СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Білім беру жүйесінде пайдаланылатын инновациялық технологиялардың мәні

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білім беру жүйесінде пайдаланылатын инновациялық технологиялардың мәні

Просмотр содержимого документа
«Білім беру жүйесінде пайдаланылатын инновациялық технологиялардың мәні»

Назарова Шынар Талғатқызы

Атырау қаласы. Атырау энергетика және құрылыс колледжінің билогия және химия пәні оқытушысы


Білім беру жүйесінде пайдаланылатын инновациялық технологиялардың мәні


Жаңа енгізілген немесе инновация адамның кәсіптік қызметінің бәріне де тән болғандықтан, ол табиғи түрде зерттеудің, талдаудың және тәрбиеге енгізудің нысанына айналады. Инновация өздігінен пайда болмайды. Ол ғылыми ізденістердің, жекеленген мұғалімдер мен тұтас ұжымның озық педагогикалық тәжірибесі.

Сонымен, жаңаша (инновациялық) оқытудағы басты мәселе – бұл білім алу және өздігінен білім алу негізінде адам қабілеттерін, икемділіктерін дамыту. Жаңа білім беру прадигмасында тұлғаның қызығушылықтарын қамтамасыз етуде тұтастық, бағыттылықпен бірге мықты негізділік (фундаменталдылық) шешуші рольге ие.

БҰҰБҒМҰ-ның халықаралық симпозиумында қабылданған меморандумда бұл жайында былай делінген: «Фундаменталды ғылыми – жаратылыстану және гуманитарлық білім беру әлемінің қазіргі заманғы ғылыми- жаратылыс-танушылық көрінісінен тұтас хабардар етуі, кәсіби қызмет нәтижелерін бағалаудың ғылыми негізін салуы, тұлғаның шығармашылық тұрғыдан дамуына және адамның ерекшеліктерін, қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін тану негізінде жеке өмірлік бағдарламасын құруына көмектесуі тиіс».

Инновация – жаңашылдық, жаңалық өзгеріс деген ұғымды білдіреді. Инновациялық құрал және процесс ретінде әлде бір жаңалықты енгізу деген сөз. Педагогикалық процессте инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері, мақсаты мен мазмұнына, мұғалім мен оқытушының бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалықты енгізуді білдіреді.

Инновация ұғымы ағылшын тілінен «innovation»,аударғанда «жаңалық енгізу дегенді білдіреді» 50- жылдардың соңына қарай, Германия, АҚШ және басқада елдерде педагогикалық жаңалықтарды зерттеуге байланысты орталықтар құрыла бастады, сондай-ақ білім беруге, жаңалықтар енгізуге арналған ағымдағы басылымдар шыға бастады (мысалы, «Information et inavation en eolucation» Eolucational innovation in the United States» және т.б).

Инновация, негізінен қандайда бір дәстүрлі мәселелерді жаңа тәсілдер арқылы шешу нәтижелерінде, деректерді терең әрі жан-жақты зерттеу барысында жаңа сапаларға ие болуы нәтижелерінде туындайды. Қазіргі заманғы инновациялардың көпшілігі тарихи тәжірибемен тығыз байланысты болғандықтан, өткеннен бастау алады. Яғни, инновациялық үрдіс – белгілі жағдай мен оның сәйкес көрсеткіштері үшін өзекті әрі бейімделген болып табылатын, заманға сай идеяларды тарату, қолдану, меңгеру мен қалыптастыруға бағытталған, мотивацияланған, мақсатты әрі саналы үрдіс.

Білім берудегі инновациялық процесстердің мәні педагогиканың маңызы екі проблема, олар озық педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату проблемасы және педагогикалық – психологиялық ғылымдардың жетістігін практикаға енгізу проблемасы. Соған сәйкес инновация пәні, инновациялық процесстердің мазмұны мен механизмі осы кезге дейін бір- біріне оқшау қарастырылып келген өзара тығыз байланысты екі процесстің тұтастығы тұрғысынан қарастырылуы тиіс, яғни процесстің нәтижесі теория мен практиканың тоғысуында пайда болатын теориялық және практикалық жаңалықтарды қолдануда болуы тиіс[4,5].

Білім берудегі инновациялық үрдістің нәтижесі жаңашылдықтарды теориялық әрі тәжірибелік жұмыста қолдануда көрінеді.Сонымен қатар, білім беру жүйесіндегі инновация білім беру, жаңалық енгізу мақсатын да білдіреді: жаңа мазмұн өңдеу, оқыту мен тәрбиелеудің жаңа әдістері мен формаларын, мектепті басқарудың жаңа технологияларын құру, оны дамыту, мектепте эксперимент алаңы ретінде дамыту, мектептегі білім беру ісі жаңа бағыт алып, оқыту мен тәрбиелеудің де жаңалау кезіндегі оқиғаларды,жағдайларды т.б. қамтиды.

Осылардың даму негізінде екі топ факторлар бар:

  • объективті факторлар, инновациялық іс- әрекеттердің дамытуына түрткі болатын және оның нәтижелерін қолдануды қамтамасыз ететін жағдай жасау;

  • субъективті факторлар инновациялық үрдістегі субъектімен, оның инновациялық іс-әрекетке дайындық деңгейімен байланысты. Инновациялық үрдістің субъектісіне ғалым- педагогтар, мұғалімдер мен басқа да білім беру саласындағы қызметкерлерді жатқызуға болады.

Мұның барлығы педагогикалық жаңалықты жасау, игеру және пайдалануда басқару қызметінің маңыздылығына көз жеткізе алады. Өйткені мұғалім жаңа педагогикалық технологияның, теория мен концепцияның авторы, талдау жасаушы, зерттеуші тұтынушысы және насихатшысы қызметін атқарады. Осы процессті мұғалімнің өз қызметінде әріптестердің тәжірибесі немесе ғылымдағы жаңа идеялар, әдістемелерді дұрыс таңдап, бағалап және қолдануын қамтамасыз етеді, ал педагогикалық қызметте инновациялық бағыттылықты қазіргі заманғы білім беру, қоғамды және мәдени даму жағдайында педагогикалық қызметтің инновациялық бағыттылығының қажеттілігі бір қатар жағдайлармен айқындалады.

Біріншіден, қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік – экономикалық қайта құрулар білім беру жүйесін, әдістемесі мен түрлі типтегі оқу орындарының оқу тәрбие процесстерін ұйымдастырудың технологиясын түбірінен жаңартуды талап етуде. Педагогикалық жаңалықты жасау, игеру және пайдалануға негізделген мұғалім мен тәрбиеші қызметін инновациялық бағыттылығы білім беру саясатын жаңартудың құралына айналуда.

Екіншіден, білім беру мазмұнын ізгілендірудің күшеюі, пәндерінің көлемі мен құрамының үнемі өзгеріске ұшырауы, жаңа оқу пәндерінің енгізілуі жаңа ұжымдық формалар мен оқыту технологиясын үздіксіз іздестіруді талап етуде, осы жағдайда мұғалімдер арасында педагогикалық білімнің рөлі мен беделі арта түсіп отыр.

Үшіншіден, мұғалімнің педагогикалық жаңалықты игеру және қолдануға деген қатынасы сипатының өзгеруі. Оқу – тәрбие процессінің мазмұнының қатаң тәртіпке бағыныдырып қойылған жағдайда мұғалімнің өз бетінше бағдарлама оқулық таңдаудан бұрын педагогикалық қызметтің жаңа әдіс тәсілдерін пайдалануға мүмкіншілігі болмады. Егер бұрынғы уақытта инновациялық қызмет негізінен жоғарыдан ұсынылған жаңалықтарды практикада қолданумен шектелсе, қазіргі уақытта барынша баламалы, зерттеушілік сипат ала бастады. Сондықтан да мектеп, білім беру орган басшылыларының қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі мұғалімдердің негізгі инновациясына талдау жасап, баға беру, оны іске асыруға, қолдануға қолайлы жағдай жасауы тиіс.

Төртіншіден, жалпы білім беретін оқу орындарының нарық қатынастарға енуі, жаңа типті сынып ішінде мемлекеттік емес оқу орындарынң құрылуы нақты бәсекелестік ахуал туғызуда.Оқыту үдерістерінің жүйесі өзгеріске түсуде. Педагогикалық дидактика оқу үдерісін іс- әрекет деп түсіндіреді және былай жіктейді:

  • Оқытудың мақсатын анықтап, оны талдау оның теориялық жүйесін шартты түрде жасау.

  • Мақсатқа жетудің мазмұны мен құралын сұрыптап, атқарылуға тиісті істі жоспарлау.

  • Мұғалім мен оқушының атқаратын жұмыстарын тиімді ұйымдастырып, білімдендіруге байланысты оқыту ісін жүзеге асыру.

  • Оқу жұмысының барысын бақылап, қате- кемшілік болса, оған өзгертулер мен толықтыру жасап отыру.

  • Оқу нәтижесін талдап, бағалау.

Бұл жүйені басшылыққа алғанда мұғалім алдымен шәкіртке атқарылатын іс- әрекет жауапкершілікті талап өтетіндігіне иландырып, оның тәжірибеде нақты орындалуына ерекше мән беру керектігін ұғындырады.Ал оқушы іс-әрекет атқару барысында қойылған мақсат, мазмұны, құралы мен әдісін игеріп, нәтижесін бақылап бағалауға саналы түрде үйренеді, соған машықтанды[6,7].

Мектеп өміріндегі мұғалімнің ең басты әрекетін оқу үрдісін басқарып, шәкіртті еңбектене білуге бағдарлау екені айқын. Алайда, көп жағдайда мұғалім оқушыға білікті таным-түсінікті ұғындырып, оны жан- жақты тәптіштей баяндап, бәрін өзі айтып беруге ұмытылады да шәкірт тек жайбарақат тыңдаушы ретінде қалып қояды да, оларды самарқаулық меңдейді. Ал ондай жолға жібермей оқушының белсенділігін көтеріп, жайбарақаттықтан айыру үшін қазіргі дидактиканың ұсынатын жолдары бар. Сол жолдарды тиімді пайдаланып, шәкіртті жайбарақат тыңдаушы етіп қалдырмай іс- әрекетке белсенді түрде араластырып, оқылуға тиісті мәселені талдап, талқылауға ынталандырып, оған бағдар беріп, мүмкіндік жасау мұғалімнің парызы деген ұстаным басшылыққа алынады. Мәселен, тиісті оқу материалын мұғалімнің түсіндіріп айтып беруімен шектелуге емес, қайта оқушыны ойландырып, әрекеттендіріп, іздену барысында туатын кедергілер мен тосқауларды жеңуі оларды еңбектене білуге дағдыландырады. Қиындықты жеңу барысында қалыптасқан түсінік негізінде білім тианақты да сенімді болумен қатар оқушының саналы түрде ойлана білуінің арнасын кеңейтеді.Осы тұрғыдан келгенде мұғалімнің ұйымдастырушы, бағдарлаушы, жол нұсқаушылық қызметі оқушының іздене білуіне басшылық жасау табысты, білім нәтижелі болатындығы ғылыми жағынан да, практикалық тәжірибеде де дәлелденгені ақиқат.

Оқу үрдісі дидактикалық тұрғыдан қарағанда білімдік мазмұнды меңгерудегі тұлғаның психологиялық ішкі қарым- қатынасы. Сондықтан танымдық үрдіс оқушының тиісті мазмұнды қабылдау, ұғыну, ойлану, тұжырымдай білу, көңіліне бекітуі, жүзеге асырып қолдана алуы болуға тиіс. Жинақтай келгенде бұл әрекеттердің бәрі оқыту үрдісіндегі психологиялық іс- әрекет екендігін үнемі ескеріп, сабақты жоспарлауда оның ішкі мән- мазмұнына зейін қоя білу табысқа жетудің тиімді де өміршең жолы болып табылады [8].

Оқытудың жүйесі мен оның түрлері. Дидактикада оқытудың теориялық негіздеріне байланысты үрдісті зерттеуші ғалымдар әр түрлі мәнде түсіндіреді және оның құрылымдық жүйесі жөнінде де бірыңғай, біртекті ұғым қалыптаспаған. Ал, оқытудың түрлерін белгілеу оқытудағы іс- әрекет пен оның сипатына негізделеді. Мұндағы оқытудың мазмұны, әдістемесі, құралына байланысты басты түрлері мынау:

а) түсіндірмелі- иллюстративтік оқыту;

ә) проблемалық оқыту;

б) бағдарламалап оқыту т.б.

Оқу орындары арқылы білім беру тарихында ұзақ уақыттан бері пайдаланып келе жатқан және оқытудағы дәстүрлі жол – түсіндірмелі – иллюстративтік оқыту. Мұның басты сипаты оқушыға жаңа білімді таныстырып, жаңа ұғымдар мен теориялар, заңдар туралы түсінік береді. Оқушылар дайын білімді қабылдап, жаттанды түрде меңгереді де, олардың өздігінен ойлауына көңіл бөлінбейді, басқаша айтқанда тұлғаның дербестігі мен ішкі мүмкіншіліктері ашылмай тек айтқанды орындау шеңберінде қалып қояды.

Барлық жаңа технологияның алдына қоятын мақсаты – оқушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуіне мүмкіндік беріп, шығармашылықтарын арттыру.

Жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмысымыздың барысында қазірігі кездегі оқыту технологияларын төмендегідей етіп жіктедік (1-кесте).

1-кесте

Қaзipгi кездегі оқыту технологияларының жіктелу көрсеткіші


Оқыту

Технологиялары

Филосо-фиялық

негізі

Психоло-

гиялық негізі

Педагоги-калық негіз

Мұғалім-нің рөлі

Оқушы

ның рөлі

1

2

3

4

5

6

1.Иллюстрациялы түсі-ніктемелі оқыту технологиясы

2. Лекция семинарлық сынақ жүйесі

3. Ipі блокпен оқыту технология­сы (Эрдниев)

4. Перспективті дамыта оқыту технолгиясы (Н.С.Лысенкова)

Д.Ж.Локк

«Бала тақтайдай таза жанмен туылады»

Рефлекторлық теория И.М.СеченвИ.П.Павлов

Я.А.Коменский педагоги-касы XVII г.қағидалы: оқытудағы ғылымилық көрнеклік, табиғат-танудың кезектшж саналылық белсенді-лік

Шебер "қалай істеу керек" екендігін біледі.

Оқушы "үлкендердің қалай ойлап, қалай орындай

тындығы-на" еліктеп солай орындауға тырысады, қайталай-ды

Оқушы ерекшелігін жандандыру жэне қарқындату негізіндегі оқыту технологиялары

5. Проблемалық оқыту техноло-гиясы

6.Ойын арқылы оқыту техноло­гиясы






7.Оқу матери-алын сызбалар мен арнайы таңбалар негі-зінде қарқынды оқыту техно­логиясы


Ассоциация + ic-әрекет (қабылдау, есте сақтау- қолдану – қорыту - жүйелеу және ic-әрекет)




Саралап-деңгейлеп оқыту технолгиялары

8.Сынып ішіндегі деңгейлерді-саралап оқыту технология­сы (Н.П. Гузик)

9.міндетті нәтижелер негізіндегі саралап оқыту технологиясы

(В.В. Фирсов)

өзін – өзі басқару, бағалау

Репититор Kіші топтар + репититор

әр баланы қабілеті мен мүмкіндігінше қарай оқыту


Білімділік

Дербес оқыту технологиялары

10.Бағдарла-малап оқыту технологиясы

11.Ақпараттық оқыту технологиясы

12.ұжымдық тәсілмен оқыту технологиясы

(В. Дьяченко)

өзін – өзі дамыту, шығармашылық

Репититор

Альтернаттивті академия-лық+ клубтық жеке топтар


Ассоциация рефлекторлық теория

И.М. Сеченов И.П.Павлов Б.С. Блум

ізгіліктік

13.Модульдік оқыту технологиясы.

(М.Жанпейісова)






14. Проблемалық оқыту технологиясы






15. Д.Б.Элькониннің,

В.В.Давыдов-тың дамыта оқыту технологиясы

Балаа оқу әрекеті-нің субъек-тивті

Оқушымен қарым- қатынасты және оқу ic-әрекеті


И.И.Песталоцци;

А. Дис-терверг

іс-әрекет теориясы ассоциацивтік

16. В.В.Занков-тың дамыта оқыту жүйесі

(толығымен емес) (манипу-ляция)

Қалыптас-тырады, орнықты жасайды, орнықтыра-ды. Мұғалім мақсат қояды, оқушы оны қабылдайды


К.Д. Ушинс-кий

даму + ic- әрекет

17.Шығарма-шылық деңгейлік білім беруді дамыта оқыту технологиясы (И.П. Волков)







Оқу-тәрбие үрдісі оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерінің қолдануда жеке тұлғаның бойында төмендегідей касиеттер қалыптасады: ізденімпаздық пен зерттеушілік.

Инновациялық әдіс-тәсілдерінің қолдануда мұғалім сабақты дайын күйде бермей, оқушыньң өзі ізденіп ғылым негіздерін өз бетінше игеруді, зерттеуді кездейді, ал мұғалімнің негізгі міндеті – оқушы іc-әрекетінің бақылаушысы болады.

Оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық әдіс -тәсілдердің қолданудың ерекшеліктері 2-кестеде берілген.

2-кесте

Инновациялыкқ әдіс-тәсілдердің ерекшеліктері


Оқыту технологиясы

Инновациялық әдіс-тәсілердің ерекшеліктері

Іздендіру технологиясы

Педагогика ғылымының алдынғы қатарлы ғылыми жаңалықтары тәжірибеде "бала-субъект", "бала-объект" тұрғысынан енгізуді бастайды да, ал ғылыми білімдер оның тұрмысының әлеуметтік жағдайымен іc-әрекетінің әлеуметік нәтижесінің бірлігі ретінде қарастырады.

Ақпараттық бағдарламалап оқыту

Оқытудың мазмұның пән аралық байланыс тұрғысынан ұйымдастыру:

- қоғам мен табиғат заңдылықтарын интеграциялық негізінде меңгеру;

- адамның ic-әрекет сферасы тұрғысынан техника жаңалықтарын еңгізу.

Иллюстрациялы түсіндірмелі оқыту

"Адам-қоғам-табиғат" бағытта үйлесімді дүниетанымының жүйелі, саналы мәдениетінің қалыптасуы.

Саралап

деңгейлеп оқыту технологиясы


- Дербес оқыту технологиясы

- Дамыта оқыту технологиясы






Оқытудың мазмұны мен әдістері шығармашылық ізденіс іc-әрекет жасау негізінде және адамның инновациялық қабілеттері ретінде бағытталады:

  • инновациялық қабілет;

  • оқытушы білмейтін шығармашылық ізденіс негізіндe бipгe келген жаңа кабілет.

Оқу-тәрбие үрдісінде ғылымның негіздернің игеруде ізгілік, адамгершілік касиеттерді калыптастыра отырып, жеке тұлғаның әлеуметтік жауапкершілігін арттырып, өз бетінше жұмыс істеуге үйрету.

Оқу-тәрбие үрдісінде сабақты «оқушы-субъект» және «мұғалім-объект» тұрғысынан карастырып, оқушыны ұдайы шығармашылык ізденіске бағыттау:

  • мұғалім-бағыттаушы, оқушы-ізденуші;

  • мұғалім-ізденуші, оқушы-зерттеуші.