СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Білім беру мазмұның жаңарту, келешек ұрпақ үшін тиімді болмақ

Категория: Внеурочка

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазіргі таңда жаңартылған білімнің алатын орны ерекше.

Просмотр содержимого документа
«Білім беру мазмұның жаңарту, келешек ұрпақ үшін тиімді болмақ»

Білім беру мазмұның жаңарту,

келешек ұрпақ үшін тиімді болмақ

Әрбір ұстаздың мақсаты – сабақ сапасын көтеру, түрлерін жетілдіру, сабаққа оқушылардың қызығушылығын арттыру. Білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Оқушылар табысты оқу үшін мұғалімдер білім беру бағдарламасы, оқыту тәсілдері мен бағалау жүйесін өзара үйлестіруді іске асыру маңызды. Осы орайда облыстағы «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстарын табысты жүргізуде. Олай жазуымның себебі. Мен де міне жаңартылған білім беру курсына келіп өз білімімді жетілдіріп жатырмын. Осы бағдарлама бойынша өз ойыммен бөліссем деймін...

Жаңартылған оқу бағдарламасында көрсетілген пәндік оқу мақсаты мен күнделікті сабаққа қойылатын мақсаттар бір мазмұнда, жүйеленген, дайын мақсаттар. Әрі барлық мақсаттар сөйлеу әрекетінің 4 дағдысын, яғни тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын дамытуға бағытталған. Ең маңыздысы – оқу үрдісінің өзі, жетістік критерийлері арқылы оқушы өзін-өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, әрі қарай қалай даму керектігін түсінеді. Бұл жүйеде оқушының қалай жұмыс жасағаны, қалай ойланғаны белгілі болады. Білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім үрдісінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критерийлермен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстырылады. Бүгінгі таңда білім беру саласына түбегейлі өзгерістің қажеттілігін ескерсек, «...Әрбір оқушы үшін тіл – негізгі білім құралы. Оқушылардың тілдік қарым-қатынасы өздері өмір сүріп отырған және білім алатын орта арқылы жүзеге асады. Тілді жетік меңгеру ұлттық құндылықтарды түсінетін, әлемдік деңгейде жаңа өзгерістерге бейім, жаңашыл жеке тұлға қалыптастыруға ықпал етеді».

Бүгінгі жаңартылған оқу бағдарламасы келешекте оқушылармыздың табысты оқуына және ертеңгі күні жарқын болуына педагогтар қауымының жұмысын бірізділікке салып, жүйелі жұмыс жасауына бағытталған. Жаңаша білім беруді білім беру ұйымдарында табысты іске асыру үшін мұғалімдердің біліктілігін арттырудың маңызы зор.