12-апта | 5-күн | 1-сабақ |
6-сынып | А.Б.Құмашбаева | Қазақ әдебиеті |
Сілтеме: | Қазақ әдебиеті оқулығы, Қ.Әбдезұлы, Г.Д.Рыскелдиева, С.Ч.Тұрсынғалиева, «Арман-ПВ» баспасы, 2010 ж. |
Сабақтың тақырыбы: | «Біржан сал Абай ауылында» әңгімесіндегі кейіпкерлер бейнесі |
Жалпы мақсаттар: | Көркем шығарманың мазмұнын меңгерту. Теориялық білімдерін практикамен ұштастыру, шығармашылық ізденістерге баулу. Қазақтың салт-дәстүрін білуге, ұлттық құндылықтарымызды сақтауға, адамгершілікке, қонақжайлылыққа, сыйластыққа тәрбиелеу. |
Оқыту нәтижелері: | Оқушылар өз ойларын еркін айтуға дағдыланады; Пікір алмасуға, топта көшбасшылық жасауға үйренеді; Дарынды және талантты оқушылардың қабілеттерін дамыту; АКТ-мен жұмыс жасай білуге дағдыланады; Өзін және өзгелерді бағалауға дағдыланады. |
Түйінді идеялар: | Қонақ түрлерінің ерекшеліктері. Өнерді бағалау мен дәріптеу. |
Ұйымдастыру | Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, әрі назарларын сабаққа аудару мақсатында «Біржан сал» фильмінен 1 минуттық үзінді көрсетіледі. (1 минут) | Үйден оқып-үйреніп келгендерін сұрау. «Сіз қонақ күте білесіз бе?» атты тақырыпта жазып келген эссені оқу, пікір алмасу (5 минут) |
Тапсырма: | І, ІІ, ІІІ топ: «Біржан сал Абай ауылында» әңгімесіндегі кейіпкерлер бейнесін постерге түсіру. (5 минут+8 минут) | Оқушылар берілген тапсырманы топ болып орындайды. Әңгіме желісі бойынша кейіпкерлерге мінездеме жазып, портреттерін мәтіннен табады. Жұмыстарын қорғайды. Пікір алмасады. |
Тапсырма: | Топтастыру стратегиясы. Абай мен Біржанды рухани жақын еткен не нәрсе? Өнер! Өнердің қандай түрлері бар? Қане, топтастырып шығайық. (3 минут) | Оқушылар берілген тапсырманы топ болып орындайды. Өнер түрлерін (би өнері, күй өнері, ән өнері, саз өнері, мүсін өнері т.б.) топтастырады |
Тапсырма: | Тақтамен, дәптермен жұмыс. «Біржан сал Абай ауылында» әңгімесіне сюжеттік талдау жасау. (8 минут) | Оқушылар берілген тапсырманы топ болып орындайды. Әңгіме желісінің сюжетін интербелсенді тақтаға жазады. 1. Оқиғаның басталуы — ауыл жастары, ойын – сауық. 2. Абай ауылына Арқаға аты шыққан, асыл сөз, әсем үнімен ұйытқан Біржан салдың келуі. 3. Оқиғаның дамуы-Біржанның ән айтуы. 4.Шиеленісуі –Жастардың әнге деген құлшынысы. 5.Шарықтау шегі-Ұлжаннан бата алып Біржанның еліне аттануы, қайтуы. 6.Шешімі-Біржанның әнін ыңдауы, қорытындысы ретінде әннің шығуы. |
Тапсырма: | Үнтаспадан Ж.Елебековтың орындауындағы «Жанбота» әнін тыңдату. (2 минут) | Оқушылардан күтілетін жауап: 1865 жылы Көкше елі Омбының генерал-губернаторын қарсы алуға дайындалады. Сол елдің екі болысы- Азнабай мен Жанбота бірінен-бірі асып түспекші болып, бар өнерлерін салады. Сондай бір күндері Жанбота болыстың үйлері жақтан керемет әннің үні шығып, бүкіл халықты тәнті етеді. Азнабай ауылының адамдары ән тыңдауға Жанбота ауылына ағыла бастайды. Азнабай поштабайын жіберіп, Біржан оған келіспей қарсылық көрсетеді. Ашуланған поштабай ақынның қолындағы домбырасын тартып алмақшы болып, ақынның басынан қамшымен салып-салып қалады. Мұндай қорлыққа шыдамаған ақын ызасын әнмен білдіреді. |
Сергіту: | Абай мұражайына саяхат (2 минут) | Оқушылар саяхаттан кейін алған әсерлерімен бөліседі. Пікірлерін ортаға салады. |
Тапсырма: | І топ: Шығармада кездесетін салт-дәстүрлерді табыңыз және олардың мағынасын түсінідіріңіз. ІІ топ: Шығармадан көнерген сөздерді теріп жазыңдар. ІІІ топ: Шығармадан эпитеттерді теріп жазыңдар. (3 минут+4 минут) | Оқушылар берілген тапсырманы топ болып орындайды. Әңгімедегі сол ортадағы қазақ ауылының салт-дәстүрін, ұлттық киім үлгісі, сал-серілігі, ойын-сауығындағы көнерген сөздер мен эпитеттерді теріп жазады. |
Бағалау: | Аралық және жиынтық бағалау. (2 минут) Топ басшысы топтағы топ мүшелерін белгілеген критерийлер бойынша бағалайды. Үй тапсырмасын орындауы; Топтық жұмыс; Мәтінмен жұмыс; Таным дерек; Мәтінмен жұмыс. | Үлестірілген парақтарға оқушылар өздерінің кері байланыстарын жазып береді. Сабақ бойынша ойыңды білдір | Қандай жаңа білім алдың? | Алған біліміңді қолдана аласың ба? | Саған қиындық тудырған түсініктер | |
Үйден оқып-үйренуге арналған тапсырма: | «Өнерлі өрге жүзер» атты тақырыпта шағын шығарма жазу Екі жақты күнделік жазу Саған әңгімеде не әсер етті? | Несімен әсер етті? | | | |
Оқуға арналған тапсырма: | М.Әуезов әңгімелерін оқу. |