СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Бір белбеу бір жол" байқауы ғылыми жұмыс

Нажмите, чтобы узнать подробности

ғылыми жұмыс шай туралы 

Просмотр содержимого документа
«"Бір белбеу бір жол" байқауы ғылыми жұмыс»





Қазақ Қытай қатынасына арналған «Бір белбеу, бір жол» бастамасы және «Нұрлы жол» бағдарламасы. Өзара тиімді өсім мен өркендеу траекториясы» тақырыбындағы байқауға арналған сараптамалық материал







«Шай ішу өнері»

Қытай әлеміне деген ынтам бала кезімнен бері ерекше. «Made in China» деген жазуы бар заттар, киім кешек, ойыншықтар қызықтырып, сәнге айнала бастап біздің тіршілігімізге айналды. Осы кезден «Бір белбеу, бір жол» ұғымы өз бастамасын алды. Қазіргі жаһандық әлемде елдермен басталған ынтымақтастығы жаңа деңгейде өз жалғасын табуда.Қытай елінің тиімді технологиялар, заманауй техника ,планшет, теледидар т.б кез келген сала бойынша жасалып шығарылған нәрсе, біздің өмірімізде маңызды орын алады.

«Ұлы Жібек жолы» арқылы ата- бабаларымыз елдеріміздің мәдениетін ашып , жеткізген.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев айтып кеткендей «Адамзат тарихының күретамыры мәдениет, ал мәдениеттің күретамыры адамзаттың ақыл ойы мен іс әрекетін дүниеге әкелген материалдық құндылықтар болып саналады.»

Мен өз жобамда Қытай -қазақ елдерінің арасындағы шай ішу өнерін пердесін ашып, қарастырамын.Екі еліміздің шай ішу тарихын зерттеп, мәдениетімен танысудың бір жолы.

Себебі тарихты білу оның бастау алар кезеңдеріне үңілу, бүгінгі күнге қажетін табуға ұмтылу барлық этностарға тән дәстүр.

«Шай, шай ішсең, көңілің болады жай» деп қазақ халқы бекер айтпаған.

Бірақ , осы тамаша сәттерге қалай қол жеткізуге болады? Әр елдің өз құпиялары, салты бар екенін ұмытпайық! Шай ішу мәдениеті , шай жабдықтары, шайдың пайдасы , шайдың сорты, түрлері .

Қытайлықтар шай ішкенде, шай шығаратын суға үлкен мән береді. Қытайдың шай пірі ЛУ ИүЙДІҢ айтуынша : Бұлақ суы көректікке бай , дәмді де тартымды келеді

Адам баласының тобырынан алыс жатқан ластанбаған өзен, құдық, қар сулары да шай шығаруға таптырылмайтын өте жақсы суға жатады екен.

Қазақтар шай құйылған су мен сүтке үлкен мән аударады. Сиырды сауып , сүтін сүзеді. Сүттін бетін алады. Сүт бүлінбей қалу үшін оны қайнатады.

Қазіргі Қытайлықтар шай ішкенде үш рет шығаруды дәріптейді. Бірінші шығарылғанын ішпейді , себебі су ғана құйылып, шай шыға қоймайды, ішкенменде де дәмі келмейді. Екінші шығарылған шай ең тамаша , тұнық әрі кіршіксіз болады, дәмі таңдайда қалады. Үшінші шығарылған шай , ұзақ уақыт тұрғандықтан , тіпті дәмді, қою, иісті келеді.

Тіпті жеті рет шығарудың жолдары да бар.

Сүттің беттінен құйылған шай өте дәмді. Шайды қайтатқан кезде оны құсып кетпеуін қадағалау тиіс, себебі шай бұзылады.

Құйылған шай қою, дәмді, әдемі болуы тиіс.Тәтті болу үшін оған қант қосады.


Шай ішкенде , жұрт шай жабдықтарына да үлкен мән берген,Қытайдың дәстүрлі шай жабдықтары әдетте фарфор ыдыстар сияқты екі ірі топқа бөлінеді.

Ата бабамыз көшіп қонып жайлауда, шоғырмақ теріп, сәмауәр қайнатқан.самауар шайы өте дәмді болады. Пиалаға құйылған шай жан терге түсіріп, шөлін басады. Бұл ыдыстарымен шай ішу адамның сезімін керемет кеңістікке жетелейді.

Қытайлықтар шай ішу өнерін қоғамдық қарым қатынас салты және моральдық тәрбиемен байланыстырып, алуан алуан шай мәдениетін қалыптастырған.

Қытайлықтар шайды асыл, таңдаулы сусынға бағалап, шай ішуді рухани ләзаттану, салауатты өмір салтын қалыптастыру тәсілі деп таниды.

Қазақтар өз өмірін шайсыз елестете алмайды. Тіпті шай ішпеген жағдайда , басым ауырды деп айтады.

Қазақ отбасы өз қыздарына шай құю өнерін жетік меңгеруге тырысады. Қыз бала тұрмысқа шығып, шай құю оның күнделікті ісіне айналады.

Қазақта келін түскенде, оның қолынан «келін шай» ішіледі.

Шай құйылғанда , бірінші пиала үй иесіне құйылады.

Қазақтарда «келер аяқ, кетер аяқ» деген бар . Міндетті түрде шай ішкен адам өз жұбайы да үшін немесе жалғыз қалмау үшін бір кесе шаймен шектелмей кетпейді.

Қазақтарда келген кісіге шай ұсыну, шай дастарханында достарымен сырласу, күй, домбыра тарту салты бар.

Қытайлықтар шайдың әр жапырағын теріп , пайдасына жаратады. Көк шайдың пайдасы емдік қасиеті зор.

Қазақтар құлақ ауыруына дерт болған кезде, шайдың буынына емдейді.

Осындай тағы да басқа пайдалы, терең зерттеулер жүргізіге болады . Мен ең негізгілерін қарастырдым.

Шайхана мекемелер ашылуда, бірақ шай ішу өнеріне толық мән берілмеген. Қазақ- Қытай шай ішу өнерінің тәжірибесін саралап, қолға алуымыз жөн, біздің де тақиямызға тарлық етпес ау деп ойлаймын. Қазір біз шайды Қытайлықтардың ірі танымал компаниялар жасап шығарған шәйнектерінен шай ішеміз. Неліктен енді олардың шай ішу өнерін меңгермеске? Өзіміздің дәстүрімізді оларға ұсынбау? Көп адамның елдерді аралауға мұршасы болмайды . Сондықтан бұл да өзара тиімді өсім мен өркендеу траекториясының тағы бір жолы деп ойлаймын.

Жарасымды әңгімелер, іскерлік кездесулер де шай ішу барысында жүргізіледі. Ас иесінің ыстық ықыласы мен дастарқанның берекесіне не жетсің!

Болашақта бұл да тарих үшін қас қағым сәт болады деп үміттенемін.

Шай ішу өнері екі елге , халықтарымызға және бүкіл адамзатқа бақыт әкеліп, ынтымағымыз жарассың деп тілеймін.

Асаинова Гульмира

Береговой ЖББНМ