«Коммуникация» , «Таным» білім беру салаларының ұйымдастырылған оқу қызметі :
«Сөйлеуді дамыту» , «Құрастыру».
Тақырыбы: «Біз бақытты баламыз» , «Гүл жасайық».
Мақсаты: Тәрбиешінің көмегімен зат есім мен сын есімдерді дұрыс байланыстыра сөйлем құра білуге үйрету. Қойылған сұрақтарға дұрыс жауап бере білуге жаттықтыру.
Қағазды кішкентай бөлшектерге жырту тәсілін жалғастыру.Қолдарын жаттықтыру.Күлтелерін қиып алу дағдыларын үйрету.
Просмотр содержимого документа
««Біз бақытты баламыз» , «Гүл жасайық».»
«Коммуникация» , «Таным» білім беру салаларының ұйымдастырылған оқу қызметі :
«Сөйлеуді дамыту» , «Құрастыру».
Тақырыбы: «Біз бақытты баламыз» , «Гүл жасайық».
Мақсаты: Тәрбиешінің көмегімен зат есім мен сын есімдерді дұрыс байланыстыра сөйлем құра білуге үйрету. Қойылған сұрақтарға дұрыс жауап бере білуге жаттықтыру.
Қағазды кішкентай бөлшектерге жырту тәсілін жалғастыру.Қолдарын жаттықтыру.Күлтелерін қиып алу дағдыларын үйрету.
Сөздік жұмыс: бақытты, жемсауыт.
Педагогикалық технологиялар. Акт, суреттер мен слайдттар, үлгі.
Ресурстармен қамтамасыз ету:слайд, суреттер.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы .
l. Ұйымдастырушылық кезеңі
Қол ұстасып,өзімізбен де,айналамен де, сәлемдесейік.
Айтамыз алғыс қайталап,
Таңдайды бізді шартарап.
Өмір сүру-бір бақыт.
Дос бола білу-шың бақыт!
ІІ.Негізгі бөлім.
Сурет арқылы сөйлемдер құрастыруға баулу.
Тәрбиешінің көмегімен зат есім мен сын есімдерді дұрыс байланыстыра сөйлем құра білуге үйрету.
Қойылған сұрақтарға дұрыс жауап бере білуге жаттықтыру.
Ойын: «Сиқырлы жұп»
-Еденге шеңберленіп отырайық, енді көрейік біздің топта шын жолдастар бар ма екен?
-Жіпті алып былай дейді: «Біздің топта Арсен бар, ол менің досым», жіпті басқа балаға беріп атын айтады. Балалар жіпті саусағына орап отырады жіп тәрбиешіге келеді.
- Енді бәріміз қолымызды көтерейік, жіпті еденге қояйық. Қане біздің топта балалар бір – бірімен шың дос па екен? Жіп үзілген жоқ, біз достаса аламыз деуге болады
Сергіту сәті.
Жаттығулар жасаймыз.
Күндей болып күлеміз,
Гүлдей болып өсеміз.
Құстай болып ұшамыз,
Көбелектей қонамыз.
Үлгіге қарап:
Қағазды кішкентай бөлшектерге жырту тәсілі арқылы гүл жасаймыз.
Жасау жолын көрсетіп, таныстыру.
Жарайсыңдар балалар!
3.Қорытынды:
Сонымен қандай баланы бақытты бала деп атауға болады?
Бақытты болу үшін не істеуге болады?
Балалар бүгін біз нені жасадық?
Балалардың жұмысынан көрме ұйымдастыру.
Балаларды мақтап, мадақтау.