СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Биік аласа, биіктері бірдей ( логикалық ойындар)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ұйымдастырылған оқу қызметін, логикалық ойындармен қызықты етіа өткізу, математикаға қызығушылығын арттыру.

Просмотр содержимого документа
«Биік аласа, биіктері бірдей ( логикалық ойындар)»

Күні:

Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: ҚМҰҚ

Тақырыбы: «Биік аласа, биіктіктері бірдей»

Мақсаты: Балаларға ұзындығы жағынан қарама – қарсы екі затты салыстыруды және салыстыру нәтижесін «биік», «аласа», «биіктіктері бірдей» сөздерімен белгілеуді үйрету. Балалардың неше ойыншық болса, сонша қимыл жасай білу қабілетін бекіту (шамамен 1-ден 3-ке дейін). «Айырмашылығын тап» ойыны Мақсаты: Балаларға ұзындығы жағынан қарама – қарсы екі затты салыстыруды және салыстыру нәтижесін «биік», «аласа», «биіктіктері бірдей» сөздерімен белгілеуді үйрету. «Қанша болса, сонша» ойыны Мақсаты: Балалардың неше ойыншық болса, сонша қимыл жасай білу қабілетін бекіту (шамамен 1-ден 3-ке дейін).

Үлестірмелі құрал: Биік, аласа үйлер, ағаштар


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотиватциялық- қозғаушылық

Ұйымдастыру кезеңі:

Шаттық шеңбері:

Бір-біріне жылы сөздер айту.

Аспанымыз ашық болсын.

Деніміз сау болсын.

Әрқашан күн сөнбесін! т.б.



Шаттық шеңберіне тұрады. Бір-біріне жылы сөздер айтады.

Іздену - ұйымдастырушы

Балалар, бүгін мен сендерге қызықты ойын алып келдім.

Дидактикалық ойын: «Айырмашылығын тап» ойыны

Шарты: Тәрбиеші заттарды жанына қою арқылы балаларға биік, аласа ағаштарды табуды түсіндіреді.

- Мынау не?

- Қарағайдың қасына шыршаны қоямын. Қарағай ағашы биік.

Ал шырша ағашы аласа.

- Қай ағаш биік?

- Қай ағаш аласа?

- Ал енді мына шыршаларды салыстырайық.

- Бұл шыршалардың биіктіктері қандай?

Тәрбиеші балаларға тапсырма береді.

- Маған ең биік үйді көрсетіңдерші?




- Биік үйдің түсі қандай?

- Неше терезесі бар?

- Енді аласа үйді көрсетіңдер. Үйдің түсі қандай?

Сергіту сәті: «Алыптар мен ергежейлілер»

Бұл орманда алыптар, биік адамдаржәне ергежейлілер, аласа адамдар өмір сүріпті.

Содан соң бұл қимылды тәрбиешінің айтуымен жылдам орындайды.


«Қанша болса, сонша» ойыны

Ойын барысы: Балалар, мен үстел үстіне қанша ойыншық қойсам, сендер сонша шапалақ соғып, қимыл жасайсыңдар. 1, 2, 3, ойынды бастаймыз. Бір қоян, екі балапан, үш кубик қояды.


Тәрбиешіге назар аударады.





(Ағаштар).




(Қарағай)

(Шырша)


(биіктіктері бірдей)


Алдарыңдағы берілген үйлердің

ішінен жанына қою арқылы биік, аласа үйді табады.


(қызыл)

(көп)

(сары)


(балалар қолдарын жоғары көтеріп, аяқтарының ұшымен тұрады)(балалар жүрелеп отырады)



Санай

отырып, қимылдар жасайды.

Рефлексті - Коррекцялаушы

Оқу іс-әрекетін сұрақ-жауап арқылы қорытындылайды.Балаларды мадақтайды.

Сұрақтарға жауап береді.


Күтілетін нәтиже:

Білуі керек:Неше ойыншық болса , сонша қимыл жасай білу керек.

Болуы керек:Биік және аласа адамдарды қимыл арқылы көрсету.

Қолынан келуі керек:«Биік», «аласа», «биіктіктері бірдей» ұғымдарын білді.