СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Бірыңғай мүшелерге,қаратпа,қыстырма,оңашаланған айқындауышқа қойылатын үтір

Категория: Литература

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сөйлемнің соңында қойылатын тыныс белгілерге байланысты сабақ

Просмотр содержимого документа
«Бірыңғай мүшелерге,қаратпа,қыстырма,оңашаланған айқындауышқа қойылатын үтір»

Күні: 13.02. Пәні: қазақ тілі Сыныбы:9

Сабақтың тақырыбы : Бірыңғай мүшелерге,қаратпа,қыстырма,оңашаланған айқындауышқа байланысты қойылатын үтір

Сабақтың мақсаты : білімділік – Тыныс белгілерін ажыратуға үйрету;

дамытушылық – оқушылардың жеке өнімді қызметтерін дамытушылық тапсырмалар арқылы байқау,логикалық тапсырмалар арқылы жұмыстану, практикалық тапсырмалар арқылы оқушы қызметінің әрекетін арттыру;

тәрбиелік – лексикалық тапсырмалар арқылы оқушының сезіміне әсер ету,жан дүниелерін байыту.

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, топтастыру, талдау,жаттығу

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Бірыңғай мүшелерге байланысты қойылатын үтір


Қойылатын орындары

Бірыңғай

мүшелер

жалғаулықсыз

келгенде арала-

рына үтір ойы-

лады.

Да, де, әрі, я,

яки, не, немесе, әлде жалғаулық

шылаулары бірыңғай

мүшелермен

қайталанып

келгенде

қойылады.

Мен, және

жалғаулық

шылаулары қайталанбайды. Онда жұптасқан

бірыңғай

мүшелердің

соңғы жұбының алдына

қойылады.

Да, де, әрі, я,

яки, не, немесе, әлде жалғаулық

шылаулары

бірыңғай баян-

дауыштар ара-

сында қайта-

ланбай келсе,

шылаудан соң

үтір қойылады

Да, де, әрі, я,

яки, не, немесе, әлде жалғаулық

шылаулары бірыңғай

мүшелердің

арасында

қайталанбай

тұрса үтір

қойылмайды.

Айгцл,

Әсел,

Әдемілер

бүгінгі

жауапкер-

шілікті

айқын

сезінеді.

Аяулым да,

Асыл да, Ме-

руерт те не

үйге кірерлерін, не кері

бұрылып ке-

терлерін білмей дал болды.

Айнұр мен

Айдын, Ардақ

пен Қанат

кезекшілікті

бөліп алып,

кезекшілік

міндеттерін

пысықтады.

Қоңырау

соғылды да,

сабақ басталды.

Айта салды да,

кейін қарай

жүгіріп кетті.

Келді де

көрді. Бойын шаттық әрі белгісіз

қорқыныш би-

легендей ме?..

Хабарласпады

я келмеді.


Қаратпа сөздерге байланысты қойылатын үтір


Қаратпа сөздерге байланысты қойылатын үтір


Қойылатын орындары

Қаратпа сөз сөйлемнің ба-сында келсе үтір одан кейін қойылады

Қаратпа сөз сөйлемнің ортасында келсе үтір екі жағынан қойылады

Қаратпа сөз сөйлемнің аяғында келсе үтір алдынан кейін қойылады

Асқар, кел ақылдасайық

Ақылдасатын , Бейбітжан, не қалды?

Неге олай дейсіз, апа?


Оңашаланған айқындауышқа байланысты қойылатын үтір


Оңашаланған айқындауыш - өзінің алдында тұрған сөзді айқындап, дәлелдеп, түсіндіріп тұратын бір немесе бірнеше сөз.

Үтір оңашаланған айқындауыштың екі жағынан қойылады.

Мысалы: Біз, Қазақстан жастары, еліміздің жарқын болашағына сенеміз! Үлкен ұлы, Асаны, еңбекқор азамат еді.

Жаттығумен жұмыс:164,166-жаттығулар жазбаша орындалады.

Білімді бекіту : Өткен тақырыптар бойынша бірнеше сұрақтар қоя отырып, түсінбеген сұрақтарына жауап беремін

Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 168- жаттығу.