Просмотр содержимого документа
«Боленова Аяулым Думановна»
Жақия Шайжүнісов атындағы электронды колледж
Дәріс № 3
Пән: Математикалық теория негіздері мен әдістері
Курс тақырыбы: Арифметикалық ұғымдар және оларды оқыту әдістемесі
Сабақ тақырыбы: Кестелік қосу және азайту
Кестелік қосу және азайту — берілген бірнеше санның қосындысы анықталатын арифметикалық амал. a және b сандарын қосу нәтижесінде a мен b сандарының (яғни қосылғыштарының) қосындысы деп аталатын x саны пайда болады. Қосу амалы орындалған өрнек былайша жазылады: {\displaystyle ~x=a+b,}
{\displaystyle ~a}
— қосылғыш, {\displaystyle ~b}
— қосылғыш, {\displaystyle ~x}
— қосынды. Қосу амалының нәтижесі ({\displaystyle ~x}
) — қосынды деп аталады. Қосу амалына барлық сан аймағында (облысында) шектеу жоқ, бір мәнді орындалады.
Кез келген {\displaystyle ~a,b} және{\displaystyle ~c} сандары үшін сәйкес аймақтарда (облыстарда) қосу амалының заңдылықтары тура:
Ауыстырымдылық пен терімділік заңдары қосылғыштардың реттілігі қосындыға әсер етпейтіндігін дәлелдейді.
Қосу амалын "{\displaystyle ~+}
" ("плюс") таңбасымен белгілеуді 1489 жылы чех математигі Ян Видман (1460 — XVI ғ.) ұсынған.
Кестелік қосу және азайту. Қосу мен азайтудың ауызша тәсілі
Мақсаты: оқылған материалды қайталау және кестелік және ауызша қосумен азайту білімдері мен дағдыларын толықтырады.
Пәндік нәтиже: Оқушылар қосу мен азайтудың ауызша тәсілін қолдануға байланысты білімдері мен дағдыларын қайталап, жеке қиындықтарын анықтайды.
Сабақ барысы
Білімдерін белсендіру және оқу іс-әрекетіндегі қиындықтарды анықтау.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Ауызша есептеуге математикалық диктантты енгізуге болады, онда қосу мен азайтудың кестелік жағдайлары қамтылатын 20-ға дейінгі сандар қарастырылады. Осы сандарды қосумен азайтудың өзі оқушыларға қиындықтар тудырады.
Азайғыш 18, азайтқыш 9. Айырым тең ...
Бірінші қосылғыш 8, екіншісі 5. Қосынды...
7-ні 9-ға қосу.
13 саны 6-дан нешеге артық?
7 мен 6 сандарының қосындысын табыңдар.
30 бен 90 сандарының қосындысын табыңдар.
120-дан 60-ты азайтыңдар.
40 пен 80 сандарының қосындысын табыңдар.
8-ді 7-ге қосыңдар. Осыған ұқсас есеп құрастырыңдар.
16-дан 9-ды азайт. Осыған ұқсас есеп құрастырыңдар.
29-ды 11-ге қосыңдар. Осыған ұқсас есеп құрастырыңдар.
Ауызша қосу мен азайтудың оқушыларға қиындықтар тудыратынын ескеріп, төмендегідей түрдегі тапсырмаларды жиі орындауды ұсынуға болады.
18+6 | 12+35 | 410-20 |
38+7 | 45-22 | 740-90 |
59+6 | 98-65 | 180+60 |
72-5 | 67-23 | 480+90 |
Жекелей туындаған қиындықты оқшаулау.
Азайту мен қосу тәсілін игермеген оқушы сандарға амалдар қолдана алмайды.
Оқытушы: Боленова А.Д.