Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары | 5.2.3.2 Түрлі материалдардан (тоқыма, табиғи және жасанды) қарапайым бұйым орындау; 5.2.3.4 Шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар дайындау үдерісінде қазақтың ұлттық мәдениет элементтерін пайдалану; 5.2.6.1 Материалдар мен құралдарды қауіпсіздік техникасын сақтап, қолданудың маңыздылығын сезіне отырып демонстрациялау |
Басталуы 0-5 мин | Оқушыларменсәлемдесу. Құндылықтардыескетүсіру. Оқушыларды жаңа тақырып пен оқу мақсаттарымен таныстыру. Бүгінгі сабақтағы іс-әрекеттерін атап шығу. «Үлгі бойынша орында» атты оқушылардың назарын аударуға арналған. Арнайы дайындалған тор көзді бланк қағазында күрделі өрнектің суретін аяқтау Үй тапсырмасын тексеру Дескрипторлар 1.Әйнек, бисер тарихы туралы біледі; 2.Бұйымды өруге құралдарды таңдауды біледі; 3.Бисерді моншақтан, стеклярустан ажыра алады. | Оқушылар амандасып ,бір-біріне сәттілік тілейді. Ойлану арқылы оқушылар қайталау сұрақтарына жауап береді | Қалыптастырушы бағалау: Бірін –бірі бағалау. | Оқулық, құрал-жабдықтар Түрлі-түсті стикерлер |
11-20 мин Ортасы 21-35 мин 36-85 мин | Бұйым өру. (МК)Бұйым үлгілерін, өру түрлерін,өру техникасындақолданылатын әртүрлі материалдарды (тоқыма, табиғи және жасанды) көрсету. Оқушыларды қазақтың сәндік-қолданбалы өнер туындыларымен (шымши, қамшы өру және т.б.) таныстыру. Алдыңғы сабақта оқушылар өру техникасында орындалатын бұйымның нобайы мен сұлбасын орындаған. Оқушылар осы сабақта қолданылатын материалдар мен қажетті құрал-жабдықтарды, өру техникасын,түстердің үйлесімділігін өзбетінше таңдайды. Тапсырманы бастамас бұрын техника қауіпсіздігі мен санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтауы үшін нұсқамалық жұмыстарын жүргізу. (Қ,Ө)Практикалық тапсырма № 1. Өру техникасында бұйым жасау. Өру техникасына қажетті материал ретінде газеттен жасалған түтікшелер, қалық жіптер, медициналық инфузиондық түтікшелер/система/ т.б. қолдануға болады. Ұлттық қолөнер түрі – шымши тоқу қолдануды ұсыну. Жұмыс барысында оқушыларды қолдап, көмектесіп, қажеттілігіне қарай өру тәсілдерін көрсету. Дифференциация: бұйымдағы қарапайым, орташа және күрделі өрнекті өру орындау ұсынылады. Орындалған жұмыстар мен оқушылардың іс-әрекеті бойынша кері байланыс пен ұсыныстар беру. Жұмыс орнын тазалау. | Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі Жауабын зерттеу дәптеріңе жазып, суретке түсіреді. Оқушылар бұл тапсырманы жұпта бағалайды. | Дискриптор Түрлі материалдардан (тоқыма, табиғи және жасанды) қарапайым ұйым орындайды. | Тоқу түрлерімен танысу http://infourok.ru/urok-vizanie-klass-740635.html Оқулықтың 41 - беті |