СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Білім шы?ына сапар»

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: «Білім шы?ына сапар»

Ма?саты:

а)Білімділік: О?ушыларды? п?н бойынша ал?ан білімдерін тере?дету, ой-?рісін ж?не танымды? ?абілеттерін шы?дап, ?з ойын еркін жеткізе білуге ?йрету.

?)Дамытушылы?: О?ушыларды? информатика п?ніне деген ?ызы?ушылы?ын арттыру, а?паратты? м?дениетін, шы?армашылы? белсенділіктерін дамыту.

б)Т?рбиелік: О?ушыларды? ойларын тияна?тау?а, зерек болу?а, ?йымшылды??а т?рбиелеу.

Т?рі: д?ст?рлі емес

Типі: сайыс  

?діс-т?сілдері: с?ра? – жауап, жоба ?ор?ау, есептер шы?ару  

К?рнекілігі: слайд

Шараны? жоспары:

1.?йымдастыру б?лімі

2. Кел танысайы?

3. Тап?ыр болса?, тауып к?р

4.Си?ырлы есептер

5. Жоба ?ор?ау

6. Кім тап?ыр?

7. ?орытынды б?лім

 

Шараны? барысы

Ж?ргізуші: Армысыздар, ??рметті ?стаздар, ?діл - ?азылар, о?ушылар. Сіздермен бірлесе отырып, «Білім шы?ына сапар» атты кешімізді бастайы?!!!

Ойын-тол?ын, айнал?ан ?атты а?ыс?а

Табыл?андай таным да жат дауыс та,

Біреу озып келеді ?атарынан,

Біреу ?алып жатады асы?ыста.

Алдымен ойын?а ?атысатын 2 команданы? о?ушыларын орта?а ша?ырайы?. Команданы? ретін ж?не та?дау ?шін ортада?ы ?а?аздан команданын бір м?шесі ?а?аз суырсын.

Ж?ргізуші:  Уа, жара?дар, жара?дар,

Мына бізге ?ара?дар!

Мінеки залда тынышты?

Просмотр содержимого документа
««Білім шы?ына сапар»»

Информатика пәнінен сыныптан тыс шара

Сыныбы: 9а,9б

Уақыты: 14.02.2014

Тақырыбы: «Білім шыңына сапар»

Мақсаты:

а)Білімділік: Оқушылардың пән бойынша алған білімдерін тереңдету, ой-өрісін және танымдық қабілеттерін шыңдап, өз ойын еркін жеткізе білуге үйрету.

ә)Дамытушылық: Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын арттыру, ақпараттық мәдениетін, шығармашылық белсенділіктерін дамыту.

б)Тәрбиелік: Оқушылардың ойларын тиянақтауға, зерек болуға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Түрі: дәстүрлі емес

Типі: сайыс

Әдіс-тәсілдері: сұрақ – жауап, жоба қорғау, есептер шығару

Көрнекілігі: слайд

Шараның жоспары:

1.Ұйымдастыру бөлімі

2. Кел танысайық

3. Тапқыр болсаң, тауып көр

4.Сиқырлы есептер

5. Жоба қорғау

6. Кім тапқыр?

7. Қорытынды бөлім


Шараның барысы

Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, әділ - қазылар, оқушылар. Сіздермен бірлесе отырып, «Білім шыңына сапар» атты кешімізді бастайық!!!

Ойын-толқын, айналған қатты ағысқа

Табылғандай таным да жат дауыс та,

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу қалып жатады асығыста.

Алдымен ойынға қатысатын 2 команданың оқушыларын ортаға шақырайық. Команданың ретін және таңдау үшін ортадағы қағаздан команданын бір мүшесі қағаз суырсын.

Жүргізуші: Уа, жараңдар, жараңдар,

Мына бізге қараңдар!

Мінеки залда тыныштық

Естілмейді дыбыс түк.

Мұны бізде қостаймыз,

Кешіккендерді тоспаймыз.

Ғылымдардың ғылымы,

Информатика жайында ойын - сайысты бастаймыз.

Алдымен сайысымыздың кезеңдерімен таныс болайық:

1 кезең – Кел танысайық: әр топ слайд арқылы өздерін таныстырып өтеді.

2 кезең Тапқыр болсаң, тауып көр: әр топқа 10 сұрақтан сұрақтар қойылады.

3 кезең - Сиқырлы есептер: әр топқа ортақ 5 тапсырма Pascal программалау тілінен беріледі.

4 кезең - Жоба қорғау: MS Power Point – та өз сыныптарын насихаттау мақсатында презентация

жасау.

5 кезеңКім тапқыр: «Информатика» сөзінен сөздер құрау.


Жүргізуші: Шын жүйріктер сыңалады жарыста,

Жарыстың ба орта жолда қалыспа.

Әділқазы бағалайды сіздерді,

Жеңіс мәре жақын ба, әлде алыспа дегендей келесі сайыскер топтарға әділ бағасын беретін әділқазы мүшелерімен таныс болайық.

1. Қосымша білім беру педагогы Мусина Гүлназ Арманқызы

2. Информатика пәнінің мұғалімі Муканова Нурлыгуль Кыдыргалиевна

3. Физика және математика пәнінің мұғалімі Сейпулла Айымгүл Қайратқызы

Жүргізуші: Барша жұрт мақтанады ұрпағымен

Көрінсін ұландарым бар қырымен

Танытсын кім екенін мына көпке

Аты-жөнін ата - баба жолыменен.

Алғашқы кезең – «Кел танысайық» Әр қатысушы топ өздерін таныстырып өтеді.

Жүргізуші: Жас достарым, мұны айтайын несіне

Информатиканы құрметтеу менің есімде.

Сұрақтардың жауабын егер білсеңіз

10 ұпай шәкірт саған несібе, - дей отырып екінші кезең «Тапқыр болсаң, тауып көр» Екі топқа 10 сұрақтан қойылады.

Сұрақтар:

1.Компьютер атасы кім? (Чарльз Беббидж)

2.Компьютер ауруын емдейтін программа?(антивирус)

3.Интернетке қосатын құрылғы? (модем)

4.1 байтта неше бит бар? (сегіз)

5.Тұрғылықты дискіден жойылған қалталар мен файлдар қайда барып түседі? (корзина)

6.Қысылған файлдар мен қалталар қалай аталады? (архивтелген)

7.Тышқанның оң жағын шерткенде қандай меню шығады?

8.ЭЕМ-нің даму тарихы. I буын ЭЕМ-дері неден тұрды? (Электронды лампалар)

9.Графикалық редактор Paint-ты іске қосу жолы? (Пуск-Программы-Стандартные- Paint)

10.Екілік санау жүйесінде неше сан қолданылады? (екі, 0 және 1)


1.Компьютердің ауруы? (вирус)

2.ИНформатикада ең кіші өлшем бірлік? (бит)

3.1 кбайтта неше бит бар? (1024)

4.Ақпаратты енгізу құрылғысы? (пернетақта,сканер)

5.Тексттік файлдың кеңейтілуі? (.txt, .doc)

6.Сегіздік санау жүйесінде неше сан қолданылады? (Сегіз)

7.Ең алғащқы ЭЕМ не деп аталды? (ЕNIAC)

8.Принтердің неше түрі бар? (үш: лазерлі, матрицалық, струйный немесе инелік)

9. Ақпаратты қағазға шығаратын құрылғы не деп аталады? (принтер)

10.Мәтіналғының қызметі (ақпаратты компьютерге енгізеді)


Жүргізуші: Алдағы біз баратын бағыт анық,

Ұшқыр ойлы екендігінді тағы таныт...

Информатика әлеміне аяқ басып,

Компьютер тілінде біз жарысалық.

Үшінші кезең: Сиқырлы есептер: әр топқа ортақ 5 тапсырма Pascal программалау тілінен беріледі.

Көрермендерге тапсырмалар(2 тапсырма)

Жүргізуші: Өнер менен білімде

Әркімнің өз жолы бар

Сайысарлық бүгінде

Өзіндік менің үнім бар.

Төртінші кезең: Жоба қорғау. MS Power Point – та өз сыныптарын насихаттау мақсатында презентация жасау.


Жүргізуші: Ешқайсысы онсыз өмір сүре алмас,

Өмірдегі ақпаратты компьютерсіз біле алмас.

Бекзадасы, қызметшісі бәрінің

Информатикамен жоқ ешкімнің таласы.

Ақпараттың толып кеткен заманы

Компьютер - өмір қойған талабы.

Егеменді, тәуелсіз ел жастары,

Болашаққа компьютермен барады.

Соңғы кезең: 5 кезеңКім тапқыр: «Информатика» сөзінен сөздер құрау.


Жүргізуші:Сайысымыздың соңғы кезеңі көрермендерге сұрақ қойылып біткенше, әділқазылардан бүгінгі кештің қорытындысын шығарса дейміз.

Кешіміздің соңғы сәті таяп қалды,

Ал қазір әділқазылар сөз алады.

Кешіміздің жеңімпаздарын анықтап,

Мақтау қағаз, сыйлықтарын тапсырылады.

Ән:

Орындайтын:

Жүргізуші:Осымен бұл қызықты тәмамдасақ,

Бұл жайда айтамыз ба жаман болсақ

Үйрендік білмегенді осы жолы

Тағы да үйренеміз аман болсақ.


Бүгінгі көріп тамашалаған кешіміз өз мәресіне жетті. Қатысушы оқушыларға және зейін қойып тыңдаған көрермендерге көп - көп рахмет.

Қош сау болыңыздар!!!