Тақырыбы: Біздер тату халықпыз!
Мақсаты: 1- мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні екенін оқушыларға жеткізу; Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға өзге ұлт – өкілдерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Мұғалім: Құрметті ұстаздар мен оқушылар, сіздердің назарларыңызға Халықтар ынтымақтастығы күніне арналған “Біздер тату халықпыз” тақырыбындағы оқушылар жиынымызды бастаймыз. Бүгінгі мерекемізде біз ұлт өкілдерінің басын қосып отырмыз. Әрине, қазіргі таңда елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады. 1995 жылы ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл – ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.
Әнұраным – жан ұраным,
Айтар әнім – сөйлер сөзім,
Туған жерім – сағынарым,
Мәңгі бақи шырқалады
Республика әнұраны.
(ҚР мемлекеттік Гимні орындалады)
жүргізуші: Бұл күн - әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, адамзаттық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі. Бұл күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді. Еліміздің басты қорғаушы күші – қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді сақтау – Қазақ елінің алдында тұрған басты міндет. Баршаңызды 1 мамыр – Халықтар бірлігі мен ынтымақтастығы мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Ақ қара деп алдымен,
Елім бөлмес адамды,
Дәстүр, өнер, салтымен
Таңқалдырған ғаламды.
Әр сынып белгілі бір ұлт өкілдерінің салт – дәстүрін көрсетеді.
Және өздері дайындап келген билерін ортаға ұсынады.
Жүргізуші:
Жырласа қазақ, түркімен,
Молдаван,тәжік үн қосқан.
Дос жүректер біріккен,
Мейірлері жарасқан.
Жүргізуші:
Тыңда, тыңда, тыңда мені,
Ұлы жұртым орыс халқым.
Сен тербетіп өсіргенсің,
Сенің даңқын, менің даңқым.
Жүргізуші:
Кім сүймейді ет жақынын, туысқанын,
Украина туысымның бірісің.
Тұрды биік туымыздай бұл достық,
Ел басына төнгенде де ұлы сын.
Жүргізуші:
Оқушы: Қадірменді бір досымыз- өзбегім,
Қалтқысы жоқ демің бейне өз демім.
Өз сөзімдей жаңға жайлы сөздерің,
Өз көзімдей күлімдейді көздерің.
Дәм тұзымыз араласпыз әріден,
Дастарқандар жайылады сәнімен.
Палауыңмен бесбармағым сыбайлас,
Кезек жейміз алма, өрік дәміңнен.
Түрік биі.
Өзбек халқы.
Жүргізуші:
Қазақ, қырғыз бір сананың егізі,
Екі жұрттың бірге екен негізі.
Қазақ озса – ол қырғыздың мерейі,
Қырғыз озса- ол қазақтың жеңісі.
Қазақ- қырғыз туыссыңдар , доссыңдар,
Бір тамырдан сендер өскен қос шынар.
Дос туыстар көп болса да дүниеде,
Нақ сендердей нағыз туыс жоқ шығар.
Жүргізуші:
Онша үлкен болмаса көлемі
Әжірбайжан, Әзірбайжан ағайын,
Тағы сені құшып сүйгім келеді.
Ағайын-туған – бар адам,
Адалдық үшін жаралған.
Бар қымбат туыстық,
Баянды болсын тыныштық! – дей келе бүгінгі оқушылар жиынын аяқтаймыз. Келесі кездескенше сау болыңыздар.
Жамбыл бастауыш мектебі

(оқушылар жиыны)
Өткізген: Тастурганова Р.Ж.
2014-2015 оқу жылы
Өткізген сабаққа сараптама.
Тақырыбы: Біздер тату халықпыз!
Мақсаты: 1- мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні екенін оқушыларға жеткізу; ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға, өзге ұлт – өкілдерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Оқушылар жиынын ән ұранмен бастадық. Жиын барысында Қазақстан көп ұлтты мемлекет екендігі туралы айтылып кетті. Бұл күн - әрбір Қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, адамзаттық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі екені түсіндірілді. Қазіргі таңда елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тұратындығы, 1995 жылы ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылғандығы жайында және бұл – ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым екендігін айтып түсіндірілді.
Барлық ұлт-өкілдерді 1 мамыр – Халықтар бірлігі мен ынтымақтастығы мерекесімен шын жүректен құттықтап өттік.
Халықтар бірлігі мен ынтымақтастығы мерекесіне арналған көріністерін көрсетті. Осы жиында әр сынып болып белгілі бір ұлттардың салт-дәстүрлерін көрсетті. Онда орыс, қазақ, молдаван, украин, түрік, қырғыз өзбек халықтары қатысты. Сыныппен бірлесе отырып дайындаған көріністерін қөрсетті. Соңынан өздері бөлінген ұлт бойынша билерін билеп оқушыларды, мұғалімдерді таң қалдырды.
Өткізілген оқушылар жиыны жақсы өтті. Барлық сынып белсенді қатысты.