САБАҚ ЖОСПАРЫ
Мамандық пен біліктілік атауы: | 0809000- «Мүнай және газ кен орындарын пайдалану» (бейін бойынша) мамандығы, 080922 3 - «Техник-технолог» | Сабақ № | 21 |
Модулдің (пәннің) атауы | Мұнай және газ скважиналарын бұрғылау техникасы мен технологиясы |
Сабақтың тақырыбы | Бұрғылау ерітіндісін даярлайтын және тазалайтын жабдықтар |
Күні: | «02» ақпан 2019 ж. | Ұзақтылығы | 90 мин |
Өтетін орны | 244 |
Тобы | МГ-421.1қ тобы |
Сабақтың мақсаты: | Мазмұндық | 1. Студенттерді бұрғылау ерітінділерін дайындау және тазалау, ерітінділерді дайындауға және тазалауға қажетті жабдықтар жөнінде ақпарат беру. 2. Студенттерге бұрғылау ерітіндісін тазалауға қажетті жабдықтарды таңдауды үйрету. |
Тілдік | 1. Тақырыпқа сәйкес жаңа терминдермен таныстыру (drilling mud-бұрғылау ерітіндісі, cleaning drilling mud-бұрғылау ерітіндісін тазалау, preparation of drilling fluids- бұрғылау ерітіндісін дайындау,, cuttings-шлам, separator-сепаратор, vibrate-вибросито, deaerator-дегазатор) және қатесіз жаза білуді үйрету. 2. Тақырып бойынша жаңа терминдерді оқушылардың сөздіктеріне енгізіп, сөздердің дыбысталуын ұғыну мақсатында оқытушы мен студент арасында сұхбат ұйымдастыру. |
Коммуникативтік | 1. Сұлбаларды оқу бойынша политехникалық қабілеттерін және білімдерін тәжірибеде қолдануды дамыту |
Мәдениетті | 1. Тілді меңгеруде мәдениетті сақтауды үйрету |
Күтілетін нәтиже: | 1. Студенттер бұрғылау ерітінділерін дайындау және тазалау тәсілдерін, ерітінділерді дайындауға және тазалауға қажетті жабдықтар түрлерін біледі; 2. Студенттерге бұрғылау ерітіндісін тазалауға қажетті жабдықтарды түрлерін таңдай және айыра алады; 3. Бұрғылау ерітінділерін дайындау және тазалау жабдықтарын не үшін қажет екенін түсінеді; 4. Студенттер тақырыпқа қатысты кәсіби терминдерді біледі; 5. Студенттер кәсіби терминдерді тәжірибеде қолдана алатын болады. |
Сабақ түрі | Жаңа тақырыпты меңгеру |
Пәнаралық байланыс | Мұнай және газ скважиналарын пайдалану, шет тілі |
Бағалау критерийлері |
«5» | «4» | «3» | «2» |
Тақырыпты толық меңгеріп, берілген тапсырмаларға белсенді жауап беру. Шет тілінде берілген терминдерді және олардың грамматикалық сауаттылығын, сөздікпен жұмыс жасау қабілетін көрсете білу. | Тақырыпты толық меңгеріп, берілген тапсырмаларға орта деңгейде жауап беру. Шет тілінде берілген терминдерді және сөздікпен жұмыс жасау қабілетін көрсете білу. | Тақырыпты орташа меңгеріп, берілген тапсырмаларға белсенді жауап беру. Шет тілінде берілген тапсырмаларға жауап беруге қиналуы. | Мүлдем сабаққа назар аудармай, дайындықсыз отыруы. |
Сабақ барысы |
Кезең | Процесс | Input | Уақыты |
1. Ұйымдастыру сәті | Good morning students! Who is absent? Who is duty today? | | 3 минут |
2. Өткен тақырыптарға шолу, жаңа тақырыпқа қызығушылықтарын ояту, коммуникативтік біліктілікті арттыру. | 1. Өткен тақырыптар бойынша оқытушының сұрақ қоюы арқылы сөзжұмбақты шешу. Әрбір жауапты тапқан студент оны қазақша-орысша-ағылшынша айтуы керек. 2. Оқытушы суреттер көрсету арқылы студенттер жаңа тақырыпты табу. | Активити «Сөзжұмбақ» | 10 минут 5 минут |
3. Тақырып бойынша ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорды толықтыру. | 1. Теориялық мәлімдеу. Жазба жұмыстары бойынша мәтіндерді абзацтарға бөлшектеу 2. Жаңа тақырып бойынша енгізілген терминдерді сөздікке жазу, жаңа сөздердің жазылу және айтылу сауаттылығын тексеру. | «Скаффолдинг» Сөздікпен жұмыс | 20 минут 15 минут |
4. Видео материалының түсінігін бағалау | Тақырып бойынша бейнефильмді қарап, студенттердің жаңа идеяларын талдау. | Активити «Видео» | 20 минут |
5. Рефлексия | 1. Оқытушы студенттерге жаңа материалдағы мәліметтер бойынша сұрақтар койып, студенттерден үштілді жауап алады. 2. Оқытушы студенттерді екі топқа бөледі. Тақтаға сабақтың тақырыбына сай бір сөйлемді алып, сөздерінің орнын шатастырып береді. Топтар тез ойланып, сөйлемді дұрыс құрулары қажет. 3. Оқытушы слайдтан сөйлемдер оқиды. Студенттер шын (қызыл) немесе өтірік (сары) екенін анықтап, қажетті түсті стикерлер көтереді. | Активити «Снежный ком» Активити «Запутанное предложение» Активити «TRUE or FALSE» | 10 минут 5 минут 7 минут |
6. Бағалау | Оқытушы қорытындылап, бағалау критерийлері бойынша студенттерге бағаларын айтады. | | 5 минут |
Қажетті құрал – жабдықтар: | Мультимедиапректор, cөзжұмбақ, стикер, сөздік. |
Қосымша ақпарат көздері: | 1. Ж.Қараулов «Мұнай және газ ұңғыларын бұрғылау технологиясы» Алматы, 2007 2. Бейсенбаев О., Мамытов К. Бұрғылау ерітінділері және оны дайындау технологиясы: Оқулық - Астана:Фолиант, 2014 |
Сабақты өткізу барысы:
1. Ұйымдастырылу сәті:
Амандасу. (Good morning, students!)
Журнал бойынша сабаққа қатысуын және аудиторияның сабаққа дайындығын тексеру.(Who is absent today? Who is duty today?)
2. Өткен тақырыптарға шолу, жаңа тақырыпқа қызығушылықтарын ояту, коммуникативтік біліктілікті арттыру.
1. Өткен тақырыптар бойынша оқытушының сұрақ қоюы арқылы сөзжұмбақты шешу. Әрбір жауапты тапқан студент оны қазақша-орысша-ағылшынша айтуы керек.
1) Скважина түбіндегі қашау мен жер бетіндегі бұрғылау жабдықтарын байланыстыратын звено болып табылады: – Бұрғылау тізбегі – Бурильная колонна - Drill chain
2) Бөлек бұрғылау құбырларын өзара байланыстыруға арналған – Құлып – Замок -
the castle
3) Түптік қозғалтқыштармен бұрғылау кезінде скважина оқпанының қисаюының алдын алу үшін қызмет етеді – Орталықтандырғыш – Центратор - Centralizer
4) Бұрғылау тізбегінің элементтерін қосу түрлерін көрсетеді – Ауыстырғыш – Переводник - Rear window
5) Ротордан айналымды бұрғылау құбырларына беруге арналған – Жетекші құбыр – Ведущая труба - worm pipe
6) Жетекші құбырды ұршықпен және бұрғылау құбырларымен біріктіруге арналған – Штангалық – Штанговый - rod
7) Басқа да тізбек элементтерін біріктіруге арналған – Аралық - Промежуточный
intermediate
8) Ұршық салатын терең емес скважина – Шурф – Шурф - rack
2. Оқытушы суреттер көрсету арқылы студенттер жаңа тақырыпты табу.
Қалай ойлайсыздар, жаңа сабақ тақырыбы не туралы болады?
Оқытушы студенттердің ойын тыңдайды. Кейін жаңа тақырыпты тақтаға жазады.
3. Тақырып бойынша ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорды толықтыру.
«Скаффолдинг»
1. Теориялық мәлімдеу. Жазба жұмыстары бойынша мәтіндерді абзацтарға бөлшектеу
Скважинаны бұрғылау кезінде бұрғылау ерітінділерін дайындау және тазалау ең маңызды процестердің бірі болып табылады. Скважинаны өткізу жетістігі бұрғылау ерітіндісінің сапасына байланысты. Бұрғылау ерітіндісін дайындау дегеніміз – бұл берілген материалдарды өңдеу нәтижесінде қажетті қасиеттерімен алынатын жуу сұйықтығы. Скважинаны бұрғылау тәжірибесінде бұрғылау ерітіндісін дайындаудың әртүрлі технологиялық әдістері қолданылады. Алдыңызда бұрғылау ерітіндісін дайындаудың қарапайым технологиялық сұлбасы берілген. (сурет 1). Бұл сұлбаны қолдана отырып бұрғылау ерітіндісін келесі ретпен дайындайды. 1 сыйымдылыққа белгілі есептелген дисперстік орта мөлшерін (20-30 м3) құяды және 2 сораптың көмегімен 3 ысырма арқылы айдау желісімен 4 гидроэжекторлық араластырғыш арқылы тұйық циклге береді. Қапшықтағы ұнтақ тәрізді материал 6 сыйымдылық аумағына қозғалмалы көтергіш арқылы тасымалданады. Содан кейін екі жұмысшының көмегімен 7 аумақтағы воронкаға 5 қол күшімен ауыстырылады. Қайшылардың көмегімен қапшықтың кесііліп, ішіндегі ұнтақ воронкаға құйылады. Содан соң гидровакуум көмегімен гидроэжекторлық араластырғыш камерасына беріледі. Осы камерада дисперстік орта мен ұнтақтың араласуы жүзеге асырылады. Қосылыс сыйымдылыққа құйылып механикалық және гидравликалық араластырғыштардың 9 көмегімен нақты араластырылады. Қазіргі кезде тәжірибеде бұрғылау ерітінділерін ұнтақ тәрізді материалдардан дайындау технологиясы кеңінен қолданылады. Бұрғылау ерітінділерін дайындау немесе химиялық реагенттермен өңдеу кезінде, әсіресе құрамында қышқыл немесе сілті бар болған жағдайда, жұмысшылар резиналы қолғап, көзілдірік, фартук және етік киюі керек. Бұл сақтану жағдайы сілті мен қышқылдың жұмысшылардың бетін, қолын және киімін тиіп кетуінен сақтандыру үшін қолданылады.
С

кважинадан шыққан бұрғылау ерітінділерін негізінен қайтадан қолдануға болады, бірақ қайта қолдану үшін оны бұрғыланған жыныс бөлшектерінен (
шламнан) тазартылуы керек.
Бұрғылау ерітіндісіне түсетін бұрғыланған жыныс бөлшектері оның технологиялық қасиеттеріне зиянды әсерін тигізеді, қашаудың, гидравликалық түптік қозғалтқыштар және бұрғылау сораптарының жұмыс көрсеткішін төмендетеді. Бұрғылау ерітіндісін шламнан тазартуға кешенді әртүрлі механикалық қондырғылар қолданылады. Олар:
вибросито, гидроциклондық шламұстағыштар (құмбөлгіш, құмтас бөлгіш), центрифуга және
сепаратор (айырғыш). Гидроциклондық құмбөлгішті қолдану
бұрғылау ерітіндісін тазалаудың деңгейін
70 — 80 % пайызға көтереді. Өлшемі 40 мкм болатын шлам алынып тасталынады. Құмтас бөлгішті қолдану бұрғылау ерітіндісін тазалаудың деңгейін 90 % пайызға көтереді. Бұрғылау ерітіндісінің газдалынуы бұрғылау процесінің жұмысына кері әсерін тигізеді.
Біріншіден, жұмсақ жыныстарда бұрғылау жылдамдығы төмендеп кетеді.
Екіншіден, бұрғылау ерітіндісінің тиімді тығыздығынының төмендеуінен скважина қабырғасынының құлауы және газмұнайсу шығуы пайда болады.
Үшіншіден, қабаттық улы газдармен (күкіртсутегі) улану және жарылыс қаупі болады. Айналым ағымына түскен газ бұрғылау ерітіндісінің барлық технологиялық қасиеттеріненің өзгеруіне әкеп соқтырады. Газ көпіршіктері ерітіндіден шламды алып тастауға кедергі жасайды. Газ бұрғылау ерітіндісінде бу, сұйық және еріген күйлерінде кездеседі. Бұрғылау кезінде бу күйіндегі газды газ сепараторы немесе айырғышы көмегімен алыс тастайды. Газ сепараторы бұл клапандармен, аспаптармен, манифольд жүйесімен жабдықталған ыдыс. Бұрғылау ерітіндісі газ сепараторы
10 ішіне құбырша
4 арқылы енгенде ағын жылдамдығы азаяды. Жуу сұйықтығынан қарқынды түрде газ бөліне бастайды және ол сепаратордың жоғарғы бөлігіне жиналып
2 құбырша арқылы факелге жіберіледі. Газдан тазартылған бұрғылау ерітіндісі газ сепараторының төменгі бөлігіне жиналады да, одан кейін
8 желі арқылы шламнан тазартылуы үшін виброситоға жіберіледі. Бірақ егерде жуу сұйықтығының құрамында улы газ болса, мысалға күкірсутегі, онда ағын сепаратордағы жабық құбыр арқылы
дегазаторға жіберіледі. Жуу сұйықтығын нақты газсыздандырылғаннан кейін ғана шламннан тазартуға жіберіледі. Ерітінді құрамында күкіртсутегінің болуы көптеген қиындықтар туғызады.
2. Жаңа тақырып бойынша енгізілген (асты сызылған) терминдерді сөздікке жазу, жаңа сөздердің жазылу және айтылу сауаттылығын тексеру.
Қазақша | На русском | In english |
бұрғылау ерітіндісі | буровой раствор | drilling mud |
бұрғылау ерітіндісін тазалау | очистка бурового раствора | cleaning drilling mud |
бұрғылау ерітіндісін дайындау | приготовление бурового раствора | preparation of drilling fluids |
шлам | шлам | cuttings |
айырғыш | сепаратор | separator |
дірілдеуіш | вибросито | vibrate |
дегазатор | дегазатор | deaerator |
4. Видео материалының түсінігін бағалау
Активити «Видео»
Тақырып бойынша бейнефильмді қарап, студенттердің жаңа идеяларын талдау.
5. Рефлексия
Активити «Снежный ком»
1. Оқытушы студенттерге жаңа материалдағы мәліметтер бойынша сұрақтар койып, студенттерден үштілді жауап алады.
1) Скважинаны өткізу жетісігі неге байланысты:
Бұрғылау ерітіндісінің сапасына – качество бурового раствора -
to the quality of the drilling mud
2) Бұрғылау ерітіндісінің тазалауда гидроциклондық құмбөлгіш қанша пайызға тазалау деңгейін көтереді:
70 – 80 пайыз - 70 - 80 процент - 70 - 80 percent
3) Ерітіндіден шламның алып тасталуына не кедергі жасайды:
газ көпіршіктері – пузырки газа – gas bubbles
4) Бұрғылау ерітіндісінен бос газды алып тастайды:
газ айырғышы – газовый сепаратор – gas separator
5) Бұрғылау ерітіндісін шламнан тазартуға қолданылады:
механикалық қондырғылар – механические установки - mechanical installations
6) Ерітінді құрамында күкіртсутегінің болуы туғызады.
қиындықтар - трудности - difficulties
Активити «Запутанное предложение»
2. Оқытушы студенттерді екі топқа бөледі. Тақтаға сабақтың тақырыбына сай бір сөйлемді алып, сөздерінің орнын шатастырып береді. Топтар тез ойланып, сөйлемді дұрыс құрулары қажет.
1) Скважинаны бұрғылау бірі болып тазалау кезінде бұрғылау ерітінділерін ең дайындау және маңызды процестердің табылады.
2) Қайшылардың воронкаға көмегімен қапшықтың ұнтақ кесіліп, ішіндегі құйылады.
Активити «TRUE or FALSE»
3. Оқытушы слайдтан сөйлемдер оқиды. Студенттер шын (қызыл) немесе өтірік (сары) екенін анықтап, қажетті түсті стикерлер көтереді.
1) Бұрғылау ерітіндісін дайындауда газ сепараторлары қолданылады.
2) Бұрғылау ерітіндісін дайындау дегеніміз – бұл берілген материалдарды өңдеу нәтижесінде қажетті қасиеттерімен алынатын жуу сұйықтығы.
3) Газ көпіршіктері ерітіндіден шламды алып тастауға көмектеседі.
4) Жуу сұйықтығын кез келген уақытта кейін ғана шламннан тазартуға жіберіледі.
5) Қабаттық улы газдармен (күкіртсутегі) улану және жарылыс қаупі болады.
6) Құмтас бөлгішті қолдану бұрғылау ерітіндісін тазалаудың деңгейін 90 % пайызға көтереді.
6. Бағалау
Оқытушы қорытындылап, бағалау критерийлері бойынша студенттерге бағаларын айтады.
Үй тапсырмасы: Берілген жаңа тақырып бойынша конспект жазу. Жаңа термин сөздердің (ағылшын тілінде) жаттап келу.
Әдебиеттер:
1. Ж.Қараулов «Мұнай және газ ұңғыларын бұрғылау технологиясы» Алматы, 2007
2. Бейсенбаев О., Мамытов К. Бұрғылау ерітінділері және оны дайындау технологиясы: Оқулық - Астана:Фолиант, 2014