СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Болашаққа көзқарас

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жаңа формациядағы жаңа ұстазды қалыптастыру

Просмотр содержимого документа
«Болашаққа көзқарас»

Болашаққа көзқарас


Болашақта ұлттың табысты болуы адамдардың бәсекеге қабілеттілігімен айқындалады, сондықтан жаһандану заманына сай жас ұрпақты тәрбиелеу үшін тәлімгері білікті де білгір, жан- жақты болуы керек. Қазіргі таңда білім мен ғылымды дамыту бағытында көптеген жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұған себеп болған, әрине, ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге толы, яғни білімді, көзі ашық, көкірегі ояу, әрқашан алға ұмтылатын түлектерді мектеп кемесінен сан қырлы қиыр- қиыр жолдары бар өмірге аттандыру, жаһандану кезеңінде болашақты терең түсінетін қоғамымызға ауадай қажет жеткіншектерді дайындау. Осыған орай ұстаз міндеті өзінің жаңартылған бағдарлама бойынша жинаған білімін шәкірттеріне толық түрде жеткізе білуінің маңыздылығы.

Н.Ә. Назарбаевтың: «Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс– біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек» деп «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында жазғаны мұғалімге берген нақты бағыты деп түсінміз. Неге десеңіз, біздің ұстанымымыз, көзқарасымыз, қабылдаған шешіміміз бен іс- әрекетіміз- оқушыларымыздың болашаққа деген ұстанымы, көзқарасы, шешімі мен іс- әрекеті. Ішкі ұмтылыс– дамуымыздың ең басты қағидасы деп түсінетін болсақ, ұстаздар қауымының табысты болуы шарт, ал табысты мұғалімдернің өз қасиеттері бар. Бұл олардың кәсіби түсінігі, әдіс- тәсілдерді білуі, идеяларды түсіндіруі, оқушы жоғары деңгейге қол жеткізуге ұмтылатындай қолайлы орта қалыптастыра отырып ынталандыруы, кәсіби адамгершілігінің біртұтастығы.

Жаңартылған бағдарлама мазмұны бойынша өткізілген курстарда берген көп әдіс- тәсілдер туралы мәлімет алып қана қоймай, оларды өзімізге сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануымыз керек, сонда ғана білім беру мәселесі сол қоғам мүддесіне сай болады. Мұғалім оң нәтижеге жету жолында ізденеді, әлемде білім көшінің алдында тұрған елдердің білім жүйесімен танысады. Міне, осы кезде ең пайдалысы– жаңартылған білім саласы. Ол кез- келген күрмеулі істерді, пікірлерді, ойларды шешудің кілті болып табылады, өйткені ұстаз деңгейі өте жоғары болғанда ғана, кез-келген сұраққа жауап таба алады. Курстарда жүріп алынған білім мұғалімді де, оқушыны да шығармашылық ізденіске түсіреді. Ізденіске түскен тұлға сыни ойлайды, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдайды, өзіндік тұжырым жасайды, өз пікірін қорғайды десек, кәсіби толысқан мұғалім ғана жетістікке жетпек, табысқа кенелмек. 

Қазіргі білім беру саласы қызметкерлерінің алдында тұрған басты мақсаты– жаңа формацияның жаңа ұстазын қалыптастыру болғандықтан осындай курстар жиі болса дер едік.