Күні: 25.01.17. Пән: Биология Сынып: 9 Сабақтың тақырыбы: §38. Эволюцияның дәлелдемелері . Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға органикалық дүние эволюциясының дәлелдемелері жайында түсінік бере отырып, оқушылардың білімін жетілдіру. Дамытушылығы: Оқушылардың ой - өрісін, сана - сезімдерін, пәнге деген қызығушылығын дамыта отырып, білім беру.
Тәрбиелілігі: Оқушыларға білім бере отырып, ұқыптылыққа, әдептілікке, жинақылыққа, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғауға тәрбиелей білу,экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың типі: жаңа білімді игеру
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, слайд, стикер,үлестірмелі сұрақ қағаздар,
Сабақтың басқа пәндермен байланысы: тарих, география,медицинамен
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі(2мин)
А) Сәлемдесу.
Б) оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалау, сабаққа дайындығын тексеру.
В) сабақтың мақсатымен, тақырыбымен таныстыру
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі (15мин)
№ 1. Блиц сұрақтары мен ғылымдарды табу
1.Эволюция деп нені айтамыз?
2.Қалай ойлайсыздар, Карл Линнейдің еңбектерінің мәні неде?
3.Дарвиннің эволюциялық теориясының негізгі қағидалары қанша?
4.Қалай ойлайсыздар, Ламарктың эволюциялық теориясының мәні неде?
№ 2. Анықтама мен терминдерді сәйкестіріңдер
1. Түр | А.Тірі табиғат өзгермейтіндігін және әуел бастан мақсатқа сәйкестілікті қуаттайтын метефизикалық көзқарас |
2. Ароморфоз | Ә. Сыртқы ортанын жағдайына байланысты түрлер өзгергіштігін қуаттайтын көзқарас |
3. Креационизм | Б.Әр алуан тіршілік жағдайларында пайда болып, организмнің құрылым деңгейін күрделендіретін бейімділіктер |
4. Трансформизм | В. Табиғат, болмыс алғышқы, ал сана, рух, ой туынды. Табиғат мәңгілік, ол жаралмайды, уақыт пен кеңістікте шексіз-шетсіз өмір сүреді. |
5. Материализм | Г. Тірі организмдердің қарапайым құрылыстан күрделіге қарай жоғарылауы |
6. Градация | Д. Құрылысы ұқсас, шығу тегі бір, өзара еркін шағылысып, өсімтал ұрпақ беретін және ұзақ уақыт нақты аймақты мекендейтін , сол орта жағдайларына жақсы бейімделген даралар жиынтығы |
Жауабы: 1- д,2-б, 3-а, 4-ә, 5-в, 6-г.
III.Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі (15мин)
Дарвиннің эволюциялық теориясының жарыққа шығуы Дарвинді қолдаушы ғалымдар мен оның қарсыластарының арасында шиелініскен пікірталас туғызады.Бұл жағдай биологияның түрлі салаларының дамуына жол ашып,әр түрлі бағытта зерттеулер жүргізілді.Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде эволюциялық процесті дәлелдейтін материалдар көп жинақталды.
Дәлелдемелер бірнеше топтан қарастырылған болатын.Оларды атай кетсек: Морфологиялық,Эмбриологиялық,Палеонтологиялық,Биогеографиялық.
Морфологиялық дәлелдеме:Тірі организмдердің жасушадан тұратыны,жануарлар мен өсімдіктер жасушаларының құрылысы мен атқаратын қызметі,химиялық құрамы ұқсас екені айтылады.Осы морфологиялық дәлелдемесінің бірінде гомологиялық,рудименттер,атавизмдер,бар екені дәлелденеді.
Эмбриологиялық дәлелдеме: Организмдер ұрығының дамуы заңдылықтарын зерттейтін ғылым саласы эмбриология деп аталады.Бұл саладағы зерттеу жұмыстары көпжасушалы организмдердің барлығы ұрықтанған жұмыртқа жасушасынан дамып жетіледі деп көрсетті.
Палеонтологиялық дәлелдеме: Өліп біткен организмдердің қазба қалдықтарын зерттейтін ғылым саласы палеонтология деп аталады.Органикалық қазба қалдықтарды зерттеп салыстыру әртүрлі геологиялық замандағы тіршіліктің бейнесін көз алдымызға елестетеді.
Биогеографиялық дәлелдеме: Жер шарының түрлі материктеріндегі өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесін зерттеу олардың тарихи дамуы,яғни эволюциялық процестің жүру барысы туралы мәлімет береді.
IV.Бекіту кезеңі:Постермен жеке жұмыс (10мин)
Гомологиялық мүшелер
Атавизмдер
Эмбриология
Биогенетикалық заң
Палеонтология
Биогенетикалық заң
V.Рефлексия (стикермен жұмыс- 1 мин)
VI.Бағалау(1мин)
VII.Үй тапсырмасы:
§38. Эволюцияның дәлелдемелері-оқу.
179бет Кесте толтыру:
Дәлелдемелер | Анықтамасы | Мысалдар |
Морфологиялық | | |
Эмбриологиялық | | |
Палеонтологиялық | | |
Биогеографиялық | | |
8