Шығарып көр. Белгісіз бөлік, яғни қосылғышты білу керек. Бұл тапсырманы өз бетінше орындауды ұсыныңыз және тексеруді жұппен орындату. Жауабы: а) 4 текше; ә) 9 текше. Орындап көр. Жұмысты жұппен ұйымдастыру.Оқушыларға ойын ойнауды ұсыну.Оларға моншақ салынған қорапты ұсыну. Моншақтың саны 20-дан артпауы тиіс. Бірінші ойыншы қораптағы моншақтарды санайды да, сол санды есінде сақтайды. Содан кейін ол екінші ойыншыға қорапты беріп, ондағы моншақтарды санап, шыққан санды есте сақтауын ескертеді. Осыдан кейін бірінші ойыншы қорапқа тағы бірнеше моншақ салады. Бұл — оның қарсыласы табу үшін жасырылған белгісіз бөлік. Екінші ойыншы моншақтарды қайта санап, “Қанша моншақ қосылды?” деген сұраққа ауызша жауап беруі тиіс. Сонан кейін олар рөлдерімен ауысады. Тапсырманы орындау барысында бүтінді алу үшін белгілі бөлікке қандай да бір санды қосу тәсілін бекітеді х неге тең? Тапсырмада суреттер мен оның санын сәйкестендіру керек болатын теңдеудің графикалық моделі ұсынылады. Оқушылар белгісіз х-тің мәнін таңдау жолымен табуы тиіс. Бүтін мен бөліктің арасындағы өзара Белгісіз қосылғышпен теңдеу құрастыр. Оқушылар суретке қарап, қосу амалына теңдеу құруы және белгісіз қосылғышты табуы қажет. Құрылған теңдік екі ыдыстың массасының теңдік түріндегі жазбасы болып табылады. Оқушылар теңдеудің шешуін торкөз дәптерге математикалық жазбаның ережесін сақтай отырып, дұрыс рәсімдейді. Мысалы, тепе -теңдікте тұрған табақты таразының бір табағында “х” деп жазылған қапшық пен 3 кг-дық кіртас, ал екіншісінде 5 кг-дық кіртас бейнеленген. Суретке “х + 3 = 5” теңдеуін құрастыруға болады. Орындау үлгісі келтірілген. Жауабы: 4 кг; 7 кг; 2 кг. 1-тапсырма Өрнектерді берілген ұғымдармен сәйкестендіріңіз.  Дескриптор: Білім алушы - теңдікті анықтайды және тиісті ұғыммен сәйкестендіреді; - теңсіздікті ажыратады және тиісті ұғыммен сәйкестендіреді; - теңдеуді анықтайды және тиісті ұғыммен сәйкестендіреді. 2-тапсырма Балбалаға теңдіктерді ажыратуға көмектесіңіз. 5 = 5 3 + 4 = 7 2 = 3 16 – 6 = 10 8 + 2 = 9 10 – 1 = 9 Тура теңдіктер Тура емес теңдіктер Дескриптор: Білім алушы - тура теңдіктерді анықтайды және тиісті бағанға жазады; - тура емес теңдіктерді анықтайды және тиісті бағанға жазады. |