің арбауынан құтқарады. Әтеш аңқау. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: ертегіге кездескен кейіпкерлердің қимыларын жасай алады.
Игереді: ертегі желісі бойынша әтештің еңбекқор, мысықтың қамқор екенін түсінеді.
Түсінеді: ертегі мазмұны бойынша рөлге бөлініп ойнайды.
Технологиялық картаны толтырған:
Тексерген:
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Вариатив. Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Шаруа мен Аю» (орыс халық ертегісі)
Мақсаты: ертегі мазмұнын жете түсіндіріп, оны талдауға деген қызығушылығын ояту; өз ойын қиялмен ұштастыра отырып, жағымды-жағымсыз кейіпкерлерді өздігінен ажырата білуге үйрету; ертегі арқылы балалаарды еңбекті сүюге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер, қажетті құралдар: ертегі желісі бойынша шаруа мен аюдың суреттері, ертегі бойынша бейнетаспа, слайд, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар.
Сөздік жұмыс: шаруа, шалқан.
Билингвальді компонент: шаруа-крестьянин; аю-медведь; шалқан-репа; бидай-пшеница.
Қызмет кезеңдері | Педагогтың қызметі | Балалардың қызметі |
Мотивациялық қозғаушылық | Шаттық шеңбері Адал, жақсы ниетпен, Бар адамға бақ тілеп, Жарып шыққан жүректен, Сөздің бәрі ақ тілек. | Балалар шаттық шеңберіне тұрып, қолдарына ұстаған қмшыны бір-біріне бере отырып жылы лебіздерін білідіреді. |
Ұйымдастырушылық ізденістік | Кіріспе әңгіме Мен балаларға жұмбақ жасырады. Балпаң- балпаң басады, Қыр-жотадан асады. Паналайды үңгірді, Іздемейді тасаны. Ол не? «Шаруа мен Аю» туралы орыс халық ертегісімен таныстырады. Балаларға ертегі толық оқып беріп, мазмұнын түсіндіреді. Сұрақ-жауап -Ертегі қалай аталады? -Ертегіде қандай кейіпкерлер кездесті? -Шаруаға не келеді? -Аю шарауаны қалай қорқытты? -Олар неге келісті? -Шаруа не екті? -Аюға қай жағын берді? -Келесі жылы шаруа не екті? -Аю нені білмеді? Сергіту сәті Ертегі желісі бойынша іс-әрекетті қимылмен қайталату. -Шаруа бидайды қалай екті? -Аю қалай келді? -Бидайы қалай өсті? -Шаруа шалқанды қалай екті? | Балалардың жауаптары. Жауабы: аю. Балалар ертегіні тыңдайды. Балалар сұрақтарға жауап береді. Бала қимылмен, сөзбен өайталап көрсетеді. -Жерді қазып, тұқым шашты. -Балпаңдап келді. -Бидай үлкен болып өсті. -Жер қазып тұқымды салды. |
Рефлексиялық түзетушілік | -Шалқан жердің астында жатады, жапырақтары жердің бетіне шығады. Ал бидай дәні масақта болады. Сабағын жемейді. Бидайдан ұн жасап, ұннан нан, түрлі тағамдар пісіреді. | Балалар ертегімен танысып, мәнерлеп айта біледі. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: ертегіні тыңдай отырып, еске түсіреді, ертегіні рөлге бөлініп ойнайды.
Игереді: шаруаның ақылды, аюдың аңқау екендігін түсінеді.
Меңгереді:ерегіні сахналау арқылы байланыстыра сөйлеуге дағдыланады.
Технологиялық картаны толтырған:
Тексерген
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі:Вариатив. Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Көкек» (ертегі)
Мақсаты: ертегіні оқып жеткізу арқылы ертегі кейіпкерлерінің жағымды-жағымсыз қасиеттерін көруге, ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекеттерін сезінуге, өз ойларын жеткізе білуге баулу; балаларды адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер, қажетті құралдар: көкектің, балалардың, дана адамның суреттері, бейнетаспа, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар.
Билингвальді компонент: көкек-кукушка; дана адам-мудрый человек.
Қызмет кезеңдері | Педагогтың қызметі | Балалардың қызметі |
Мотивациялық қозғаушылық | Шаттық шеңбері Қуан, шаттан, алақай, Қуанатын келді күн. Қайырлы таң! Тағы да Күліп шықты күн бүгін! | Балалар шатық шеңберіне тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. |
Ұйымдастырушылық ізденістік | Кіріспе әңгіме -Қазір жылдың қай мезгілі? -Көктемде қандай құстар ұшып келеді? Мен жұмбақ жасырады: Қайталап атымды, Ән салып аламын. Кез келген ұяға Жұмыртқа саламын. -Балалар, бүгін біз «Көкек» ертегісімен танысамыз. Ертегіні оқып шығып, ертегі бойынша мағұлматтар беру. Ертегіні оқып шығып, ертегі бойынша мағұлматттар беру. -Көкек –ерте көктемде ұшып келетін құс, өз атын өзі шақырады. Сұрақ-жауап Көкек қайда ұшып келеді? Балаалар көкекті ұстау үшін не істеді? Көкекке кімкездесті? Көкек не деп күлді? Дана адам көкекке не деп жауап берді? Көкек не істеді? Дана адам балаларға не дейді? Сергіту сәті Көктем, көктем, көктемде, Құстар келіп жеткенде, Қуанып бір қаламыз, Әнмен қарсы аламыз. | Балалардың жауаптары. -Көктемде қарлығаш, аққу, тырна, қаз, көкек ұшып келеді. Балалар жұмбақтың шешуін табады. Балалар жұмбақтың шешуін табады. Жауабы: көкек. Балалар ертегіні тыңдайды. Балалардың жауаптары. Балалар қимылмен көрсетеді. |
Рефлексиялық түзетушілік | Дана адам Көкекке қандай ақыл айтты? | Балалардың жауаптары. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: көкектің өз атын шақыратын құс екендігі, жұмыртқасын басқа құстардың ұясына салып кететінін біледі.
Игереді: құстарға қамқорлық жасап, жемшашар, ұя жасп беру керкектігін түсінеді.
Меңгереді: дана адамның айтқан сөзін түсіне отырып, алдын ала мақтанбау керектігін біледі.
Технологиялы картаны толтырған:
Тексерген:
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі:Вариатив. Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Алтын астық» (ертегі)
Мақсаты: өлеңнің мазмұнын ашу, өлеңді дауыс ырғағын келтіре оқи отырып,иәр шумағын қайталау арқылы жаттату; піскен астықты ору, жинау науқаны туралы балаларға айтып жеткізу; еңбекке деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, еңбекті сүйе білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер, қажетті құралдар: астықты комбайнмен орып, жинап, машинамен қамбаға тасып жатқан суреттер, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар
Қызмет кезеңдері | Педагогтың қызметі | Балалардың қызметі |
Мотивациялық қозғаушылық | Шаттық шеңбері Кел, балалар, күлейік, Күлкіменен түлейік. Күлкі көңіл ашады, Күліп өмір сүрейік! | Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. |
Ұйымдастырушылық ізденістік | Кіріспе әңгіме Мен балаларға жұмбақ жасырады: Ұзын мұртты срылар, Қойынында дәні бар. Ол не? -Бидай, сұлы, арпа, тарыны жалпы астық деп атайды. Астық піскен кезде егін жинау науқаны басталады. -Бүгін Қосжан Мүсіреповтың «Алтын астық» өлеңімен танысамыз. Көктемде егін егетін, Күзде жиып теретін, Біздің дала – бай дала, Алтын астық айнала. Ел егінді жинайды, Қырманға дән сыймайды. Біздің дала – бай дала, Алтын астық айнала. білідреді. Сұрақ-жауап -Егінді жылдың қай мезгілінде жинайды? -Қандай дәндер астық түріне жатады? Сергіту сәті Мақал жаттау «Ас атасы – нан ». | Балалардың жауаптары. Жауабы:бидай. Балалар өлеңді қайталай отырып жаттап алады. -Күз мезгілінде. -Бидай, арпа, тары, сұлы. Балалар қимылмен көрсетеді. Балалар мақалды жаттап алады. |
Рефлексиялық түзетушілік | -Алтын астық деп не үшін айтамыз? -Астықты қайда сақтаймыз? | Балалардың жауаптары. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: «астық» сөзінің мағынасын түсінеді, нанның қандай еңбекпен келетінін біледі.
Игереді: астық пісіп, жиналатын күз мезгілі екендігін түсінеді.
Меңгереді: «Алтын астық» өлеңін жатқа айтады, мағынасын түсінеді мәнерлеп айтып береді.
Толтырған тәрбиеші
Тексерген әдіскер
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА
Күні: _______________
Білім беру саласы: Коммуникация:
Бөлімі:Вариатив. Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Арыстан мен тышқан» (латыш ертегісі)
Мақсаты: «Арыстан мен тышңан» ертегісінің мазмұнымен таныстыру, ертегіні оқып беру, тіл байлықтарын молайту, қызығушылыңтарын арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту. Арыстан мен тышқанның айырмашылығын айту.
Қолданылатын көрнекі құралдар: суреттер, атрибуттар, үлгілер, арыстан мен тышқан кейіпкерлерінің бейнесі.
Сөздік жұмыс: арыстан, тышқан.
Қызмет кезеңдері | Тәрбиешінің қызметі | Баланың қызметі |
Мотивациялық-қозғаушылық | Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері. Балаларды ертеңгісін көңіл күйлерін көтеретін, ұйқыдан оятатын, бойларын сергітетін өте көңілді әнмен шаттық шеңбері жасалады. Көк Тудың желбірегені Жаныма қуат береді. Таласқа түссе жан мен Ту, Жан емес, маған керегі - Көк Тудың желбірегені. | Балалар қимылдар жасайды. |
Ұйымдастырушылық-ізденістік | Кіріспе әңгіме. - Бүгінгі біз «Арыстан мен тышқан» атты латыш ертегісімен танысамыз. Ертегі өте қызықты екен. Жалпы мазмұнын айта кету. Ертегіні оқып беру. Сұрақ-жауап. - Балалар, сендерге ертегі ұнады ма? - Арыстан қайда жүреді? - Арыстан мен тышқанның айырмашылыгы неде? Арыстан мен тышқан туралы қандай тақпаң білесіңдер? | Балалар жауап береді. Саваннада Арыстан - үлкен, тышқан - кішкентай |
Рефлексиялык-түзетушілік | Қорытындылау. Балаларға әртүрлі қимылдар жасату: Тікірейіп құлағы Менен бұрын тұрады. Бойын жазып керіліп, Беті-қолын жуады. Диалогты сөздермен балаларға әңгімені рөлдер арқылы ойнату. | Қимылдар жасайды. Рөлге бөлініп ойнайды. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: ертегінің мазмұнын.
Игереді: ертегіні тыңдауға деген қызығушылығын арттыруды.
Меңгереді: рөлге бөлініп ойнауды.
Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші ______________________________________
Әдіскер_______________________________________________________________________
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА
Күні:
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Вариатив. Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Ақымақ қасқыр» (ертегі)
Мақсаты: балаларға ертегіні оқып беріп, ертегі кейіпкерлерінің жағымды-жағымсыз қасиеттерін көре білуге, өз ойларын жеткізе білуге баулу; ертегі арқылы жануарларға қамқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер, қажетті құралдар: қасқырдың, қойдың, ешкінің, қойшының суреттері, жұмыс дәптері, түрлі-түсті қарындаштар, слйдтар, ертегі бойынша бейнетаспа.
Сөздік жұмыс: ақымақ, жылы-жұмсақ.
Билингвальді компонент: қасқыр- волк; қой- овца, ешк-коза.
Қызмет кезеңдері | Педагогтың қызметі | Балалардың қызметі |
Мотивациялық қозғаушылық | Шаттық шеңбері Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызып, жылы тілектерін айтқызады. | Дамир, мен саған жақсылық тілеймін! Айару, мен саған жылулық тілеймін! Ануар, мен сған денсаулық тілеймін! |
Ұйымдастырушылық ізденістік | Кіріспе әңгіме -Балалар, сендер қандай ертегі білесіңдер? - Сол ертегілердің ішінде қайсысы ұнайды? -Ертегі несімен ұнайды? - Қазір біз «Ақымақ қасқыр» ертегісімен танысамыз. Ертегіні мәнерлеп оқып береді. Сұрақ-жауап - Ертегі қалай аталады? - Ертегіде қасқыр қандай үй жануарына кездесті? - Қасқыр жайылып жүрген нені ұстап алады? - Қой қасқырдан қалай құтылады? - Қасқырға тағы не жолығады? - Ешкі қасқырдан қалай құтылады? Сергіту сәті Жарға шығып ойнайды, Ойынға бір тоймайды. Болса дағы сақалы, Секеңдеуді қоймайды. | Балалардың жауаптары. Балалар ертегімен танысды. Балалардың жауапатры: Қойды ұстап алады «Мен арықпын. Мені босат, қоралы қойға қайтайын, қозымды саған әкеліп тартайын», - дейді. Ешкі жолығады «Мен қарапайым ешкі емеспін, тойда билеп, торқа киген ешкімін», - дейді. Ешкі билеп, секіре-секірке жалт беріп, көп қойдың арасына кіріп кетеді. Балалар қимылмен көрсетеді. |
Рефлексиялық түзетушілік | - Ертегі неге «Ақымақ қасқыр» деп аталған? | Балалардың жауаптары. |
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: ертегідегі кейіпкерлердің дыбыстауын, жүрісін қимылмен көрсете алады.
Түсінеді:жануарларға қамқорлық корсету керектігін біледі; ертегідегі қасқырдың ақымақтығын, қой мен ешкінің ақылдылығын түсінеді.
Қолданады:ертегідегі жағымды-жағымсыз кейіпкерлерді жырата алады.
Толтырган тәрбиеші :
Тексерген:
Технологиялық карта
Күні:
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Вариатив.Көркем әдебиет.
Тақырыбы: «Маша мен Аю» (орыс халық ертегісі)
Мақсаты: балалардың зейінін аударып, ертегіге деген қызығушылығын арттыру; оның мазмұнын, мағынасын түсініп, өз ойымен жеткізе білуге үйрету
Қолданылатын көрнекі құралдар: ертегі бойынша суреттер, ертегіні бейнетаспадан тыңдау, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар.
Сөздік жұмыс: бұртиды, бәліш.
Билингвальды компонент: аю – медведь; қыз – девочка; бәліш – пирожки.
Қызмет кезеңдері | Тәрбиешінің қызметі | Балалардың қызметі |
Мотивациялық қозғау- шылық | Шаттық шеңбері Балдырған баламыз, Қашан да, қайда да Бірлікте боламыз! | Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. |
Ұйымдастыру- шылық- ізденістік | Кіріспе әңгіме Жұмбақ: Орманнан, жалпақ даладан, Бал іздеп бір аң жортады. Кіп-кішкентай арадан Үп-үлкен боп қорқады. Балалар, «Маша мен Аю» ертегісін мультфильмнен көргендерің бар ма? Біз бүгін осы «Маша мен Аю» деген орыс халқының ертегісімен танысамыз. Ертегіні мәнерлеп оқып беру. Сергіту сәті: Тауға шықсаң, қалың қар, Сайға түссең қалың қар. Шырша үсті қалың қар, Байқаңдар, қар астында, Ұйықтап жатқан аю бар. Сұрақ-жауап: | Балалар жұмбақтың шешуін табады. -Аю. Балалардың жауаптары. Балалар ертегіні тыңдайды. Балалар қимылмен көрсетеді. Балалар жауап береді. -Маша құрбыларымен орманға барды. -Құрбыларынан адасып қалып, Аюдың үйіне кірді. -Маша Аюға бәліш пісірді. -«Жаңбыр жауып тұрған жоқ па екен, көріп келші», - деп аюды далаға жұмсады. Ал өзі қораптың ішіне кіріп алады. -Аю қорапты арқалап, Машаны атасы мен әжесінің үйіне жеткізеді. |
Рефлексиялық- түзетушілік | | Балалардың жауаптары. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі:балалар ата-анасының айтқан сөзін тыңдау керектігін ұғады.
Игереді: ата-әжесіне жету үшін Машаның қулық жасағанын түсінеді.
Меңгереді: ертегінің мазмұнын, мағынасын өз ойымен жеткізе алады.
Толтырған тәрбиеші:
Тексерген әдіскер:
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА
Күні:
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Вариатив Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Үш қыз» (ертегі)
Мақсаты: ертегіні балаларға таныстыру, мазмұнын ашу, кейіпкерлерінің тағдырына балаларды ортақтастыру арқылы оларды балалармен бірге қуанып, бірге армандап, ізгілік пен ерсілікті айыра білуге үйрету; балаларды ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер, қажетті құралдар: ананың және қыздардың иллюстрациялы суреттері, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар, слайд.
Сөздік жұмыс: аулы жан, қайырымдылық.
Билингвальді компонент: ана-мама; қыздар-дочки; ауыру-болеть; балара-пчела.
Қызмет кезеңдері | Педагогтың қызметі | Балалардың қызметі |
Мотивациялық қозғаушылық | Шаттық шеңбер Біздің топта балалар Тату тәтті ойнайды. Дос көңілі әрқашан Тек жақсылық ойлайды. | Балалар шатық шеңберіне тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. |
Ұйымдастырушылық ізденістік | Кіріспе әңгіме Педагог балаларға сұрақ қояды: -Өмірдегі ең жақын, ең аяулы жан кім? -Ең аяулы жан ол ана. Анамызды сыйлап, айтқанын орындап, ренжітпей жүруіміз керек.Анамыз ауырып қалса, дәрі дәрімек беріп күтуіміз керек. -Бүгін біз татар халқының «Үш қыз» ертегісімен танысамыз. Ертегіні мәнерлеп, түсіндіре отырып оқып беру, мазмұнын айту. Сұрақ жауап -Анасы тиінді жұмсап, қыздарын не үшін шақырды? - Тиін үлкен қызды неге айналдырды? Не үшін? -Тиін ортаншы қызды неге айналдырды? Не үшін? -Тиін кіші қызды неге айналдырды? Не үшін? Сергіту сәті Орнымыздан тұрайық, Қарлығаш боп ұшайық. Бір отырып, бір тұрып Жақсы сергіп қалайық. | Балалардың жауаптары. Балалар ертегімен танысады. -Ауырып қалған соң шақырды. -Үлкен қызы тегеш тазалап жатқанын айтып, анасына көмекке бармайды. Тиін оны тасбақаға айналдырды. -Ортаншы қыз тоқыма тоқып жатырмын деп, анасына көмекке келмейді. Тиін оны өрмекшіге айналдырды. -Кіші қызы бәрін тастап, анасына көмекке жүгіреді. Тиін қызды қайырымдылығы үшін балараға айналдырды. Балалар қимылмен көрсетеді. |
Рефлексиялық түзетушілік | -Егер аналарың, қамқоршың ауырып қалса, сендер қалай көмектесесіңдер? | Балалардың жауаптары. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: анасын, қамқоршысын сыйлайды, көмектеседі.
Игереді: ана- баласы ауырса әрдайым жанында болатын аяулы жан екенін, бала да анаға қамқорлықпен қарауы керегін түсінеді.
Түсінеді: аналарға арналған өлеңдер мен тақпақтар айтып береді.
Технологиялық картаны толтырған тірбиеші:
Тексерген