26.02.16
2 «В» сыныбы
Мақсаты:
1. Оқушылардың білім туралы ойларын кеңейте түсу, білімнің қоғамдағы маңыздылығы мен пайдасы туралы, білім, ғылым жаңалықтарымен таныстыру.
2. Оқушылардың ана тілін сүюге, адамгершілік қасиетін қалыптастыру, бабалардан қалған ұлағатты ғибрат сөздерді түсіндіріп, содан үлгі – өнеге алуға баулу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, суреттер, нақыл сөздер
Барысы:
– Сәлеметсіздерме құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Бүгінгі сыныптан тыс өткізгелі отырған «Білімді мыңды жығар» атты сайысымызға қош келдіңіздер. Халқымыз жан – жақты адамды сегіз қырлы, бір сырлы – дейді. Адамның сегіз қырының бірі – оның білімі. Білімді адамның көкірегі ояу болады, жақсы мен жаманды айыруды біледі. Біздің сайысымыздың ерекшелігі « Алғырлар» және « Тапқырлар» топтарының арасындағы жарыстың бірден басталуында. Сайыста біздерге әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар беріледі.
Асып әсте саспайық
Батыл қадам бастайық
Еркіңді билеп барынша
Жарыста сірә қалыспа!
Сайыс қызығын балалар
Осылайша шабытпен,
Кәне енді бастайық.
Алдарыңызда Алғырлар және Тапқырлар тобы.
Әділ қазылар алқасын сайлап, таныстыру.
Оқу ісінің меңгерушісі: Абденова Алма
Мектеп директорының тәрбие ісі меңгерушісі.: Қосубаева Жанат
Бастауыш сынып оқу ісінің меңгерушісі: Жарбусинова Күнжамал
1-кезең . «Таныстыру»
Әр топ өз таптарын таныстырады, әр топқа өздерінің тиісті ұпайлары беріледі

1-топ «Ойшылдар» тобы
Біз дайынбыз жарысуға достарым,
Көрсетеміз бізде қандай күш барын
Біздің тобымыздың ұраны:
«Оқу –білім бұлағы,
Білім –өмір шырағы»
2-топ «Алғырлар» тобы
Бір сыныпта оқимыз , бәріміз де
Достық сөзі әрқашан дәрі бізге
Жарысуға сіздермен келіп тұрмыз
Мына жұрттың таңырқасын бәрі бізге
Біздің тобымыздың ұраны:
«Білімдіге – дүние жарық, білімсіздің күні – кәріп.»
2-кезең. «Біліміңді сына» кезеңі

Бұл сайыста әр топқа 5 сұрақтан қойылады. Әр сұрақ 3 ұпаймен бағаланады.
1-топ. «Ойшылдар»
1.Қыс айларын ата
2.Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
3.Ы.Алтынсарин кім?
4.Мәтін дегеніміз не?
5.Жылқының сүті
2-топ «Алғырлар»
1.Үш арсызды ата
2.Мал сүтінен жасалынған қандай тағамдарды білесің?
3.Сұраулы сөйлем дегеніміз не?
4.қосымша дегеніміз ше?
5.А.Құнанбайұлы кім?
3-кезең. «Ұшқыр ой»

«Берілген бір сөзден бірнеше жаңа сөздер құрау». Дұрыс орындаған топқа 5 ұпайдан беріледі.
1-топ. «Ойшылдар»
«балдырған»
2-топ «Алғырлар»
«бағдарлама»
4-кезең. «Тездет, бірақ қателеспе!»
Әр топқа 5 сұрақтан қойылады. Бір сөзбен ия немесе жоқ деп жауап беру керек. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі. Екі топтың да жауабы тыңдалады.
1-топ. «Ойшылдар»
1.Дауыссыз дыбыстар 3-ке бөлінеді
2.Жұмбақ –үлгі – өнеге ретінде айтылатын әрі қысқа, әрі нұсқа нақыл сөз
3.кім?не?кімдер?нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздер етістік деп аталады.
4.Өлең жазатын адамды суретші дейміз
5.Аңқау арыстан аңыз
2-топ «Алғырлар»
1.Етістік қандай? Қай? деген сұрақтарға жауап береді.
2.Өмірде болған адамға қатысты құрылған халық шығармасы. Ертегі
3. «Асыл анам» өлеңінің авторы М. Жұмабаев
4.Түбір сөзге жұрнақ та, жалғау да жалғана береді.
5.Мақта – бағалы өсімдік. Одан тамаша талшық алынады. Бұл өлең
5-кезең. «Сиқырлы ұяшық»
Әр ұяшықта сұрақтар жасырылған. Дұрыс жауапқа 5 ұпай. Егер топ өзіне берілген уақыт ішінде жауап бере алмаса, кезек келесі топқа беріледі.

Тұлғалар. 1. Қазақ хрестоматиясы оқулығын жазған адам
2.Шеше мен бала әңгімесінің авторы
3. «Білім керек бәріне» өлеңін кім жазды?
Ертегілер:1. Баяғы заманда бір кедей шаруа болыпты. Бір күні ол ішерге асы таусылып қалған соң,
жалғыз тауығын сойып жемекші болады. Тауықты ұстап, енді бауыздай бергенде, ол:
2. –Достым, сөз тасып сыбырласудың керегі жоқ еді. Өсек айту жақсылыққа жеткізбейді,-
депті,-деген ақыл сөз қай ертегіде кездеседі?
3.-Ей, арыстан, аға! Есектің миын жемес бұрын өзің көлге барып, шомылып кел,-дейді.-
деген жолдар қай ертегіде кездеседі.
Қазақ тілі: 1.Жұрнақ дегеніміз не?
2.Етістік дегеніміз не?
3.зат есімнің түрлері
Аралас сұрақтар. 1.Домбыра – дегеніміз не?.
2.Астанаға жыр арнаған ақын
3.Неткен сұлу, неткен көркем
6-кезең. «Тұлғаны таны»
Бұл кезең бойынша суретте берілген тұлғаларды танып, кім екенін айту керек.
Әр дұрыс табылған суретке 5 ұпай беріледі.
1-топ

2-топ

7-кезең. «Тапқыр болсаң, талас жоқ»
Шрифтограмма шешу. 5 ұпай

1-топ. «Ойшылдар»
Пан-ба-ла
Тап-ха-на-кі
Ған-бал-дыр
2-топ «Алғырлар»
Те-ма-ка –ти-ма
Ыр-шақ-қу
Лық-қу-о
8-кезең. «Қызықты логикалық тапсырмалар»
Әр дұрыс табылған жауапқа 5 ұпай беріледі.

1-топ. «Ойшылдар»
1.Жұмулы көзбен нені көруге болады?
2.Жаңбыр жауып тұрғанда қоян қандай ағаштың түбінде отырады?
3.Әженің Мирас атты немересі, Ақтөс атты иті мен мысығы бар.Әженің неше немересі бар
2-топ «Алғырлар»
1.31 ақпан күні не болады?
2. 4 ақ қайың өсіп тұр. Әр қайыңның 4 бұтағы бар, әр бұтақтың 4 сабағы бар. Әр сабақта 4 алма өсіп тұр.
3. «Суретшілер» сөзінде 8 буын бар
Қорытынды:
Әәділ қазылар алқасына сөз беру, сайысқа белсенді қатысқан балаларды мадақтау, марапаттау.