СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Бейбітшіліктің ақ құсын әнге қосқан -Ахмет Жұбанов

Категория: Музыка

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ахмет Жұбановтың шығармашылығымен таныстыру

Просмотр содержимого документа
«Бейбітшіліктің ақ құсын әнге қосқан -Ахмет Жұбанов»

Сабақ жоспары №27

Күні:

Пәннің аты: Музыка

Сыныбы: 3класс

Сабақтың тақырыбы: Бейбітшіліктің ақ құсын әнге қосқан-А. Жұбанов
Сабақтың мақсаты:Ахмет Қуанұлы Жұбанов шығармашылығымен таныстыру
Білімділік: Ахмет Жұбановтың өмірі мен музыкасы туралы оқушыларға мол мағлұмат беру.

Дамытушылық: Музыка таңдау, ән орындау арқылы оқушылардың ой - өрісін, музыкалық қабілеттерімен музыкалық сауаттылықтарын дамыту.
Тәрбиелік:Ұлттық патриотизмге, рухани мәдениеттілікке жоғары эстетикалық талғам қалыптастыра отырып, ұлттық музыкаға деген сүйіспеншіліктерін қалыптастыру.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі - мысалды әдіс.
Көрнектілігі: Плакат, суреттер, портрет, буклет, үлестірмелер және музыкалық аспаптар домбыра.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу - Балалардың сабаққа даярлығын тексеру. - Жаттығулар орындау.
ІІ.Жаңа сабақ.

Бейбітшіліктің ақ құсын әнге қосқан-А. Жұбанов - Ахмет Қуанұлы Жұбанов (1906-1968) — қазақ музыкасын зерттеуші көрнекті ғалым, әйгілі композитор, дирижер. Қазақстанның халық артисі (1944), өнертану ғылымының докторы (1943), профессор (1948), академик. Ол Ақтөбе облысы Темір ауданында 1906 жылы29 сәуірде өмірге келген. Ахмет Қуанұлы қазақтың музыкалық мәдениетін зерттеп тануда, жорып түсіндіруде және жүйелеп насихаттауда жаңа сапалы биіктен көрініп, кезеңдік мәні бар қажыр-қайрат көрсеткен тұлға. Өз кезіндегі музыкалық білім сатыларының бәрінен өткен кемел білім иесі, оған қоса Тәңірі тал бойына ғажайып қабілет пен ұлтжандылық сезімін дарытқан А.Қ.Жұбанов 1933 жылы Алматы музыкалық драма училищесіне ұстаздық қызметке келеді. Осы кезден бастап өмірінің соңғы күндеріне дейін ол қазақтың музыкалық мәдениеті деген жалпылама ұғымды ұлт болмысындағы нақты категориялық мәні бар рухани құбылысқа айналдыру үшін тыным таппастан еңбек етті. Бұл ретте, Ахмет Қуанұлы адам қабілетінің қандай құдіретті болатынын нақтылы да нәтижелі істерімен көрсете алды. Алғашқы музыкалық әліппе, қазақ музыкасын зерттейтін ғылыми кабинет, музыкалық сынақ шеберханасы, Ғылым академиясындағы өнертану секторы, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет жөне өнер институтының музыка бөлімі, Қазақтың халық аспаптары оркестрі, Қазақтың мемлекеттікфилармониясы, Қазақ консерваториясы, ондағы халық аспаптары кафедрасы, Қазақтың музыкалық театры, қазақ музыкасы туралы оқу құралдары, міне, осының бәрінің ұйтқысы А.Қ.Жұбанов болды. Мұның сыртында дирижерлік, ұстаздық, ғылыми-зерттеушілік, қоғамдық, әсіресе шығармашылық жұмыстарының өзі сала-сала болып, құнарлы арналарға ұласады.

- Дәптермен жұмыс -Музыкада дыбыстардың ұзақтықтары әртүрлі болады. Бірі созылып, ұзақ айтылса, бірі қысқа айтылады. Дыбыстардың созылуының әртүрлі болып келуін ноталардың ұзақтылығы дейміз. Енді осы ноталардың қасына нүкте қойылады. Мұндай ноталар – нүктелі нота деп аталады.
Ноталардың оң жағында нүкте тұрса, сол ноталардың ұзақтығының тең жартысындай ұзақтық қосылады. - Ән үйрету

- «Ақ қөгершін» әнін үйрету. - Музыка тыңдату

- Ахмет Жұбанов«10 тәжік биі»

III. Қорытынды - Бекіту сұрақтары - Оқушылар бүгінгі өткен музыка сабағының тақырыбы қандай? - А.Жұбанов кім? - Нүктелі нота деген не? - Үйге тапсырма - «Ақ қөгершін» әнін жаттау