_____________________________________ колледжі
«Келісемін» «Бекітемін»
Колледж әдіскері Директордың оқу-ісі
_____________ жөніндегі орынбасары:
________________ _____________________
Лабораториялық – практикалық сабақтың технологиялық картасы (жоспары) № 6
Пән атауы: Экономикалық информатика және ақпараттық технологиялар
Сабақтың тақырыбы: Блокнот қосымшасында Web – беттер құру
Уақыты: 2 сағат Топ:_______ Күні:_________
Сабақтың түрі: Жаттықтыру сабағы
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, үйрету
Сабақтың мақсаттары:
1.Оқулық: Windows – тың стандартты қосымшалары Web - беттер туралы мәліметтер
беру
2 .Дамытушылық: Студенттердің есте сақтау қабілетін дамытып, сонымен қатар
Web – беттермен жұмыс барысындағы ойын қалыптастыру
3.Тәрбиелік: Студенттерді адамгершілікке, ұқыптылыққа, жан - жақтылыққа
тәрбиелеу
Пәнаралық байланыс: Математика, Физика, Ағылшын тілі
Пәнішілік байланыс: Операциялық жүйелер және бағдарламалық қамсыздандыру
Игерілетін білімдер: Блокнот қосымшасының мүмкіндіктерін игеру
Сабақ өтетін орын: № ___ дәрісхана
Сабақтың ұйымдастырылу түрі: Жекелей, топпен
Көрнекі құралдар: Дербес компьютер, Блокнот терезесі
Үлестірілетін материал: Карточкалар, тапсырмалар
Оқытудың техникалық құралдары: Дербес компьютер
Негізгі әдебиет: Е.Қ. Балапанов «Инф-н 30 сабақ» 105-109 бет
Қосымша әдебиет: Д. Ғабдуллаев «ДК бағдарламалық жасақтамасы» 32-33 бет
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 4 мин 1. Студенттермен сәлемдесу
2. Дәрісхананың сабаққа дайындығын тексеру
3. Ақпар бойынша тексеру
ІІ. Техника қауіпсіздігі: 3 - мин Техника қауіпсіздігі ережесін еске салу.
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 10 – мин
Windows жүйесіндегі қандай стандартты бағдарламаларды білесіздер?
Осыған дейін қандай бағдарламалармен таныс болды?
Стандартты бағдарламалар не үшін қызмет етеді?
Калькуляторды пайдаланудың жолдары
Сағатты бейнелеу тәсілдері
Блокнотты қала және не үшін қолданады?
ІV. Студенттерге білім қажеттігін уағыздау: 3 – мин. Windows жүйесінің стандартты бағдарламаларының бірі блокнот қосымшасында сайт беттерін құру. Сонымен қатар, блокнот бағдарламасының мүмкіндіктерін игеру.
Жұмыстың орындалу жоспарын және оның мақсаттарын баяндау : 3 – мин.
Дербес компьютерді іске қосу.
Берілген тапсырманы орындау.
Шешімді оқытушыға тексерту
Дербес компьютерді өшіру.
V. Жұмыстың орындалу реті:
1. Тапсырманың шартымен танысу. 2. Берілген тапсырманы талдау 3. Тапсырманы шешу.
VІ. Студенттердің өз беттерінше орындайтын жұмыстары: 45 мин.
Нұсқау – технологиялық карта бойынша тапсырманы орындау
VІI. Оқушылардың теориялық материал бойынша білімдерін тексеру:15 – мин.
Windows жүйесіндегі қандай стандартты бағдарламаларды білесіздер?
Блокнот дегеніміз не?
Тэг дегеніміз не?
Бетті сақтаудың дұрыстығын анықта.
VІІІ. Сабақты қорытындылау:5-мин. Сабақты қорытындылау барысында сабаққа белсене қатысқан студенттерді мадақтап, қалыс қалып отырған студенттерге ескертпелер беру арқылы білімдерін бағалау.
ІХ. Үйге тапсырма: 2 мин. В.Яворский «ОЖ» 11-23
Қосымша әдебиет: Д. Ғабдуллаев «ДК бағдарламалық жасақтамасы» 32-33 бет
Оқытушы: ___________________