Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в среней группе
Өткізу күні / Дата проведения: 23.01.2018
Тәрбиеші / Воспитатель :
Білім беру саласы / Образовательная область: Шығармашылық
Пән / Предмет: Сурет салу
Өтпелі тақырып /Сквозная тема: Қыстайтын құстар.
Тақырыбы / Тема: "Бозторғай"
Мақсаттары / Цели :
1. Тәрбиелік – воспитательная : Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Балаларды құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
2.Дамытушылық – развивающая : құстың бөлшектерін дайындап, бөлшектерді бір-бірімен біріктіре алуды үйрету; құстар туралы білімдерін дамыту; саусақ икемділіктерін арттыру. Тілдерін дамыту
3. Оқыту – обучающая : Балаларға құстардың түрлері жайлы білімдерін бекіту,олардың тіршілігі туралы түсініктерін кеңейту
Педагогикалық технологиялар / пед. технологии: денсаулық сақтау технологиясы, ойын әдісі, құстар туралы видео ролик, сұрақ – жауап, әңгімелеу.
Ресурстармен қамтамасыз ету / Ресурсные обеспечение : суреттер, гуащ, қылқалам, шпатель ойындары.
Билингвалдық компонент : әдемі- красивый, торғай – воробей,бозторғай-снигирь, қанат – крыло, құшақтасу күні-день обятия
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1. Ұйымдастырушылық кезеңі
Мотивациялық қозғаушылық
Шаттық шеңбері.
Біз бақшаға ризамыз,
Апайларға ризамыз.
Асыр салып ойнаймыз,
Өмірге де ризамыз!
(Г.Бектұрова)
Балалар шеңбер құрып тұрады. Өлеңді қайталайды.
Тосын сәт: Қонаққа қарға келеді. балалармен амандасады.Балалардан көмек сұрайды.
Қарға: Балалар маған сендердің көмектерің керек,менің досым бозторғай Астана қаласына кетіп еді, енді мен досымды сағынып жүрмін.Суретін салып бересіздер ме?
Тәрбиеші: қарға сен төрлет, біздің балалар саған міндетті түрде көмектеседі.балалар қарғаға көмектесуге қуана келіседі.
2. Негізгі бөлім
(бозторғайдың дауысын қосу)
Балаларға тақпақ оқу:
Торғай, торғай, тоқылдақ,
Жерден тары шоқып ап,
Бөтегесі бұлтиып,
Шық-шық етіп отырмақ.
Слайд көрсету.
-Балалар, құстың дене құрылысына сипаттама беріңдерші.Балалар суретке қарап бозторғайды сипаттайды.
-Ол қалай қоректенеді?Балалардың жауабы.
Дидактикалық ойын:«Не қалай дыбыстайды?»
Теледидардан әртүрлі құстардың суретін көрсетіп, дауысын тыңдату..
Қыстап қалатын құстар туралы білімдерін еске түсіру. бозторғай туралы мәлімет беру.
балалар мұқият тындайды, сұрақтарға жауап береді.
-Басы, тұмсығы, екі қанаты, денесі, құйрығы, екі көзі мен аяқтары бар.
-Ол түрлі дәндерді, жәндіктерді жейді.
Қандай дыбыс шығатындарын айтады.
Қайталайды.
Торғай шырылдайды. Көгершін гуілдейді. Қаз қаңқылдайды. Қарға қарқылдайды.
Оның дене құрылысына талдау жасау.
Қалай тіршілік ететіндігін әңгімелеу.
Бозторғай – кең далада тіршілік ететін әнші құс. Денесі сопақша, басы дөңгелек, тұмсығы үшбұрышты, қанаты ұзын, сұрғылт, боз түсті болып келеді.
-Айтыңдаршы, балалар, қыстап қалатын құстар ұйқыға кете ме?
-Құстар қысқы суыққа төзе ме?
-Балалар қалай ойлайсыңдар, құстарға ең қиыны аштық па, әлде суық па?
-Иә, құстарға ең қиыны суық емес, аштық.
-Құста сүт бола ма?
-Кім қалай ойлайды?
-Жыртқыш құстар бола ма?
-Қандай жыртқыш құстарды білесіңдер?
(қыран, бүркіт, үкі)
-Құстарда құлақ бола ма?
(құстардың құлағы бар, олардың есту қабілеті жақсы жетілген. Құстардың кеңістікте бағдарлай алуы, ұшқанда тепе-теңдікті ұстауы, есту қабілетіне байланысты)
-Құстар не істей алады?
-Олар ұшу үшін денесінің қай бөлігі көмектеседі?
-Қалай ойлайсыңдар, құстардың денесі ауыр ма, әлде жеңіл ме?
-Неліктен жеңіл?
-Қараңдаршы, балалар, мен мына ақ қағазды домалақтап, мыжып, жоғары лақтырамын. Ал, мына қағазды осы күйінде лақтырамыг. Не байқадыңдар?
-Неліктен, екі бірдей қағаз жерге әр түрлі түсті?
(мыжылмаған қағаздың беті жалпақ болғандықтан, бірден жерге түспей, ол ауада қалықтап ұшты)
Суреттермен жұмыс.
Үлестірмелі материалдарға назарларын аудару.
-Балалар, біз бүгін торғайды мүсіндесек қайтеді?
-торғайды мүсіндеп, суреттегі торғай қонып отырған ағаштың бір бұтағына орналастырамыз.
-алдымен денесін жасаймыз, ол үшін екі домалақ дайындап аламыз, үлкені –денесі, кішірегі –басы болады. Үлкен домалақты сопақша пішінге келтіріп, екі саусақпен қысып құйрығын шығарып, құйрығының ұшын жалпақтаймыз. Кішкентай домалақ бөлшек құстың тұмсығы болады, екіншісінің