оқушылардың алған білімдерін тиянақтау, ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту, тексеру
Сабақ кезеңдері | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Ұйымдастыру: (психологиялық тренинг) Қане, қане тұрайық, Орнымыздан құрайық Тұрсақ енді орнымыздан, Алақанды ұрайық. Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз. Сәлем бердік сіздерге, Құрметпенен біз. | Ынтымақтастық атмосферасын орнату. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Сынып бөлмесінің тазалығына және оқушылардың көңіл күйіне назар аудару. «Көңіл күй» шкаласына өз көңіл күйіне сәйкес әртүрлі түсті қағазды таңдап алып, осы суреттің артқы жағындағы тапсырманы орындай отыра отырып топтасады. Оқушыларға бағалау парағы беріледі, топ басшысы сайланып, сабақ барысы бойынша өз тобының мүшелерінің ұпайларын қойып сабақ соңында бағалайды | Оқу құралдарын дайындап, сабаққа назар аудару. Оқушылар берілген тапсырманы орындайды. (Жауабы 1, 2, 3, 4 шығуына байланысты топтасады) |
Сабаққа кіріспе ББҮ кестесі | Мен оқушыларға мынадай сұрақтар қоя отырып сабақты бастаймын: Санды теңдік? Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу? Оның 1-ші және 2-ші қасиеті? Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді шешу үшін? ах = в түріндегі теңдеулерді шешу жағдайлары бойынша түбір саны? Білемін | Білгім келеді | Үйрендім | | | - | Білемін | Білгім келеді | Үйрендім | - | - | | | Оқушылар кестеге сұрақтар бойынша не білетінін және нені білгісі келетінін жазады. (Үстінгі бөлігіне) Астыңғы бөлігіне сабақ соңында үшінші бағанына толтырады. |
Өткенді қайталау (интербелсенді тақтада сұрақтар). Дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады | Қандай теңдеуді бір айнымалысы бар теңдеу деп атаймыз? Қандай теңдеулер мәндес теңдеулер деп аталады? Теңдеудің қасиеттері қандай? Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешудің алгоритмі? Сызықтық теңдеуді түрін алғаш көрсеткен ғалым кім? Сызықтық теңдеуді зерттеген қазақ математигі кім?  | Сұрақтарға жауап береді: ах = в түріндегі теңдеуді түбірлері бірдей теңдеудің екі жағына да бірдей сандарды қосуға, 0-ден басқа санға көбейтуге, бөлуге айнымалылары бар мүшелерді бір жаққа, бос мүшелерді бір жаққа ауыстырамыз; ұқсас мүшелерін біріктіреміз; екі жағын да айнымалының коэффициентіне бөлеміз ІХ ғасырдағы Орта Азия ғалымы Мұхаммед Мұса әл-Хорезми Жәутіков Орынбек Ахметбекұлы |
Қазақстанның биік белесі (өткенді қайталау, тест жұмысы) | Біз бұл тапсырмада берілген тест жұмысын шығара отырып, Қазақстанның биік белесімен танысамыз. Теңдеулердің түбірін табыңдар: 2х +3 = 15 Жауаптары: О. 7, Е. 6, Р. 10, Х. 8 3х – 7 = 2 Жауаптары: О. 9, Е. 7, Р. 5, Х. 3 2x + 7 = 8x + 1 Жауаптары: О. 2, Е. 7, Р. 1, Х. 8 Өрнектердің мәнін тап: Егер х = 5 болса, 2х + 3х +5 мәні? Жауаптары: О. 30, Е. 25, Р. 5,Х. 33 2х + 2001, мұндағы : х = 8 Жауаптары: О. 20, Е. 17, Р. 2017, Х. 18 | Оқушылар интербелсенді тақтада көрсетілген сұрақтарды, есептерді шығара отырып, алдарындағы дұрыс жауаптардан ЕХРО-2017 сөзін шығарады. |
Көрме тақырыбы | Оқушылар сұрақ-есепке жауап берген сайын «ЕХРО-2017» көрмесіне Қазақстанның ұсынған тақырыбының әріптері біртіндеп кестеге жазылып отырады. 2х = 4, жауабы 2-ге жазылады; -3х = -9, жауабы 3-ке жазылады; 4х = 4,жауабы 1-ге жазылады; 8х = 48, жауабы 6-ға жазылады; 3х + 1=25, жауабы 8-ге жазылады; х + 5 = 17, жауабы 12-ге жазылады; 4х + 5 = 170 -11х, жауабы 11-ге жазылады; 9х – 68 = х + 4, жауабы 9-ға жазылады; 3х – 3 = 12, жауабы 5 ке жазылады. 4 = 6 = 10 және 7 = 8 теңдеулері мәндес теңдеулер | Интербелсенді тақтада берілген тапсырманы орындайды. Көрменің тақырыбын ашады, танысады. 4 = 6 = 10 және 7 = 8 теңдеулері мәндес теңдеулер екенін оқушылар ескеру керек, яғни түбірлері тең теңдеулер |
Сұрақ-есеп | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | Көрме тақырыбы | Б | О | Л | А | Ш | А | Қ | Қ | У | А | Т | Ы | |
Сергіту сәті | Оқушыларға тіземен, баспен 1-5 аралығындағы сандарын жаздыру | Оқушылар бастарымен, тізелерімен 1,2,3,4,5 сандарын жазады |
Қазақстанның болашақ көрме қалашығы (топтық кітаппен жұмыс) | Оқушылар топтық жұмыс орындайды. Берілген қима қағаздарға есептер берілген. Оқушылар қима қағаздағы есептерді шығарып, жауабымен сәйкестендіре отырып құрастырады. Есеп шығарылып, қима қағаздар құрастырылып болғаннан кейін қалашық суреттері шығарылады. №874 әр топқа бір бір есептен беріледі     | Оқушылар топтасып, жұптасып берілген тапсырманы орындайды. Орындалған тапсырмаларды теріс аудару арқылы болашақ қалашықтың суретімен танысады. №874 есептің 1-сін 1-топ, 2-сін 2-топ, 3-сін 3- топ, 4-сін 4-топ шығарады да суретті шығарады. Есепті шығаруда шығарылған әр жол сайын сурет қиындысы шығады. Әр топтан бір оқушы тақтаға шығып, шығарылу жолын көрсетеді |
Білімді мыңды жығады (олимпиадаға дайындық, дарынды балалармен жұмыс) | Бір топ торғай достасқан Бір ағашқа қонады. Бұтақтарға қос-қостан Орын теуіп болады. Бұтақтардың біреуі Сол сәт артық қалады. Бұған бірақ жоқ еді Торғайлардың амалы. Бір бұтаққа бір-бірден олар сонда қонады. Енді мұны кім білген? Торғай артық қалады. Айтыңдаршы, балалар, Ойлап көріп шамалы, Бұтақ пенен торғайдың Саны қанша болады? Жауабы: 4 торғай, 3 бұтақ. Саяхатшылар қайықпен өзеннен өтпекші болды. Қайықтарға 3 адамнан отырса, 1 қайық жетпей қалады, ал 5 адамнан отырса 1 қайық артық қалады. Саяхатшылар нешеу, қайық нешеу? Жауабы: 15 саяхатшы, 4 қайық. Санның квадраты 0, 2, 3, 5 сандарынан тұрады. Сол санның өзін табыңдар? Жауабы: 3025 = 55 –тің квадраты, яғни 55 саны. | Оқушылар логикалық тапсырманы орындап болған соң жауабын ауызша айтып түсіндіреді Жауаптары: Жауабы: 4 торғай, 3 бұтақ. Жауабы: 15 саяхатшы, 4 қайық. Жауабы: 3025 = 55 –тің квадраты, яғни 55 саны. |
Қорытынды ББҮ кестесі | Оқушыларға сабақ басында берілген ББҮ кестенің «Үйрендім» бағанын толтыртамын, топ басшыларынан бағалау кестесін алып, бағалауға қорытынды жасаймын | Оқушылар бүгінгі сабақта не үйренгенін ББҮ кестесінің «Үйрендім» бағанына толтырады, топ жетекшілері бағалау кестесін береді. |
Үйге тапсырма | №877, 879 есептер, ЕХРО-2017 туралы мәліметтер жинақтап тапсыру; Рефлексия:  Бас бармақ жоғарыға қарай – «5» баға  Басбармақ көлденең – «4» баға Басбармақ төмен қарай – «3» баға | Күнделікке үй тапсырмасын жазады. Бағалау мен көңіл-күй бағалау парағына: -маған сабақ ұнады, тақырыпты меңгердім; -тақырыпты түсіндім, бірақ есептеген кезде қиналамын; -сабақ маған түсініксіз деп өз білімдерін бағалап жапсырады. |