Мотивациялық қозғаушы | Балалар, мен бүгін көңілдімін, сендер ше? - Көңілді болғандарың маған ұнайды, сол үшін бізді ғажайып сыйлық күтіп тұрған сияқты. Мына себеттен не көріп тұрсыңдар? - Ия, қараңдаршы, ішінде қаншама әдемі жұлдызшалар бар! Бұл түрлі - түсті жұлдызшалар бізге сүйіспеншілік белгісін білдіреді. Сонымен сүйіспеншілік әртүрлі болады екен. Ол әр адамның жүрегінде сақталады. Енді осы жұлдызшаларды алып, тілегімізді айтып, аспанға қатты лақтырамыз. | - Біз де көңілдіміз. - Жұлдызшалар көріп тұрмыз. Балалар жұлдыздарды көріп қуанады. Жұлдызды жерім қабылда Ұшырып аспан көгіне Жұлдызым менің қабылда Нұр төгілсін еліме Алақай!!! |
Ұйымдастыру шылық ізденушілік | - Балалар, мына ағашқа қараңдаршы, қай мезгілдегі ағашқа ұқсайды? - Бұл ағаштың жапырақтары қайда кеткен? -Балалар, жапырақтар қазір шыға ма, бірінші не шығады? - Ой, балалар, бұл ағаш жай ағаш емес, сиқырлы ағаш сияқты. Ағаштың сендерге қояр сұрағы бар екен. Егер дұрыс жауап берсеңдер, ол ағаш бүршік жарады.. 1. Қазір жылдың қай мезгілі? 2. Жеміс, көкөніс, егіндер қай кезде егеміз? 3. Қыс мезгілі кетіп, қай мезгіл жетті? 4. Көктемде қандай өзгерістер болады? 5. Көктем айлары қандай? (Осы кезде есік қағылады, есік сыртында дорба жатыр екен) - Қызық мына дорбаның ішінде не бар екен? Балалар, не істейміз? - Ашып қарайық. Дорбаның ішінен бидай дәндері шығады. (ішінен жазылған қағаз шығады) - Нан анасы бидаймын, Елге астық сыйлаймын Дәнім толып піскенде Қауызыма сыймаймын. - Ия, балалар, бұл көктем мезгілінде егілетін дәндер. Бұл дәндердің аттарын білесіңдер ме? Мен айтып түсіндірейін. Міне, мынау күріш өзіміздің күнде жеп жүрген. Мынау тары, сөк. Ал мынау бидай. - Балалар, бидайдан не алынады? - Дұрыс, бидайды диірменге тартып ұн жасайды. Ал, ұннан не пісіреді? - Өте жақсы, енді осы дәндердің бізге қалай жеткені туралы білуіміз үшін, суреттерге назар аударайық. (Сурет бойынша әңгімелеу) - Көктемде диқандар жерді трактормен жыртып, жерге тұқым себеді. Одан егін өніп шығады. Жаз бойы оны суарып, күтіп баптайды. Ал, күзде егінді комбайнмен орып, машинаға тиейді. Жүргізушілер машинамен астықты қабылдау орындарына жеткізеді. Ол жерде бидайдан ұн дайындалады. Ұндарды наубайханаларға таратады. Наубайханаларда ұннан неше түрлі нан пісіріледі. Ал, ертеңіне сол нандарды дүкен сөрелерінде көреміз. Мұның бәрі адамдардың еңбегі. Соншама еңбек сіңірілетін нанды барынша қадірлеуіміз керек. - Балалар, ұннан наннан басқа да тағамдар, өнімдер жасалады. Енді сол өнімдерді атайық. - Балалар, осы бидайға, нанға байланысты не білесіңдер?
Тыйым сөздерді айту Нанды бір қолыңмен үзбе! Нан – тамақтың атасы. Балалар, мен сендерге бір жұмбақ қояйыншы. Егістікте сары алтын, Дастарханда наны алтын.(Бидай)
- Міне, балалар, осы кішкентай тамшыдай дәннің қасиеті үлкен екен. Адамға нәр беретін, дастарханның берекесі нанның қасиетін, оның қандай еңбекпен жасалатынын білдік. Сондықтан нанды шашпай, баспай қастерлеу керек. Бидайды егіп, баптап, жинап, қамбаға құятын егіншілердің еңбегі зор, олардың еңбегін құрметтеу керек. | Көктем мезгіліндегі ағашқа ұқсайды.
-Жапырақтар енді шығады. -Бірінші ағаштар бүршік жарады. Балалар сұрақтарға жауап беретіндерін айтады, қуаныштарын білдіреді. -көктем мезгілі -көктем мезгілінде егеміз -көкткм мезгілі келді -балалар жауап береді -наурыз, сәуір, мамыр Балалар қызығушылық танытады. Балалар тақпақты 1,2 рет қайталайды. Балалар дән түрлерімен танысады. - Ұн алынады. - Нан пісіреді, тоқаш пісіреді. Балалар суреттерге қызығушылық танытып, мұқият тыңдайды. Балалар суреттерге қарап, ұннан жасалатын тағам түрлерін атайды. Нан қиқымын шашпаңдар Жерде жатса баспаңдар Теріп алып, қастерлеп Торғайларға тастаңдар!
Еңбектің наны тәтті Жалқаудың жаны тәтті
Балалар қайталайды
Балалар жұмбақты шешуге тырысады. Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдап, қызығушылық танытады. |