СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Біз т?ратын ел" ашы? т?рбие са?аты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты : О?ушыларды ту?ан жерін , елін , Отанын с?юге , ?аза? еліні? ?лтты? нышандарын ?астерлеуге, жерін, оны? таби?аты мен байлы? ?азынасын ?ор?ау?а т?рбиелеу; О?ушыларды ?з елін , жерін ?ор?ап оны ойлай білетін ?лтжанды , патриот сезімі ?яла?ан , ?з ойын ай?ын, к?ркем жеткізе алатын толы??анды жеке т?л?а етіп т?рбиелеу. К?рнекілігі :?аза?стан р?міздері, ?аза?стан картасы, ?анатты с?здер, ма?ал – м?телдер. Саба? барысы : 1. ?йымдастыру кезе?і . 2. М??алім: Отан дегеніміз - ?р адамны? туып ?скен жері , ту?ан- туыстарымен , жа?ындарымен бірге т?ратын атамекені . «Отансыз адам – ?анатсыз ??спен те?» демекші ,?р адамны? Отаны ?зі ?шін ысты?.?аза? елінде т?ратын адамдарды? Отаны – ?аза?стан т?уелсіз Республикасы.1992 жылы ?аза?стан Республикасыны? нышандары бекітілді .?аза?стан т?уелсіздік ал?ан к?ннен бастап ?ркениет ?ріне ?арай ?арышты ?адам басып келеді . Елбасы Н. Назарбаевты? сы?дарлы саясатымен ?лемдегі б?секеге ?абілетті 50 елді? ?атарына кіру жолында игілікті істер , ау?ымды шаралар ж?зеге асып жатыр . Бізді? елдігімізді? белгісі болып саналатын – ?лтты? нышандарымызды т?мардай танып, ?адірлеп, ?астерлеуіміз керек . Елімізді? ерте?і, болша?ы - сендерді? ?олдары?ызда. сонды?тан білімді , т?рбиелі , іскер , талапты бола отырып, елімізді? ?ркендеуіне ?з ?лесімізді ?осайы? : 1- о?ушы : Ендеше ?аза?стан Республикасы : Туымен т??ырлы , Елта?басымен елеулі , ?н?ранымен айбатты . 2- о?ушы : ??ла? т?рем елімні? тынысына , Ма?танам, ?уанамын табысына , Елбасы мен хал?ымыз аман болса , Айналар Орта Азия « Барысына» М??алім : Барыс – биік тауларды мекендейтін , ?зіні? балалы?ымен , тектілігімен , м?рттілігімен ба?алан?ан а? . Елбасымыз барыс атауын текке ?олданбаса керек . ?аза?станды орта Азия барысына айналдыру ?шін жасал?ан Елбасымызды? « ?аза?стан – 2030 » стратегиялы? ба?дарламасы б?л к?нде ??с ?анаты талатын ке? байта? ?лкемізді шарлап кетті . Елбасыны? жолдауы – егемендікті? кілтін ?стап жастарды? жар?ын болаша?ына апарар алтын с?рлеу. 3- о?ушы : Біз намыскер- ?аза? елі ?ланымыз , ?ор?айтын жерді оттан ?ыранымыз . «Талап , Е?бек Тере? ой , ?ана?ат , Ра?ым» деп Абай атамыз айт?ан ?ланымыз. 4- о?ушы : ?зі?дікі елі? де , ?зі?дікі жері?де. ?зі?ді ?зі? еткен ба?- Т?уелсіздік т?рінде . 5- о?ушы :?зі?дікі туы? да , От пен ауа суы? да . Жаса , ?аза?станым. Белді бекем буын да . 6- о?ушы :Ас?ар тау да сенікі ,  Ба?ша бау да сенікі . ?алт?ысыз дос пенен ?атал жау да сенікі . 7- о?ушы: Елімні? аты , жерімні? аты – ?зі?мен биік, Республикам ! Жа?сыны? аты , ?алымны? хаты  ?зі?мен биік Республикам! 8- о?ушы: Білімді ?рпа? , білікті маман , Беделі? сені? Республикам ! Болатын бала? , ары сау адам – Мерейі? сені? , Республикам! 9- о?ушы :Б?секе деген о?ай сын емес, ?шпасын ба?ы? , Республикам! ?аза?ты? атын , ?аза?ты? затын – Т?мар ?ып та?ын , Республикам! 10- о?ушы : ?аза?стан ! Туды алтын д?уірі? , Ал?андайсы? ж?лдыздарды? жары?ын. ?за? болсын г?лденген б?л ??мыры?, Т?уелсіздік ??тты болсын айбыным !  11- о?ушы: ?уелі Отан – Ана алды , отты? басы , Ауыл алды ауна?ан ш?пті? ?асы, Са?ын?анда тым ысты? к?рінеді  Жаста ойна?ан ?йшік ?ып сайды? тасы  ?н: «Елім мені?». 12- о?ушы: Мен ?зімні? ?аза?стандай елде туылып , осындай елде ?сіп келе жат?анымды ма?тан етемін . Жар?ын болаша? к?тіп т?р?ан мені? елімде тере? білім алып, Отаныма адал ?ызмет етіп, елімні? дамуы мен ?ркендеуіне ?з ?лесімді ?оссам деймін. 13- о?ушы:Отан дейміз от жа??ан жерімізді , Отан дейміз ?сірген елімізді . Отан дейміз ту?ан жер , атамекен, Биік тау , орман , то?ай ,к?лімізді . 14- о?ушы:Отан , Отан ! Б?рінен биік екен. Мен оны м??гілікке с?йіп ?тем. 15- о?ушы: Тауды к?рсе? к?н к?зімен талас?ан  Аспан к?рсе? ай мен к?нге жол аш?ан . Мені? байта? Республикам таулары , Мені? к?гім м?лдіреген сол аспан. 16- о?ушы : Дала к?рсе? к?к желекпен ?штас?ан . К?лді к?рсе? секілді бір т?нгі аспан . Мені? байта? Республикам даласы , Мені? к?лім те?ізбен ?ол ?штас?ан . 17-о?ушы : Республика ! Ерікті ел – ?аза?стан ! Келді а?ыры к?п к?ткен жаз алыстан  Келді алыстан а?сатып , армандатып, Торды б?з?ан мен де бір арыстан . деп жырла?ан -дай т?уелсіздігіміз бізге о?айлы?пен келген жо? .Сонды?тан осы т?уелсіздігімізді ?адірлей білейік. ?н: Ту?ан жер .

Просмотр содержимого документа
«"Біз т?ратын ел" ашы? т?рбие са?аты»

Тақырыбы: «Біз тұратын ел»

Мақсаты : Оқушыларды туған жерін , елін , Отанын сүюге , қазақ елінің ұлттық нышандарын қастерлеуге, жерін, оның табиғаты мен байлық қазынасын қорғауға тәрбиелеу;

Оқушыларды өз елін , жерін қорғап оны ойлай білетін ұлтжанды , патриот сезімі ұялаған , өз ойын айқын, көркем жеткізе алатын толыққанды жеке тұлға етіп тәрбиелеу.

Көрнекілігі :Қазақстан рәміздері, Қазақстан картасы, қанатты сөздер, мақал – мәтелдер.


Сабақ барысы :


1. Ұйымдастыру кезеңі .

2. Мұғалім: Отан дегеніміз - әр адамның туып өскен жері , туған- туыстарымен , жақындарымен бірге тұратын атамекені .

«Отансыз адам – қанатсыз құспен тең» демекші ,әр адамның Отаны өзі үшін ыстық.Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны – Қазақстан тәуелсіз Республикасы.1992 жылы Қазақстан Республикасының нышандары бекітілді .Қазақстан тәуелсіздік алған күннен бастап өркениет өріне қарай қарышты қадам басып келеді . Елбасы Н. Назарбаевтың сыңдарлы саясатымен әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру жолында игілікті істер , ауқымды шаралар жүзеге асып жатыр . Біздің елдігіміздің белгісі болып саналатын – ұлттық нышандарымызды тұмардай танып, қадірлеп, қастерлеуіміз керек . Еліміздің ертеңі, болшағы - сендердің қолдарыңызда. сондықтан білімді , тәрбиелі , іскер , талапты бола отырып, еліміздің өркендеуіне өз үлесімізді қосайық :

1- оқушы : Ендеше қазақстан Республикасы :

Туымен тұғырлы ,

Елтаңбасымен елеулі ,

Әнұранымен айбатты .

2- оқушы : Құлақ түрем елімнің тынысына ,

Мақтанам, қуанамын табысына ,

Елбасы мен халқымыз аман болса ,

Айналар Орта Азия « Барысына»


Мұғалім : Барыс – биік тауларды мекендейтін , өзінің балалығымен , тектілігімен , мәрттілігімен бағаланған аң .

Елбасымыз барыс атауын текке қолданбаса керек .

Қазақстанды орта Азия барысына айналдыру үшін жасалған Елбасымыздың « Қазақстан – 2030 » стратегиялық бағдарламасы бұл күнде құс қанаты талатын кең байтақ өлкемізді шарлап кетті .

Елбасының жолдауы – егемендіктің кілтін ұстап жастардың жарқын болашағына апарар алтын сүрлеу.


3- оқушы : Біз намыскер- қазақ елі ұланымыз ,

Қорғайтын жерді оттан қыранымыз .

«Талап , Еңбек Терең ой , Қанағат , Рақым» деп Абай атамыз айтқан ұланымыз.


4- оқушы : Өзіңдікі елің де ,

Өзіңдікі жеріңде.

Өзіңді өзің еткен бақ-

Тәуелсіздік төрінде .


5- оқушы :Өзіңдікі туың да ,

От пен ауа суың да .

Жаса , Қазақстаным.

Белді бекем буын да .


6- оқушы :Асқар тау да сенікі , 

Бақша бау да сенікі .

Қалтқысыз дос пенен

Қатал жау да сенікі .


7- оқушы: Елімнің аты , жерімнің аты –

Өзіңмен биік, Республикам !

Жақсының аты , ғалымның хаты 

Өзіңмен биік Республикам!


8- оқушы: Білімді ұрпақ , білікті маман ,

Беделің сенің Республикам !

Болатын балаң , ары сау адам –

Мерейің сенің , Республикам!


9- оқушы :Бәсеке деген оңай сын емес,

Ұшпасын бағың , Республикам!

Қазақтың атын , қазақтың затын –

Тұмар ғып тағын , Республикам!


10- оқушы : Қазақстан ! Туды алтын дәуірің ,

Алғандайсың жұлдыздардың жарығын.

Ұзақ болсын гүлденген бұл ғұмырың,

Тәуелсіздік құтты болсын айбыным ! 


11- оқушы: Әуелі Отан – Ана алды , оттың басы ,

Ауыл алды аунаған шөптің қасы,

Сағынғанда тым ыстық көрінеді 

Жаста ойнаған үйшік қып сайдың тасы 

Ән: «Елім менің».


12- оқушы: Мен өзімнің Қазақстандай елде туылып , осындай елде өсіп келе жатқанымды мақтан етемін . Жарқын болашақ күтіп тұрған менің елімде терең білім алып, Отаныма адал қызмет етіп, елімнің дамуы мен өркендеуіне өз үлесімді қоссам деймін.


13- оқушы:Отан дейміз от жаққан жерімізді ,

Отан дейміз өсірген елімізді .

Отан дейміз туған жер , атамекен,

Биік тау , орман , тоғай ,көлімізді .


14- оқушы:Отан , Отан !

Бәрінен биік екен.

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.


15- оқушы: Тауды көрсең күн көзімен таласқан 

Аспан көрсең ай мен күнге жол ашқан .

Менің байтақ Республикам таулары ,

Менің көгім мөлдіреген сол аспан.


16- оқушы : Дала көрсең көк желекпен ұштасқан .

Көлді көрсең секілді бір түнгі аспан .

Менің байтақ Республикам даласы ,

Менің көлім теңізбен қол ұштасқан .


17-оқушы : Республика ! Ерікті ел – Қазақстан !

Келді ақыры көп күткен жаз алыстан 

Келді алыстан аңсатып , армандатып,

Торды бұзған мен де бір арыстан . деп жырлаған -дай тәуелсіздігіміз бізге оңайлықпен келген жоқ .Сондықтан осы тәуелсіздігімізді қадірлей білейік.

Ән: Туған жер .