Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгендеу. Психологиялық ахуал туғызу. Өлеңді хормен мәнерлеп оқу. Қайталау кезеңі. 1.Реттік сан есім | | Заттың жинақталған санын білдіріп, нешеу? деген сұраққа жауап береді. | 2.Жинақтық сан есім | Заттың нақтылы санын білдіріп, қанша? неше? деген сұраққа жауап береді. | 3.Топтық сан есім | Заттың саналу ретін (қатарын) білдіріп, нешінші? деген сұраққа жауап береді. | 4.Есептік сан есім | Заттың санын жекелеп емес, топтап көрсетеді де, нешеден? Қаншадан? деген сұраққа жауап береді. | Үй тапсырмасын тексеру. 118-жаттығу. Сөйлемдерді оқып, сан есімдерді мағыналық түрлеріне, жасалу жолына қарай ажыратыңдар. Үй тапсырмасын бекіту. Тест тапсырмасы. 1.Сан есімнің мағыналық түрлері нешеу? а) 2 ә) 5 с) 6 д) 4 2.Сан есімдер жасалуына 2-ге бөлінеді.Оларды ата? А) дара, күрделі ә) негізгі, туынды с) қосарлы, тіркесті д) негізгі, күрделі 3.Сөйлемнен сан есімнің мағыналық түрін ажырат. Біздің сыныпта жиырма бес оқушы бар. а) реттік сан есім ә) жинақтық сан есім с) есептік сан есім д) топтық сан есім 4. Қай сөзде дефис дұрыс қойылған? а) 5-сынып; ә) 2008-жыл; с) ХХІ-ғасыр; д) 8-наурыз. 5. Мақал ішіндегі сан есімнің мағыналық түрін ата? Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар. а) жинақтық сан есім ә) болжалдық сан есім с) есептік сан есім д) топтық сан есім 6.Сан есімнің қызметін табыңдар Бес бала келді. а) бастауыш; ә) толықтауыш; с) анықтауыш; д) пысықтауыш; 7.Қай қатардағы сан есімдер арасына дефис қойылмайды? а) он оннан; ә) отыз қырықтарды; с) екеу үшеу; д) төрт мыңға жуық. Жауаптар: 1.с 2.ә 3.с 4.а 5.д 6.с 7.д А – жаттығуды орындайды, тест тапсырмасын істейді. В – жаттығу мен тест тапсырмасындағы сан есімнің мағыналық түрлерін ажыратады, салыстырады. С – барлық тапсырмаларда белсенділік танытады. Сергіту сәті: Сан есімдері бар мақал-мәтелдер айтқызу. |