СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ббжм дайындық құралы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«Ббжм дайындық құралы»

Бесік жыры.  Бесік жыры – тұрмыс-салт жырларының көне түрінің бірі. Әлемде бесік жырын айтпайтын халық жоқ. Халық педагогикасының негізіне айналған. Бесік жырында халықтың төл тарихының, дәстүрлі мәдениетінің, ежелгі наным-сенімінің, дүниетанымының көрінісі бар. Бесік жырының басты қызметі – сазды әуен, ырғақты сөзбен баланы тербете жұбата отырып, оның санасына ұлттық тәрбиенің алғашқы нәрін сіңіру. Бесік жыры екі түрлі міндет атқарады:

сәбиді жұбату және оның болашағына деген ата-аналық тілегін білдіреді;

ананың балаға деген мейірі, махаббаты, ой-арманы, ізгі ниеті, халықтың ақыл өсиеттері айқын керінеді.

Бесік жыры баланың сәби кезінде, яғни 1-5 жас аралығында, баланың жанына жағымды әуенмен айтылады. Қазақ бесік жырының үлгілерін алғаш Ә.Диваев хатқа түсіріп 1905 ж. жариялаған. Бесік жыры – қазақ әйелінің жан дүниесін танытатын жанр. Бесік жыры кәсіби қазақ музыкасында ән жанры ретінде дамыды 

Бесік жырларын мазмұны мен поэтикалық құрылымына қарай дәстүрлі бесік жырлары және суырып салма бесік жырлары деп екі топқа бөлуге болады. Дәстүрлі бесік жырлары ел арасында ежелден айтылып, әбден қалыпқа түскен, барлық жерлерде мазмұн желісі мен әуені өзгертілмей орындалатын жырлар. Олар: “Әлди, әлди ақ бөпем, Ақ бесікке жат, бөпем!” деген ана мейіріміне толы өлең жолдарымен басталып, баланы жұбататын, алдандырып тәтті ұйқыға батыратын шумақтарға ұласады. Ал суырып салма бесік жырларында айтушы жанрлық түрді пайдалана отырып, кезеңдік жағдайларды, өзінің ішкі мұң-сырын өлеңге қосады. Мәселен, Г.Н. Потанин хатқа түсірген бесік жырының бір үлгісінде: “Таудан Тоғас түскен жоқ, Секемен тары піскен жоқ. Тоғас түссе етекке, Қой жүреді жетекке. Жылама, бөпем, жылама” деп жарты құрсақ жатақтар өмірінің ауыр тірлігі суреттелді. Сырлы сөз бен сазды әуен астасып келетін бесік жыры халық педагогикасының бастау бұлағы ғана емес, қазақ әйелінің жан дүниесін танытатын, кезеңдік ел тұрмысынан мол мағлұмат беретін шалқары кең жанр. Оның осы мүмкіншілігін кейінгі жазба әдебиет өкілдері мен сазгерлер де кеңінен пайдаланып келеді.

Бесік жыры халық даналығынан туған фольклорлық мұра. 



1.Мәтін мазмұнына сай қорытынды пікір

А. Бесік жыры – тұрмыс-салт жырларының көне түрінің бірі.

В. Фольклор – жазба әдебиетінің іргетасы.

С. Бесік жыры халық даналығынан туған фольклорлық мұра. 

Д. Бесік жыры қазақ әйелінің жан дүниесін танытатын шалқары кең жанр. 

Е. Бесік жырларының түрлері көп.

2. Бесік жыры мазмұны мен поэтикалық құрылымына қарай қалай бөлінеді?

А. екі топқа

В. бір топқа

С. бес топқа

Д. төрт топқа

Е. үш топқа

3. Бесік жырының басты қызметі

А.  баланы ұйықтату

В. ұлттық  әндермен таныстыру 

С. өз ұлтының тарихын білу

Д. жырлармен таныстыру

Е. жұбата отырып, тәрбиенің ұлттық нәрін сіңіру

4. Қазақ бесік жырларын алғаш хатқа түсірген ғалым

А. А. Байтұрсынов

В. Ә. Диваев 

С. Ы. Алтынсарин

Д. Г.Н.Потанин

Е. М. Жұмабаев

5. Мәтін мазмұнына сай қорытынды пікір

А. Бесік жыры – тұрмыс-салт жырларының көне түрінің бірі.

В. Фольклор – жазба әдебиетінің іргетасы.

С. Бесік жыры халық даналығынан туған фольклорлық мұра. 

Д. Бесік жыры қазақ әйелінің жан дүниесін танытатын шалқары кең жанр. 

Е. Бесік жырларының түрлері көп.

6. Г.Н. Потанин хатқа түсірген жырдың ерекшелігі

А. тарихи бесік жыры

В. ерекше әуенімен айтылған

С. мазмұны жағынан құнды 

Д. суырып салма бесік жыры

Е. дәстүрлі бесік жыры

7. Мәтін контексті бойынша  бесік жыры қай кезеңде айтылады?

А. тәй-тәй басқан кезінде

В. балғын-шақ кезінде

С. баланың тілі шыққан кезінде 

Д. есі кірген кезінде

Е. сәби кезінде

8. Дәстүрлі бесік жырларының ерекшеліг

А. қалыпқа түскен, мазмұны өзгермей орындалады

В. әуенмен шырқалады 

С. өз ойынан шығарып айтылады

Д. жаттанды түрде орындалады

Е. ауыр өмір тірлігі суреттеледі

9. Мәтінге арқау болған  ауыз әдебиетінің түрі

А. тілек білдіру

В. тұрмыс-салт жыры

С.сазды әуен жыры

Д. бесік жыры

Е. ертегі 

10. Ананың балаға деген мейірі, махаббаты, ой-арманы, ізгі ниеті, халықтың ақыл өсиеттері фольклордың қай түрінде айқын керінеді

А. мақал-мәтелдерде 

В. ертегілерде

С. ұлттық әндерде

Д. аңыз-әңгімелерде

Е. тұрмыс-салт жырларында































































1465-1470 жылдар - хандықтың құрылған емес, нығайған уақыты, халықтың өз тәуелсіздігін жариялаған емес, көрші жұрттарға біржола танылған мезгілі. Түптеп келгенде, мұның бәрі қазақ тарихының бастауын мүмкін болғанынша кейіндету талабының бір көрінісі ғана. Қазақ хандыгының құрылуы жөнінде бірден-бір дерек.

«Тарих-и Рашиди» еңбегіне сүненетін болсақ, Қазақ хандығының негізін қалаушылар Керей мен Жәнібек хан Шибан әулетінен шыққан Әбілқайыр ханмен жауласуынан кейін оның билігінен бас тартып, Шу езенінің бойындағы Қозыбасы дейтін қоныста дербес Қазақ хандығының туын көтереді. Алғаш туымыз тігілген Қозыбасы жері - ХІУ- ХҮ ғасыр басында емір сүрген Моғолсган мемлскетінің батыс бөлігіндегі аумақ.

Қозыбасы атауының түп мағынасы төңірегіндегі жоталардан оқшау тұрган қозының басындай ғана жұмыр, аласа шоқы төбені білдірсе керек. Қазақ хандығы құрылғанда алдымен Керей ақ киізге отырғызылып, хан кетеріліпті. Керейдің нақты қай жылы қайтыс болғаны белгісіз. Одан соң Жәнібек хан эмір жүргізсді. Сірә, қазак жұртының Әбілқайырды женіп, біржола іргеленуі Жәнібек тұсында болса керек, жана хандықгын өзіндік кұрылымы мен заң жүйесі де осы Жәнібек заманында жөнге түскен сияқты. Жәнібектің қазақ тарихындағы айрықша тұлға ексндігінің бір белгісі - оның халық санасында әулиеге пара-пар, ақылды әрі әділетті әмірші ретінде танылуы, Ол ұлтгық тарнхымызда жай ғана Жәнібек хан деп  аталмайды, Әз-Жэнібек хан деп аталады.

Әз-Жәнібек — қазақ жұртының іргесін бекітіп, ордасын орнықгырған ұлы хан ғана   емес, сол халықгың бар игілігіне ұйытқы болған асылы, ұлы әулеттің де негізін салушы. Қазақ Ордасының құдіретті әміршілсрі, қазақ халқының ұлы  перзентгері Қасым хан, Хақ-Назар хан, Әз-Тәуке хан, Абылай хан, Кенесары хан, ұлы ғалымдарымыз Шоқан, қайраткер Әлихан Бөкейхановтар - осы әулие Әз-Жәнібек ханның тікелей ұрпақтары.

Тұғырлы көк байрағымызды аспанда желбіретіп ұстау енді келешегі кемел, білімді болашақ ұрпақтың еншісінде. Бүкіл дүнүе жүзі халықтары бүгінгі күнде қазақ халқын картадан ғана емес, оны жер байлығы мен экономикасы дамыған алдыңғы қатарлы

мсмлскеттсрдің санатынан керуі - Елбасымыздың көреген саясатының жемісі. Сонау Қасым хан негіздеген «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» және Епбасы салған сындарлы сара жолмен жүріп келе жатқан елімізде «Қазақстан - 2030» стратегиясының бүгінгі күндс мерзімінен бұрыи орындалуы, 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі, Әлемдік діндер ұйымының конференцнясының, 2010 жылы Қысқы Азияда ойындарының, ЕХРО-2017 көрмесінің өтуі қазақ халқының дүнне жузі алдындағы бірлігі жарасқан, толерантты мемлскст екенін дәлелдеді.

Мәңгілік Ел – елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат кезі. Ол «Қазақстан- 2050» стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық патриотизм дегеніміздін өзі – Мәңгілік Ел! Ол — барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы. Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақганыш та гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр.

1. 2010 жылы Қазақстанда Қысқы Азияда ойындарының өтуі

А. Елімізде енбекқор жастардың көп екенін  дәлелдейді.

В. Қазақстан климатының қысқы ойындарға қолайлы екендігін дәлелдейді.

С. Бірлігі жарасқан ұйымшыл, төзімді, толерантты мемлекет екенін дәлелдеді.

Д. Азия жерін кұлан ғайыр екенін дәлелдейді.

Е. Еліміздегі ескелең ұрпақтың салауатты өмір салтын қолдайтынын дәлелдейді.

2. Хан көтеру рәсімі қай азат жолда сөз болады?

А. бірінші

В. бесінші

С. үшінші

Д. екінші

Е. төртінші

3. Қозыбасы атауының түп мағынасы

А. Қозы өрбіткен жер болса керек

В. Қозы көш жерден көрінгендіктен

С. Қозының басындай ғана төбені білдірсе керек

Д. Қозының жайылым орнын білдірсе керек

Е. Қой қоздаған аласа шоқы болса керек

4. Мәтін мазмұнына сай тақырып

А. Тәрбие басы – тал бесік.

В. Ел боламын десең, бесігіңді түзе!

С. Тәуелсіздік тірегі – тіл.

Д. Рухы мықты ұлтымның ұлы жетістіктері. 

Е. Күшті бірді, білімді мыңды жеңер. 

5. Алашорда көсемі болған Әз-Жәнібек ханның ұрпағы.

А. Абылай хан

В. Хақ-Назар хан

С. Әз-Тәуке хан

Д. Әлихан Бөкейханов

Е. Шоқан Уәлиханов

6. Өткен тарихымызға тағзым, бүгінгі бақытымызға мақтаныш білдіру идеясы

А. «Қазақстан-2050»

В. «ЕХРО-2017»

С. «Қасым ханның қасқа жолы»

Д. «Қазақстан – 2030 стратегиясы» 

Е. «Мәңгілік Ел»

7. Мәтіндегі ойға сай мақалды анықтаңыз.

А. Ел ерімен, ер елімен мықты.

В. Көргені жақсы көш бастар.

С. Хан екі айтса, қадірі кетеді, Қараша екі айтса, ары кетеді. 

Д. Ұят – өлімнен күшті.

Е. Хан қарашасыз болмас, Дау арашасыз болмас.

8. Мәтін бойынша халық санасында ақылды әрі әділетті әмірші ретінде  таңбаланған хан

А. Кенесары хан

В. Абылай хан

С. Әбілқайыр хан

Д. Әз-Тәуке хан

Е. Әз-Жәнібек хан

9. Мәтіннің негізгі идеясы неде?

А. Ел тәуелсіздігін нығайту

В. «Мәңгілік ел»  идеясы

С. Тарихты құрметтеу

Д. Хандар туралы білу

Е. Ел жетістіктері туралы білу

10. Керей мен Жәнібек хандардын тарихтағы орны

А. Қазақ хандығының негізін қалаушылар 

В. Отарлау саясатынан құтқарушылар

С. «Жеті жарғыны» енгізген хандар

Д. Соғыс әдіс-тәсілінің білгірлері

Е. Саяси бітімгерлер





















Атадан балаға мирас болып келе жатқан салт-дәстүрлеріміздің бірі - ер балаға айдар шаш және кекіл қою. Қазақ халқыныңсалт-дәстүрінде адам шашын ерекше қастерлеген.   Қазақта «Айдарлы бала - айбарлы бала» деген сөз бар. Айдар шаш ер баланы тіл мен көзден сақтайтын көрінеді. Сондықтан да ата-ана баласы бір жасқа толғанда, оның қарын шашын алып, төбесіне бір өрімдей ғана шаш қалдырып, оны өсіріп, көзді маржан, қаратас тағып, өріп қоятын болған. Бұл ғұрып ер балаға жасалады.

Салт-дәстүріміздің қайта жаңғырғаны шығар, қазір айдар қойған, кекіл таққан балаларды жиі көретін болдық. Төбесінде айдары бар балаларға үлкен кісілер ерекше назар аударып, көрген жерде қастарына шақырып, аты-жөнін сұрап, ықылас-баталарын беріп жатады. Жасының ұзақ, денінің сау болуын тілейді. Халық айдарлы балаға тіл-көз тимейді деп есептеген. Қойылған айдардыбала жеті жасқа немесе он үш жасқа келгенше тіл-көздің сұғынан сақтайды деп алғызбаған. Халық дәстүрінде балаға сұқтанған адамның көзі айдарға түсіп алдансын деген сеніммен қояды. Айдар қойған баланың шашын сүндетке отырғызғанда ғана алады деген ұғымбар. Тарихи деректерге сүйенсек, Кенесары Ханның інісі Наурызбай батырдың айдары болған. Қазақта Айдар деген адам есімі де бар.

Қазақтар тәріздіТайланд халқы да балаларына айдар қояды. Олардыңнаным-сенімдері бойынша аурушаң балаға айдар қойса, ол тез сауығьш кетеді. Тайландтықтар бала сырқатынан сауығып кеткенсоң айдарды алып тастайды екен.



1. Айдар шашын алуға қатысты қандай ұғым қалыптасқан?

А. өсіре береді

В. мүшелге толғасын алады

С. сүндетке отырғызғанда алады

Д. жеті жасқа келгенде алады

Е. тәй-тәй басқанда алады

2. Мәтін мазмұны бойынша тайландтықтар баланың айдарын қай кезде алады?

А. Үйленген кезде

В. Бала сырқатынан айыққан кезде

С. Мүшел жасқа келген кезде

Д. Жеті жасқа толған кезде

Е. Алғаш аңға шыққан кезде

3. Мәтін мазмұнына қатысы жоқ тұжырымды табыңыз

1. Айдар шашты ұл баламен қатар қыз балағада қояды.

2. Айдар қою бүгінгі күні қайта жаңғырған жоқ.

3. Айдар кою дәстүрі басқа халықта да бар.

А. Тек үшіншісі

В. Тек біріншісі

С. Тек екіншісі

Д. Біріншісі мен екіншісі

Е. Екінші мен үшінші

4. Мәтін бойынша салт-дәстүріміздің жаңарған белгісі

А. Батыстық үлгідегі шаш үлгісі жиі кездеседі

В. Бұрымды қыздар жиі кездеседі

С. Ұлттық киім киген балаларжиі кездеседі

Д. Айдар, кекіл қойған балалар жиі кездеседі

Е. Шашына үкі таққан қыздар жиі кездеседі





5. Айдарға байланысты қазақтың наным-сенімін кѳрсетіңіз

А. Tiл мен кѳзден сақтайды

В. Бала болашакта ғалым болады

С. Баланың дос-жарандары кѳп болады

Д. Бала дәулетті, бай адам болады

Е. Бала аурудан тез сауығып кетеді

6. Мәтінге атау беріңіз

А. Тайландтық «Айдар»

В. Айдар шаш

С. Қарын шаш

Д. Бүгінгі шаш үлгісі

Е. «Айдар» есімі туралы

7. Мәтін стилін анықтаңыз

А. Ic-қағаздар

В. Көркем әдебиет

С. Ауызекі сөйлеу

Д. Ғылыми

Е. Ресми

8. Мәтінге байланысты дұрыс тұжырымдарды табыңыз

1. Айдар шаш қою - ежелгісалт-дәстуріміздің бірі.

2. Айдарлы балалар үлкендердің ерекше назарында.

3. Наурызбай батырдың айдарыболған.

А. Үшеуі де бұры

В. Біріншісі мен үшіншісі

С. Біріншісі мен екіншісі

Д. Үшеуі де дұрыс

Е. Екіншісі мен үшіншісі

9. Кекіл қою дегеніміз не?

А. төбе тұсында шаш қою

В. шашын сәнді қию

С. маңдай тұсында шаш қою

Д. бір жағына шаш қою

Е. желке тұсына шаш қою   

10. Мәтін бойынша баланың айдарын қай кезде алады?

А. Қырқынан шығарған кезде

В. Тілі шықкан кезде

С. Он жасқа толған кезде

Д. Тәй-тәй басқан кезде

Е. Сүндетке отырғызған кезде