СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Бұлақ көрсен көзін аш

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушылардың   қабілеттерін   бал жастан   бастап   бақылап,оның   ары  қарай   дамуына   ықпал  ету   жолдары   мұғалімнің жұмыс  жүйесінже   жүйелі   көрініс   табу  қажет

Просмотр содержимого документа
«Бұлақ көрсен көзін аш»

















Бұлақ көрсең, көзін аш



Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы,

30 орта жалпы білім беретін мектеп.

1 санатты химия пәнінің мұғалімі

Шамарова Бибігүл Еркінқызы




















Еліміз егемен ел қатарына қосылып, тәуелсіздік туын тіккелі өміріміз түбегейлі өзгермесе де, келешек ұрпақ үшін білім беру саласында көптеген өзгеріс, жаңалықтар жасалуда.

Сол егемен елдің ертеңі – қазіргі жас жеткіншек болса, тәуелсіздік алған еліміздің тәуелсіз әрі тегеуірінді қазақ балаларын қазіргі таңдағы бiлiмге бағыттау, білім мен ғылымға, шығармашылық дамуға, қоғамдық бастамалардың жаршысы болуға деген талпынысын дер кезінде қолдау жағдайы қандай?

Кез-келген мемлекеттің басты капиталы - білімді жастар. Демек, елінің көсегесі көгеріп, өзгелермен терезесі тең ұлт болуы үшін мемлекетке керегі де оның саналы ұрпағы.

«Адам ұрпағымен мың жасайды», - дейді дана халқымыз. Ұрпақ жалғасымен азамат баласы мың емес, милиондаған жылдар жасап келеді және ол әлі жалғастық емес, сәт сайын өзгеріп, өрлей дамыған саналы тірлік. Адамзат еншісіне ғана тиісті сол тіршілік дамуының бағбаны, жақсылыққа бастайтын жарық жұлдызы - оқу мен тәрбие.

Жайқала өсіп келе жатқан дәнге көңіл бөлмесең, өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымыздың шығармашылық білім дағдыларын шыңдамасақ, ол өспейді, өнбейді. Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет - талантты және дарынды оқушылардың талабын, қажеттілігін қанағаттандыру, одан әрі жетілдіру. Оқушылардың оқу үрдісіндегі танымдық қызығушылығын арттыру, танымдық жан қуаттарының оянуына түрткі болу – мектептегі негізгі мәселелердің бірі.

Тарихи деректерге сүйенер болсақ, «Бұлақ көрсең, көзiн аш» деген даналықты ескерген. жас ұрпақты қолдар азаматтар  қазақ елінде кем болған емес. Мысалы, жастайынан зиялы қауымның арасында болып, орыс, татар, неміс тілдерін меңгеріп, білім қадірін білген Жәңгір билікке қолы тиген кезден-ақ өз ордасында мектеп ашып, жастарға білім беруді мақсат етеді. Ыбырай Алтынсарин мен Құнанбай қажының да мектеп салдырғанын ел біледі. Алаш арыстары да өз қызметтерін халық санасын оятып, өзгемен теңестіретін тек білім екендігін түсіндірумен өтті. Демек, сапалы білім беру қай заманның, қай қоғамның болмасын, көкейтесті мәселесі болып келгендігі дәлелдеуді қажет етпейтін нәрсе, әсіресе қазіргідей білім мен ғылым қарыштап тұрған кезеңде маңызы күннен – күнге арта түсетін мәселе.

Әрине, баланың алғашқы ұстазы – ата-анасы. Өйткені адамды дүниеге келтіріп, өмір сүруге бейімдейтін, қоғамға сай талаптарға бағдарлайтын тәрбие орны – отбасы. Мұны оқығаны аз болса да тоқығаны мол бабаларымыз: «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» - деп бір-ақ сөзбен білдірген. Сондықтан баланың жеке ерекшелігін, қабілеті мен қызығушылығын алдымен ата-анасы анықтап, оны одан әрі жетілдіруге ықпал етіп, қолайлы орта, оң ахуал қалыптастыруы қажет.

Қазақ халқының түсінігінде бала - отбасындағы талапқа құштар. Ал үлкендер оларға қозғау салады, өз ақыл, білім, жан сүйсінер мінез-құлқымен, қысқасы бар болмыс – бейнесімен баласына үлгі болады. Бала тәрбиесіндегі жанұя ролінің қандай екендігін атам қазақ: «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің», «Әкеге қарап ұл өсер, анаға қарап қыз өсер», «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» - деген сияқты аталы сөздермен айқындаған. Сондықтан жанұя - адамды тәрбиелей отырып қабілетін шыңдайтын бесік, еңбек мектебі, ұрпақтар мектебі боп қала бермек.

Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші, оның ерекше талантын, дарынын анықтап, жетілдіретін, ұштайтын, сұранысын қанағаттандыратын адам – Мұғалім. Ендеше ұрпақ тәрбиелеуде өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.

Бала ұстазынан жылылықты сезбесе, өзінің қажеттілігін қанағаттандыра алатындай білім нәрімен сусындамай ер жетсе, оның бойына қандай ізгі қасиеттер қалыптаспақ, дарыны қалай шыңдалмақ? Ұстазының ықыласын көрмеген, таланты ашылмай, жабулы жатқан ұрпақ қаншама?

Осындайда «Мұғалімнің ұдайы жақсы оқитын балаларға ғана сүйсініп, ылғи соларды ғана оқытуы дұрыс емес»,- деген Мұхаңның сөзін еске алып, қынжыласың.

Ұстаз болудың өзі әр адамнан жеткілікті жігерді, мол білім, үлкен адамгершілікті, яғни сегіз қырлы, бір сырлы болуды талап етеді. Өйткені, ұстаз – бесіктегі баладан, еңкейген кәріге дейінгі бар адамдар, бүкіл зиялы қауым қастерлеп, үлкен құрмет, нәзік ілтипатпен атайтын аяулы атау.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: «Бұлақ көрсең, көзін аш» деп халық мәтелінде айтылғанындай «Ұстаз болған екенсің, ендеше осы қызметтің ауыр жүгін адал орындайтын азамат бол, шәкіртіңнің өсуі мен өрлеуіне, білім жолында өрісін кеңейтуіне зор мүмкіндік туғыз! Өйткені, әр бала- бір жұлдыз. Оның жұлдыздай жарқырап жануы да, сағымдай жоғалуы да сенің ғана қолыңда! » - дегім келеді.