СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Бұхар жырау "Ей, Абылай, Абылай" толғауы

Категория: Литература

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың мақсаты көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтау,шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлерін талдай отырып, автор стиліне баға беру. Бағалау критериі 

1.«Ай,Абылай» өлеңінің мазмұнын біледі;

2.  Шығарма желісі бойынша  кейіпкер бейнесін ашады;

3. Шығармаға  компазициялық  талдау  жасайды;

4. Жырау қолданған сөз айшықтарына,өлең құрылысына талдау жасайды.

Просмотр содержимого документа
«Бұхар жырау "Ей, Абылай, Абылай" толғауы»

Келісілді

Директордың ОТІЖ орынбасары

_________ З.И.Абубакирова


Сабақ: Қазақ әдебиеті

Мектеп: ҚЗ «Бәйтерек» мектебі

Күні: 05.11.2019.

Мұғалімнің аты-жөні: Түменбай Ұ.Е.

Сынып: 9 «А»

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Бұқар жырау «Ай,Абылай, Абылай» толғауы


Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

9.1.3.1көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтау; 9.2.3.1 шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлерін талдай отырып, автор стиліне баға беру;

Сабақ мақсаттары/ бағалау критерии

Барлық оқушылар орындай алады:

Бұқар өмірі мен шығармаларын біледі,«Ай,Абылай»өлеңінің

мазмұнын біледі және кейіпкер жүйесін анықтайды.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

«Ай,Абылай»өлеңінің негізгі идеясын аша отырып,кейіпкер бейнесін ашуда өзіндік көзқарасын сыни тұрғыда жеткізеді.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Жырау қолданған сөз айшықтарына,өлең құрылысына талдау жасайды.

Бағалау критерийлері

1.«Ай,Абылай» өлеңінің мазмұнын біледі;

2. Шығарма желісі бойынша кейіпкер бейнесін ашады;

3. Шығармаға компазициялық талдау жасайды;

4. Жырау қолданған сөз айшықтарына,өлең құрылысына талдау жасайды.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады: Бұқар өмірі мен шығармаларын біледі,«Ай,Абылай»өлеңінің мазмұнын біледі және кейіпкерге мінездеме бере алады. «Ай,Абылай»өлеңінің негізгі идеясын аша отырып,жырау қолданған сөз айшықтарына,өлең құрылысына талдау жасайды.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Сюжет,эпитет,

теңеу,метафора.

Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Қабырғалы би-ықпалды ,күшті би

Парық-1)бір нәрсенің екінші нәрседен айырмасы,ерекшелігі;

2) бір нәрсенің қадір-қасиеті,мән-жайы,жай-жапсары;

3)белгілі бір істің байыбы,пайымы;

4)белгілі бір затқа тән баға,құн.

Парасаттылық-адамға тән байыптылық,байсалдылық.

Азғындық-теріс жолға түсіп,бұзылғандық.


Құндылықтар

Оқушыларды шыншылдыққа,адалдыққа тәрбиелеу .

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы

АКТ-ны қолдану дағдылары:

Бейнежазба

Алдыңғы оқу:

Жыраулар поэзиясы

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Дереккөздер

Басы


5 минут


Оқушылар«Қос шеңберге» тұрып бір-біріне жақсы көңіл-күй тілейді,осы әдіспен үй тапсырмасы сұралады және топқа бөлемін.

Үй тапсырмасы бойынша қойылатын сұрақтар:

-Бұхар жырау қай ханның тұсында өмір сүрген?

-Бұхар жыраудың толғауларының негізгі сарыны не?

-Бұхар жырау толғауынан үзіндіні жатқа оқу.

«Қос шеңбер»әдісі

Ортасы

25 минут









































-Бұқар жырау есімін атағанда не ойлайсың?

- Оның ақындығынан басқа тағы қай қырынан танисың?

Ал ,балалар,біздің бүгінгі тақырыбымыз не екен?

Сабақ тақырыбы бойынша сабақтың мақсаттарын оқушылармен бірге айқындаймыз.

1. Бұқар Қалқаманұлы «Ай,Абылай»

Бұқар жырау Қалқаманұлы –қазақтың ұлы жырауы, ХVІІІ ғасырда жоңғар басқыншыларына қарсы қазақтың азаттық соғысын бастаушысы әрі ұйымдастырушысы,атақты Абылай ханның ақылшысы.Сөйлегенде көмейі бүлкілдеп, аузынан тек өлең сөз төгілетіндіктен, «көмекей әулие»атанған.

Кезінде арғын руының қабырғалы,беделді билерінің бірі болған;өмірінің біраз шағын хан сарайының-Абылайдың маңында өткізіп,ел басқару ісіне белсене қатысқан.Ол Абылайдың ақылшысы,қателігін түзеп отырар данасы,ел мен ханды қосқан дәнекері болған.Бұқар жырау мұраларының ішінде өз заманын ,сол кездегі кейбір тарихи шындықтарды бейнелейтін толғау-жырлар мен шешендік нақыл сөздері аз емес.

2. «Абылай ханның арманы» спектаклінен үзінді көрсетіледі.

Сол үзінді бойынша үш топқа шығармашылық жұмыстар беріліп,оны постермен қорғайды.

1-топ «Ақындар» Не айтса да , көптің мұңы мен қамы.

2-топ «Әдебиетшілер»Бұқар –жырау,заман сыншысы, Абылай ханның ақылшысы.

3-топ «Зерттеушілер»Хан-ел басқарушы; би-ел қамқоршысы,ақылшысы; батыр-ел қорғаушы.

Дискриптор

1.Бұқар жырау шығармаларын тақырыптарға топтайды,негізгі идеясын аша алады.

2.Абылай ханға арнаған жырларын жинақтайды,өлең мазмұнына қарай кейіпкердің әр қырынан таниды.

3.Бұқар жыраудың тарихтағы орны мен қызметі бойынша мәліметтерді жинақтап, дәлелмен айтады.

3.Оқушылар «Ай,Абылай»толғауын мәнерлеп оқиды.Толғау бойынша үш топқа тапсырма беріледі.

1-топ «Ақындар» «Ай, Абылай»толғауының бір шумағын өлең құрылысына қарай талдаңдар.

2-топ «Әдебиетшілер»Жырау қолданған сөз айшықтары.

3-топ «Зерттеушілер»Толғаудың тақырыбы мен негізгі идеясы, шығу тарихы.

Тәрбиелік мәні. Әрқашан кешірімді болу, адамдарға жақсылық жасау.

Идеясы: Әділдіктің жеңіске жетуі,
жақсылықтың салтанат құруын дәріптеу
Жанры: Арнау

Өлең құрылысы: Өлең 11 - 12 буынды, (кейде 7 - 8 буынды жыр үлгісі де араласып келген) 3 бунақты, қара өлең ұйқасымен жазылған.

3) Бейнелі сөздер: эпитет, теңеу сөздерді тауып, теріп жазу.


4) Образдық талдау.

Кейіпкерлер:
Өлеңдегі басты кейіпкерге төмендегі үлгі бойынша образдық талдау жасаңдар.
1. Кейіпкердің сипаты
2. Кейіпкердің мінезі
3. Ұнамды не ұнамсыз әрекеті

Дискриптор

- Кейіпкер бейнесін ашады;

- Шығармаға компазициялық талдау жасайды;

- Дастанда қолданылған көркемдік тәсілін табады;

- Өлең құрылысына талдау жасайды.

«Миға шабуыл»әдісі























АКТ


Топтық жұмыс

А3 парағы

Флипчарт, маркер

Постер қорғау








































Соңы

10 минут

3. «ПОПС формуласы» бойынша праблемалық сұрақтар:

--Менің ойымша...

--Себебі,мен оны былай түсіндіремін...

--Мен оны мына фактілермен дәлелдей аламын...

А)Жоңғар шапқыншылығы кезінде қаншама көсемдеріміз,батырларымыз,ақыл айтар қарттарымыз опат болды.Бейкүнә сәбилер мен анлар да жапа шекті.Халқымыздың амандығын ойлап, жоңғар еліне берілгенімізде қалай болар еді?

Ә)Біздің қазіргі қоғамда кімді хан,кімді би,кімді батыр дер едіңдер?

Б)Бұқар қазіргі таңда өмір сүрсе, не туралы жырлар еді?

--«3,2,1» әдісі(3 сұрақ,2 ұсыныс, 1 тілек) Әр топ бір-біріне 3 сұрақ қойып,2 ұсыныс ,1 тілек айтады.

Үй тапсырмасын беру Жыраудың Абылай ханға арнаған өлеңдерін оқып келіңдер,өздеріңе ұнаған өлеңін жаттап алыңдар,2-тапсырманы дәптерлеріңе орындаңдар

Праблемалық сұрақтарды

«ПОПС формуласы» әдісіне салады.









Кері байланыс

Саралау – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтарм ен байланыс (тәрбиелік элемент)

«ПОПС формуласы» ,ашық сұрақтар арқылы сыни ойлау дағдыларын артыруға ықпал ету.



Кері байланыс пен бағалау критерийлері арқылы бағаланады.

Қазақстан тарихы

Қауіпсіздік ережесі сақталады.АКТ





Ойлану

1.Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары шынайы ма?

2.Бүгін оқушылар нені білді?

3.Сабақ үдерісінде әдістерді тиімді пайдалана алдым ба?

4.Сыныптағы ахуал қандай болды?

5.Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

6. Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? 7.Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Ия, оқу мақсаттары шынайы және қолжетімді. Өлеңнің идеясы арқылы өмірге сабақ болар тәлім алды, поэтикалық талдау жасауды үйренді. «Қос шеңбер» , «ПОПС формуласы» әдістері сабақты бастауда және қорытындылауда жақсы көмектесті.Сынып ахуал өте жақсы болды. Сабақты жоспарлауым, уақытты тиімді пайдалануым жүйелі болды.

Қорытынды бағалау

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.Сабақты «ПОПС формуласы» әдісі арқылы қорытындылау сәтті шықты.


2.Топтардың бір-біріне кері байланыс жасауы оқушылардың білімдерін нақтылауға көмектесті.


Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1. Оқушылардың әдеби тілде жақсы сөйлеуі үшін тапсырмаларды саралау.


2.