СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Бізді қоршаған әлем 1 сынып Дүниетану

Нажмите, чтобы узнать подробности

 Сабақтың өту барысы, оқушыға қойылған мақсаты, талаптары,оқушының жас ерекшелігіне, тиімділігіне сай алынған.Сабақ өткен сабақпен байланыстырылған, сұрақтар қою әдісін қолдану арқылы өткізілді.                                                                                                                                         Оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында «дамыта оқыту,ақпараттық технология, сын тұрғысынан ойлау» әдісі таңдалған.Бұл бөлімде оқушылардың білім деңгейін анықтау көзделген.    Жаңа материалды ашу бөлімінде сызбаларды ұтымды пайдаланылды. Сызба арқылы оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық танымдық белсенділігін арттырды деп ойлаймын. Бұл әдіс оқушылардың жаңа материалды тиімді меңгеруіне мүмкіндік туғызды деп есептеймін. 

Просмотр содержимого документа
«Бізді қоршаған әлем 1 сынып Дүниетану»

Оқу ісінің меңгерушісі: Муздубаева Д.К.

Күні: 15 .03.2018 Сынып:1 Г

Қатысқандар саны: 19 Қатыспағандар саны:1

Сабақтың тақырыбы

Мен не үйрендім? «Бізді қоршаған әлем» тақырыбы бойынша

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.5 Мәтін бойынша сұрақ қоя білу және жауап бере білу

3.6 Түрлі жанрда шығармашылық мәтін жазу

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.

Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.

Жетістік критерийлері

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Музыка, дүниетану , әдебиеттік оқу сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік

Тау-горы

Сабақтың түрі

Қайталау – пысықтау сабағы

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

1 минут

Балалар бір-бірімізге сәттілік тілейік. «Сәттілік!!!»


Шаттық шебері


Сабақтың ортасы

3 минут






1 минут










5 минут







1 минут


3 минут



1 минут


3 минут


2 минут



5 минут

– Балалар, ребусты шешкенде бүгінгі сабақтың тақырыбын білесіңдер.

Шешуі: «Бізді қоршаған әлем»


Балалар, Мұзафар Әлімбаев атамыз:
"Туған жерді сүю парыз,
Сүю үшін білу-парыз,
Қасиетін ұғу-парыз
Күзетінде тұру- парыз- деп айтқандай кең байтақ еліміз жайлы, бізді қоршаған әлем туралы білуіміз керек.

- Бізді қоршаған әлемге не жатады деп ойлайсың?

Тау, тас, өзен, көл, жер, өсімдіктер.....


Қазір қоршаған әлем туралы Нұтфолла Әлімқұловтың өлеңімен танысамыз.

№1.1 Өлеңді мұғалімнің таныстыруы; Оқушылар өлеңді мәнерлеп оқиды.

Биік таулар,

Жапан дала,

Гүл жазира, көл, теңіз.

Әдемі ғой қашанда

Біздің туған өлкеміз.


№1.2. Оқушылар өлеңді мәнерлеп оқиды.


№1.3. –Не? Нелер? сұрағына жауап беретін сөздерді ата.

Таулар, дала, гүл, теңіз, көл, өлке.


№1.4.Осы сөздерді жатқа жазу. Жұптық тексеру.


№1.5.Сөздерді ауызша буынға бөлу.


№1.6. Дыбыстық талдау

Гүл сөзіне дыбыстық талдау жасату

Өлке

№1.6. Өзің тұрған жердің табиғаты туралы әңгімеле.

№2 Толықтыр. Топтық жұмыс жүргізу. Оқушылар өз білгендерінше жазады.

Көлдер: Каспий, Балқаш, Арал, Алакөл, Зайсан, Теңіз, Сасықкөл, Сілетітеңіз.

Өзендер: Ертіс ,Есіл ,Жайық ,Сырдария ,Тобыл, Іле ,Шу.

Таулар: Сарыарқа , Мұғалжар, Маңғыстау, Алтай, Түрген шатқалы, Тянь-шань және Хан-Тәңірі, Жоңғар Алатауы

Табиғатты қорғау ережесін жазу: (оқушылар ереже жазады)

1. Ластамау, қоқыс тастамау.

2. Табиғатты қорғау заңына бағыну


Таныстырылым







Оқулықпен жұмыс

Аяқталуы

6 минут




№3.1. Ертегіні мұғалім таныстырады.

№3.2. Іштей оқу.

№3.3. Мәнерлеп оқу.

№3.4. Тізбектей оқу.

№4 Бала алғысын қандай сөзбен білдірді?



Оқулық

Сергіту сәті

3 минут

Ескендір Хасанғалиев «Атамекен» әнін караокемен шырқайды.

Сергіту сәтіне арналған әуен

Қызықты тапсырма

7 минут

Бала алғысын қандай сөзбен білдіреді деп ойлайсың? Рақмет

Эссе жазу: Алғыс деген не?



Сабақтың соңы

1 минут


Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ салынған суреттер арқылы бағалау.


Бас бармақтар

Үйге тапсырма беру

119- беттегі ертегіні мазмұндау


Өзіндік талдау


Сабақтың тақырыбы: Мен не үйрендім? «Бізді қоршаған әлем» тақырыбы бойынша

Мақсатым: 2.5 Мәтін бойынша сұрақ қоя білу және жауап бере білу

3.6 Түрлі жанрда шығармашылық мәтін жазу

Жетістік критерийлері: Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Пәнаралық байланыс: Музыка, дүниетану , әдебиеттік оқу сабағы

Сабақтың түрі: Қайталау – пысықтау сабағы


1. Оқушылар сабақтың тақырыбын ашу мақсатында ребус шешті.

2. Нұтфолла Әлімқұловтың өлеңімен танысу арқылы мәнерлеп оқу, кезектесіп оқу түрлерін көрсетті.

3. Не? Нелер? сұрағына жауап беретін сөздерді тапты, сол сөздерді жаттап , еске сақтау диктантын жазды. 4.Жұптық тексерістен соң, сөздерді буынға бөлді.

5. Дыбыстық талдау жасалды.

6. Топтық жұмыс жүргізіліп, қазақстан жеріндегі көлдер, өзендер, таулар және табиғатты қорғау ережесін жасады.

7. Ертегі таныстырылып, іштей, мәнерлеп оқу, тізбектеліп оқу түрлері жүргізілді.

8. Сергіту сәтінде Ескендір Хасанғалиев «Атамекен» әнін караокемен шырқады.

9. «Алғыс деген не?» тақырыбында эссе жазды.

10. Рефлексия жасалып, бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ салынған суреттер арқылы көрсетті.

11. Үйге тапсырма берілді.



Сабақ мақсатына жетті, себебі, қойылған мақсат орындалды, тақырыпты оқушылар түсіні, тапсырмаларды қатесіз орындады.


1 «Г» сынып жетекшісі: Рахатқызы Сауле


































Сабақтан үзінді