Просмотр содержимого документа
«Білім беру ақпараттық ресурстары»
Сынып: 10 «А»
Күні: 16.09.2016
І. Сабақтын тақырыбы: Білім беру ақпараттық ресурстары.
ІІ.Сабақтың мақсаты:
а) Білімділігі: білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту
ә) Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру
б) Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру
ІІІ. Сабақтың түрі: аралас сабақ
ІV. Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары, т.б.
V. Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
VI. Оқыту формалары: жеке, топтық, ұжымдық
VII. Пайдаланылған әдибиеттер: Н.Ермеков, М. Ермеков, С. Ноғайбаланова Информатика 10-11 сынып оқулығы, Балапанов Информатикадан 30 сабақ, Информатика негіздері журналы.
VIIІ.Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру
ә) сабақ сұрау
б) жаңа сабақ
в) бекіту
г) үйге тапсырма
д) қорытынды
Жаңа сабақ
«Ақпарат» сөзіне адамдар бұрыннан үйренген. Егер сіздерден ақпарат дегеніміз не деп сұрасақ, онда сіз алдымен ақпарат құралдары деп аталатын газет, радио, теледидар және т.б. есіңізге түсіруіңіз мүмкін. Тек осында «ақпараттық хабарлама» немесе «жедел ақпарат» деген сөздер жиі қолданылады. Мұндай хабарламаның мақсаты – оқырмандарға немесе тыңдармандарға бір оқиға туралы жеткізу. Хабарламаны тыңдамай тұрып, біз ол оқиға туралы білмейтінбіз, тек тыңдаған соң білдік.
Барлық білетін мәліметтерді біз ата-анамыздан, мұғалімдерден, кітаптардан, өзімізідің тәжірибелік дағдымыздан білдік және жадымызда сақтадық. Бұл – ақпарат. Сонымен қатар кітапта, журналда, газетте жазылған мәліметтер жазылған мәтіннің авторының білімін көрсетеді, себебі бұл да ақпарат.
Адамға арналған ақпарат дегеніміз – олардын алған хабарламаның мазмұны. Ақпарат адамның білімін толықтырады.
Ақпараттық ресурс адамзаттың негізгі ресурсына, қазіргі замандағы өркениеттің бас құндылығына айналды. Сонымен қатар, АР рөлі, өмір сүру механизмдері, қолданудың әлеуметтік салдарына байланысты күрделі мәселелер туды.
Информатиканың іргелі ғылым тұрғысынан пәнін төмендегідей ұғымдар құрады:
- ақпараттық ресурстар, олардың мәні, өмір сұру заңдары, қоғамның басқа ресурстарымен әсерлесу механизмдері, әлеуметтік прогресске көрсететін әсері. Ақпараттық ресурс білім мен ақпараттың симбиозы түрінде алынады. Информатика АР-ды қоғамда алу, беру және қолданудың заңдарын зерттейтін ғылым тұрғысынан ақпараттық үрдістерді нығайтуға, АР қолдануға негізделген ЭЕМ-ді және автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді (АЖ) қолданудың теориялық негіздерін құрайды.
Үйге тапсырма
Білім беру ақпараттық ресурстары.
Х. Сабақты қорытындылау
Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.
ХІ. Бағалау.